Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ұлттық құрылтай: келелі кеңестен не түйдік?

Ұлттық құрылтай: келелі кеңестен не түйдік?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сыр өңірінде ұйымдастырылған Ұлттық құрылтайдың V отырысы жоғары деңгейде өтті. Маңызды мінберде ел тағдыры талқыланып, ұлт болашағын айқындайтын нақты шешімдер қабылданды. Құрылтай алаңында көтерілген мәселелер, даму мен жаңғыру жолындағы нақты ұсыныстар кемел келешегімізді қалыптастыру жолындағы сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар. Осы орайда сындарлы шешім алаңында көтерілген мәселелер төңірегінде құрылтай мүшелері мен сарапшылар пікірін білдік, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі:

«Тарихы тереңнен тамыр тартқан Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы батыл шешімдер алаңына айналды. Жиын баянды бастамаларға толы болды деп есептеймін.  Құрылтай мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, жарқын болашағымызды бағдарлайтын маңызды міндеттер жария болды. Президенттің баяндамасында мемлекетіміздің бүгінін бағдарлап, болашағын айқындайтын батыл шешімдер айтылды. Оның ішінде конституциялық өзгерістердің болатындығын, Ұлытау төрінен басталып, Қызылорда төрінде жалғасқан Ұлттық құрылтайдың өзінің миссиясын абыройлы атқарғанын атап өтті. Алдағы уақытта 100 адамнан тұратын Халық кеңесі құрылатындығы да көпке  жария болды. Бұған қоса, парламенттік реформа мен оның бағыт-бағдары айқындалды. Осы ретте,  Парламент ұғымы алдағы уақытта «Құрылтай» деген атаумен аталатынын мәлімдеді. Бұл бірінші кезекте "Күшті – Президент, ықпалды – Парламент, халық үнін еститін – Үкімет" қағидатын қалыптастырып, ұлттық таным мен болмысымызға тән атау болатынына сенім зор».

Бақытжан Ахметбек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторанты:

«Сыр – Алаштың анасы» деп бекер айтылмайды. Тарихи деректерде, 1711 жылы  Арал өңіріндегі Қарақұм аумағында Қазақ хандығының Құрылтайы өткені белгілі. Осы жиында батыл шешімдер қабылданып, қазақ халқын Ұлы Жеңістерге жетеледі. Сондықтан кезекті Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткізілуі  кездейсоқ емес. Өйткені, Сыр шаһары осыдан 100 жыл бұрын, 1925 жылы Қазақ АССР астанасы болып, Қазақ атауын қайта тірілткен қала. 

Сыр өңірінде өткізілген бұл жолғы жиын саяси реформаны жүзеге асыру, Конституцияға өзгерістер енгізу секілді батыл шешімдермен Қазақстан дамуының бағыт-бағдарын айқындай түсті. Сондай-ақ келелі кеңес аясында Парламент атауы «Құрылтай» болып өзгертілетіні де айтылды. Бұған қоса, қазіргі Ұлттық құрылтай таратылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысын тоқтатты. 

Жалпы, Құрылтай алаңында айтылған әрбір ой мен бастамалар билік пен халықтың бір мақсатта жұмылып, кемел келешегімізді қалыптастыруға бағытталған сенімді қадам болды.

Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі:

«Сыр өңірінде өткен кезекте құрылтайда өте ауқымды, елдің болашағын айқындайтын, әрі келешекте қуатты мемлекетті басқарудың структурасын қалыптастыратын келелі ұсыныстар түсті. Ендігі кезекте бұл бағытта конституциялық комиссия табанды жұмыс жүргізетін  болады. Алдағы уақытта заңға да үлкен өзгерістер енгізілетіні мәлім. Президент айтып өткендей, бұл жұмыстардың барлығы да халықтың шешімімен жасалуы тиіс».

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары