Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Ұлттық тауарлар каталогі: нарықты жүйелеу бастамасы

Ұлттық тауарлар каталогі: нарықты жүйелеу бастамасы

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Ұлттық тауарлар каталогі (ҰТК) енгізіледі. Бұл жүйе саудадағы әр тауарды бірыңғай базаға тіркеп, дүкендер мен базарлардағы өнім қозғалысын толық есепке алуға мүмкіндік береді. Каталогті қолдану барлық нарық субъектілеріне міндетті болады.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Қазір бір тауарға қатысты дерек өндірушіде бір бөлек, дистрибьютор мен сатушыларда мүлде басқа түрде тіркеледі. Маркетплейстер мен дүкендер де өз каталогтерін жеке жүргізеді. Осыдан тауар бірнеше мәрте қайтала­нып, құжаттарда қателік кетеді, салық­тық есепте сәйкессіздік туындайды. Мұндай жүйесіздікті реттеу мақсатында бірыңғай Ұлттық тауарлар каталогі құрылып жатыр.

Бұл каталог орталықтан­ды­рылған цифрлық жүйеге негіз­деледі. Әрбір тауарға бірегей NTIN коды беріледі. Сол код арқылы өнім барлық жерде бірдей танылады. Тауар картасында оның атауы, құрамы, шығарылған елі, өлшем бірлігі, бренді секілді негізгі мәліметтер көрсетіледі. Бұл карталар тексеруден өтеді әрі өндірушіден бастап кассалық жүйелерге дейін барлық қатысушыға ортақ қолданылады. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, негізгі мақсат – бірыңғай цифрлық платформаны жолға қою.

«Бүгінде елімізде түрлі анық­тамалар мен каталогтер бар. Бұл тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қадағалау мен есепке алу кезінде мәліметтердің қайталануына әкеліп, сәйкессіздік пен қиындық тудырды. Осы мәселені шешу мақсатында Тауарлардың ұлттық каталогін әзірлеу қолға алынды. Ол көтерме және бөлшек саудада, кедендік декларацияларда, чектерде, электронды сауда алаңдарында, бюджетті жоспарлау мен атқару жүйелерінде ортақ дерек көзіне айналады», дейді Ә.Тұрысов.

Ұлттық каталог бизнеске үлкен жеңілдік береді. Кәсіпкерлерге тауар сипаттамасын қайта-қайта енгізудің қажеті жоқ. 1С жүйесіне де, маркетплейске де бір да­йын картаны пайдаланады. Бұл әсіресе тауар түрі көп немесе импорт пен экспортпен айналысатын компанияларға тиімді. Уақыт үнемделеді, қате азаяды, тауарды нарыққа шығару жылдамдайды. Мемлекетке де пайдасы зор. Ұлттық каталог тауар айналымын бақылауға, көлеңкелі схемаларды анықтауға, ҚҚС жинауды реттеуге көмектеседі. Бірегей NTIN коды арқылы тауардың қайдан келіп, қайда кеткенін бақылау жеңілдейді. Тұтынушылар үшін бұл ашықтық деген сөз. Өнімнің құрамы, өндірушісі, сертификаты туралы ақпарат кассаларда, базарларда, сауда алаңдарында қолжетімді болады. Адам не сатып алып жатқанын нақты біледі.

Қазір ҰТК қанатқақты кезеңнен өтіп жатыр. Оған дистрибьюторлар, ірі сауда желілері мен маркетплейстер қатысады. «Anvar», «Small», «Magnum» жүйеге мыңнан астам өнім енгізіп қойған. «Ozon» мен «Halyk Market» те интеграция­ны сынақтан өткізіп жатыр.

Кәсіпкерлерді алаңдататын ең басты сұрақ баға мәселесі екені белгілі. Жаңа жүйе енгізілсе, өнім қымбаттап кетпей ме деген күдік көпшіліктің көкейінде жүр. Бұл ретте Қаржы министрлігі өз ұстанымын ашық айтты. Тауарларды Ұлттық тауарлар каталогіне тіркеу де, NTIN кодын алу да тегін. Яғни кәсіпкерге қосымша шығын жоқ, ал бұл та­уар бағасының өсуіне әсер етпейді.

Қазір Ұлттық каталогте тауар тіркелмегеніне ешқандай әкімшілік жауапкершілік қа­рас­­тырылмаған. NTIN коды бір рет беріледі әрі мерзімсіз қолданылады, оны жыл сайын немесе белгілі бір уақыт са­йын қайта ұзартудың қажеті жоқ. Міндетті түрде пайдалану талабы тек 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл уақыт бизнеске жаңа жүйеге асықпай, сабырмен бейімделуге мүмкіндік береді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Қарапайым мысал кел­тірейін. Бір жүйеде өнім сүт деп жазылған, екіншісінде айран, үшіншісінде ашытылған сүт өнімі деп көрсетілген. Атауы бөлек болғанымен, шын мәнінде бұл бір ғана өнім. Осындай жіктеудегі бытыраңқылық қателікке, ақпа­раттың қайталануына, үдеріс­тердің баяу жүруіне алып келді. Тауарлардың Ұлттық каталогі осының бәрін жояды. Біз атауы, құрамы, өндірушісі және бірегей «National Trade Item Number» бар тауардың бір ғана цифрлық төлқұжатын жасап отырмыз», деді Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов.

Кей адамдар Ұлттық тауарлар каталогін цифрлық таңбалаумен шатастырады. Негізінде бұл екі түрлі жүйе. Елімізде тауарларды жіктеудің үш деңгейлі тәртібі қалыптасып келеді. Бірінші деңгей «Тауарлар мен қызметтердің жіктелуінің жалпы жіктеуіші» деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – тауарларды өте ірі топтарға бөліп санайтын мемлекеттік жүйе. Дүкендегі нақты бір тауарды емес, тауардың жалпы түрін көрсетеді. Мысалы, бұл жүйе «сүт» деп бөледі, бірақ ол сүттің қай бренд екенін, қай зауытта шыққанын, қанша грамм екенін ажыратпайды. Бұл жалпы статистика мен бюджетті жоспарлау үшін қажет. Яғни мемлекет экономикадағы тауар топтарын осы деңгей арқылы есептейді.

Екінші деңгей – Ұлттық та­уарлар каталогі. Бұл – негізгі әрі әмбебап деңгей. Мұнда тауар атауы өндірушімен бірге нақты бекітіледі. Бір өнім бүкіл нарықта бір атаумен, бір кодпен жүреді. Сауда, есеп, салық, талдау бәрі осы деңгейге сүйенеді.

Үшінші деңгей – цифрлық таңбалау. Бұл жүйе әрбір та­уар данасын немесе партиясын ба­қылауға қолданылады. Ол бар­лық өнімге емес, тек белгілі бір тауар топтарына қатысты ен­гі­зіледі. Цифрлық таңбалау көбі­не контрафактімен күресуге, жа­рам­ды­лық мерзімін бақылауға, салық тәртібін күшейтуге бағыт­­талған.

Ұлттық тауарлар каталогі мен цифрлық таңбалау бірін бірі алмастырмайды, әрқайсысының өз орны бар. Ұлттық каталог бүкіл нарыққа ортақ тәртіп орнатады. Ал таңбалау жекелеген тауарлар бойынша бақылауды күшейтеді. Осыны түсіну кәсіпкерлерге де, қарапайым тұтынушыларға да маңызды.

Жаңа салықтық әкімшілендіру ережелерінің күшіне енуіне екі аптадан аз уақыт қалды. Тех­никалық терминологиясы күр­делі көрінгенмен, оның артында елдегі әрбір сауда орнының мүддесі тұр. Іскерлік орта бұл кезеңді әлдеқашан «сын сағаты» деп атап кеткен. «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы бас­қарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің айтуынша, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары реформаның қарқынына ілесе алмай отыр.

«Нормалар міндеттелмей тұрып, бізге түсінікті алгоритм­дер қажет. Кәсіпкерлердің бас­ты наразылығы – «әдіснамалық тығырық». Аванстық төлемдерді қалай жүргізу керек? Сыйлық сертификаттарын қалай есепке алу қажет? Бір чекте тауарлар мен қызметтерді қалай бөлуге болады? Бұл сұрақтар әзірге жауапсыз қалып, осының салдарынан келешекте болуы мүмкін сот дауларына қатысты қауіп тудырып отыр», дейді Т. Жаркенов.

Ал Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың пікірінше, алаңдауға негіз жоқ. 2026 жыл сынақтық пайдалану кезеңі болады. Тауарлардың басым бөлігі каталогте бекітілген кезде ғана жүйе өнеркәсіптік кезеңге өтеді. ҰТК кодтары болмаса электронды шот-фактуралар бұғатталмайды. Мемлекеттік кірістер комитеті жазалаушы емес, проактивті өзара іс-қимылға бағдарланған. Қазір Қаржы министрлігімен, Сауда және интегра­ция министрлігімен келіссөздер үдерісі жанданды. Тараптар бизнес-қауымдастық мүддесін міндетті түрде ескере отырып, Ұлттық тауарлар каталогін дамыту бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеуге келісті.

Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады

Қоғам • Бүгін, 08:23

«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?

Білім • Бүгін, 08:20

Платформа арқылы оқыған тиімді

Қоғам • Бүгін, 08:18

Абай жолы адастырмайды

Руханият • Бүгін, 08:15

Қамқорлық аясы кеңейіп келеді

Қоғам • Бүгін, 08:13

Хакімнің фотосы мен өлеңдері

Абай • Бүгін, 08:10

Келешекпен кездесу

Аймақтар • Бүгін, 08:07

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

Сұхбат • Бүгін, 08:05

Жетімдерді демейтін құжат

Қоғам • Бүгін, 08:03

Әбиба көш бастап тұр

Спорт • Бүгін, 08:00

Жәнібектің табысы

Спорт • Бүгін, 07:55

Орта тола береді

Қоғам • Бүгін, 07:53

«Google»-дың жаңа жүйесі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:48

Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!

Спорт • Бүгін, 07:42

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see201

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see180

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see174

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see167

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see165

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see153

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see152

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see150

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see148

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see141

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see138

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see136

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see132

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see125

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see120

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see118

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see116

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see113

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары