Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тауар айналымына қатысатын барлық өнім Ұлттық тауарлар каталогінде (ҰТК) тіркелуі тиіс. Бұл талап сауда көлемінің, соның ішінде онлайн сауданың күрт өсуіне және елдегі цифрландыру үдерісінің жедел дамуына байланысты қабылданған. Жаңа жүйе мемлекет пен бизнес үшін ортақ, бірізді әрі ашық тауарлық деректер кеңістігін қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық тауар каталогі не үшін керек?

Ұлттық тауар каталогі – мемлекеттік деректер базасы, яғни Қазақстанда өндірілетін және импортталатын барлық тауардың бірыңғай цифрлық тізілімі. Ол мемлекет пен бизнес үшін ортақ анықтамалық ретінде қолданылады. Каталогтің негізгі мақсаты – тауар туралы деректерді біріздендіру, есепке алу сапасын арттыру және нарықтағы ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету.

ҰТК аясында әр тауарға бір рет әрі өмір бойына тегін берілетін ұлттық сәйкестендіру нөмірі – NTIN (National Trade Item Number) бекітіледі. Бұл код тауардың «цифрлық төлқұжаты» іспетті. Ол электронды шот-фактураларда, тауарға ілеспе жүкқұжаттарда, фискалдық чектерде, кедендік KEDEN жүйесінде, мемлекеттік сатып алуларда және есеп жүргізу платформаларында негізгі кілт ретінде пайдаланылады.

Ұлттық тауарлар каталогі: нарықты жүйелеу бастамасы

Бүгінгі таңда бір тауардың атауы кеден декларациясында бір бөлек, ал электронды шот-фактурада мүлде басқаша жазылып жүр. Ал ТН ВЭД секілді кең классификаторлар тауардың нақты сипатын ашып бере алмайды. Соның салдарынан бағаға, салыққа, шығу тегіне қатысты түрлі манипуляцияларға жол ашылады. ҰТК осы олқылықтың орнын толтырып, тауарды айналымның барлық кезеңінде бірдей әрі нақты тануға мүмкіндік береді.

Каталогте коммерциялық айналымға арналған базалық атрибуттармен қатар, электронды мемлекеттік сатып алулар үшін кеңейтілген сипаттамалар да тіркеледі. Бұл бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына, бірдей тауарлар арасындағы баға алшақтығын азайтуға жағдай жасайды. Сонымен қатар «отандық өндіруші» деген ұғымды жасанды түрде пайдаланып, жеңілдіктерге ие болуға тырысатын жалған кәсіпорындардың жолын кеседі.

Тұтынушы үшін де ҰТК-ның мәні зор. Чекте тауардың нақты атауы көрсетіледі, ал цифрлық сервистер арқылы оның өндірушісі мен сипаттамасын тексеруге болады. Бұл – денсаулық пен қауіпсіздік мәселесі. Саудадағы ашықтық пен сенім осы жерден басталады.

Бизнеске әсері және цифрлық дамудың кең ауқымы

Заң бойынша ҰТК-ға тауар енгізудің негізгі жауапкершілігі өндірушілер мен импорттаушыларға жүктеледі. Яғни тауар экономикалық айналымға енген сәттен бастап тіркелуі тиіс. Дегенмен өтпелі кезеңде бұрын әкелінген немесе өндірілген, бірақ каталогқа енбеген тауарлар бар. Олар толық сатылып біткенше айналымда қала береді. Осы уақытша кезеңде көтерме саудагерлер мен бөлшек сауда өкілдері де тауарды ҰТК-ға енгізуге міндеттеледі. 

ҰТК сауданы шектемейді. Егер тауарда NTIN болмаса, оған автоматты түрде XTIN деген уақытша код беріледі. Бұл код тауардың тіркелмегенін белгілеп, кәсіпкерге бір ай ішінде ҰТК-ға деректерді енгізіп, тұрақты NTIN алуды міндеттейді. Осылайша бизнес тоқтамайды, ал жүйе тәртіпке келеді.

Кейбір кәсіпкерлер NTIN-ді халықаралық GTIN коды алмастыра ала ма деген сұрақ қояды. Алайда бұл екеуі бірдей емес. GTIN – GS1 ұйымы әзірлеген жаһандық код, оны пайдалану үшін мүшелік пен төлем қажет. Ал NTIN – Қазақстанның ұлттық идентификаторы, тегін әрі тұрақты. GTIN тек қосымша ақпарат ретінде ҰТК картасына тіркелуі мүмкін, бірақ оны алмастыра алмайды.

Мұндай ұлттық каталогтер көрші елдерде бұрыннан бар. Беларусь Республикасында 1997 жылдан бері Мемлекеттік өнімді каталогтеу жүйесі жұмыс істейді. Өзбекстанда тауарлар мен қызметтерге 17 таңбалы ИКПУ коды берілетін бірыңғай электронды ұлттық каталог қолданыста. Бұл елдерде каталогтер салық, кеден, онлайн-касса жүйелерімен толық ықпалдасқан.

Ranking.kz мәліметінше, еліміз 2024 жылғы БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-орынға көтеріліп, онлайн-қызметтер субиндексі бойынша үздік үштікке енген. Ал Өзбекстан мен Беларусь бұл рейтингте айтарлықтай төмен сатыда тұр.

Аlemcloud ұлттық суперкомпьютері TOP-500 рейтингіне енді

Цифрлық серпін мұнымен шектелмейді. Биыл Қазақстан алғаш рет әлемдегі ең қуатты 500 суперкомпьютердің тізіміне енді. 86-орынға «Alem.Cloud», 103-орынға «AI-Farabium» суперкомпьютерлері жайғасты. Орталық Азияда бұл жетістікке жеткен жалғыз ел – Қазақстан. Оның үстіне, ең қуатты кластердің мемлекеттік секторда орналасуы – цифрлық дамудың негізгі драйвері мемлекет екенін көрсетеді.

Осы тұрғыдан алғанда, Ұлттық тауар каталогі – жай ғана деректер базасы емес, Қазақстан экономикасын ашық, әділ және басқарылатын етуге бағытталған стратегиялық құрал. Бірыңғай тауар деректері кеңістігін қалыптастыра отырып, ҰТК елдің цифрлық даму бағытын нақты іспен бекемдейді.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 18:20

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Әлем • Бүгін, 18:15

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Қоғам • Бүгін, 18:02

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 18:00

Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?

Қоғам • Бүгін, 17:55

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Қоғам • Бүгін, 17:50

Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 17:47

Шығармашылық зертхана: Айтман не айтқысы келеді?

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Қарағанды облысының жолдарында 160 полицей жұмыс істеп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:35

Жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Мереке • Бүгін, 17:30

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 17:10

Жеке деректерді қорғау және архивтерді цифрландыру: Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды

Заң • Бүгін, 16:50

«Қазақконцерт» көрерменге мерекелік концертін ұсынды

Мәдениет • Бүгін, 16:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:43

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 18:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары