Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Саясаттанушы Қазақстан Ресей қатынастарының жаңа сипатын атады

Саясаттанушы Қазақстан Ресей қатынастарының жаңа сипатын атады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып отыр. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік экономикалық, гуманитарлық және тарихи байланыстар арқылы нығайып келеді.

Соңғы уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары, тарихи жад мәселесіне қатысты мәлімдемелері, гуманитарлық жобалар мен туристік байланыстардың артуы сарапшылар назарын аударды. Сонымен қатар Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапары да қос мемлекет арасындағы диалогтың жаңа кезеңін айқындауы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр.

Қазақстан-Ресей қатынастарының қазіргі сипаты, тарихи жадтың маңызы, жеке дипломатия факторы және өңірлік қауіпсіздік мәселелері туралы әзербайжандық саясаттанушы Ильгар Велизадемен сұхбаттастық.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күні қарсаңында Мәскеуге сапарының маңызын қалай бағалайсыз? Бұл Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы контексінде қандай сигнал береді?

– Ең алдымен, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар дәстүрлі түрде болжамды әрі көптеген бағыттар бойынша өте тығыз екенін атап өткен жөн. Тіпті барлық бағыт бойынша деуге болады. Экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтан бастап гуманитарлық салаға дейінгі байланыстарды қамтиды. Бұған көптеген негіз бар және бұл қатынастардың барлығы прагматизм мен екі елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне негізделген. Сондықтан күрделі геосаяси жағдайға және түрлі өңірлерде, соның ішінде Ресейдің қатысуымен болып жатқан қақтығыстарға қарамастан, Қазақстан қақтығыстық құрамдастан алшақтап, ең алдымен ұзақ тарихы мен терең байланыстары бар екіжақты қатынастарға басымдық беруге тырысады.

Қазақстан Президентінің Жеңіс күні қарсаңында Мәскеуге жасаған сапары Қазақстанның тарихқа құрмет білдіретінін және екіжақты қарым-қатынастарды болашақта да дамытуға мүдделі екенін көрсетеді. Мұндағы символизм тарихи байланыстардың қазіргі және болашақтағы екі ел арасындағы қатынастар сипатын айқындайтынында жатыр.

– Қазақстан Президенті Жеңіс күнін «көз жасымен келетін мереке» деп атап, тарихи жадты сақтауға ерекше назар аударды. Бұл тақырып бүгін Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас сипатына қаншалықты әсер етеді?

– Президент Жеңіс күнін «көз жасымен қарсы алынатын мереке» деп атады. Бұл шынымен де солай. Мәскеу түбінде неміс-фашист әскерлерінің ілгерілеуін тоқтатқан панфиловшылардың ерлігін еске алудың өзі жеткілікті. Мыңдаған, ондаған мың, тіпті жүздеген мың қазақстандық фашизмге қарсы күресте, орыс халқымен және бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы өзге республикалардың халықтарымен бірге шайқасып, өмірін қиды. Сондықтан Қазақстан үшін бұл шынымен де көз жасымен қарсы алынатын мереке. Қазақстан жараланғандарды, босқындарды қабылдап, майданды бар мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Оның үстіне соғыс басталар алдында ел тарихындағы аса ауыр кезеңді бастан өткерді. Соған қарамастан, қазақ халқы жаудың ортақ екенін түсініп, ортақ Отанды және Қазақстанды қорғау қажет екенін жақсы білді. Сондықтан Жеңіс күні әлі күнге дейін көз жасымен еске алынатын мереке болып қала береді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі фашизмге қарсы жанқиярлық күрестің үлгісіне айналды.

– Қазақстан Президенті гуманитарлық байланыстарды, соның ішінде «Сириус» мектептері сияқты білім беру жобаларын дамытуға басымдық берді. Мұндай бастамалардың маңызын қалай бағалайсыз?

– Гуманитарлық байланыстарға, соның ішінде «Сириус» мектебіне келсек, бүгінгі таңда гуманитарлық диалогтың маңызы ерекше. Дәл осындай диалог елдер мен халықтардың бір-бірін жақсырақ түсінуіне, өз ұстанымдарын ашық әрі сенімді жағдайда жеткізуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ақпараттық соғыстар мен жалған ақпараттардың таралуы мемлекетаралық қатынастар мен гуманитарлық байланыстарға айтарлықтай теріс әсер етіп отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан осындай білім беру және гуманитарлық жобалар халықтардың өзара түсіністігін арттырып, ортақ болашақ пен ынтымақтастық үшін сенімді диалог құруға көмектеседі.

– Ресей Қазақстанға келетін туристер саны бойынша бірінші орынға шықты. Сіздің ойыңызша, бұл динамика нені көрсетеді?

– Ресей расында да туристік ағын бойынша бірінші орынға шықты. Бүгінде Таяу Шығыстағы қақтығыстар, Украинадағы жағдай және Ресей мен Батыс арасындағы қатынастардың шиеленісуі аясында ресейліктер жақын шетел елдеріне көбірек назар аудара бастады. Бұл ретте Қазақстан ресейліктер үшін жай ғана көрші мемлекет емес. Еш әсірелеусіз айтуға болады – бұл олар үшін жақын әрі түсінікті орта. Себебі Қазақстанда орыс тілі кең таралған, ал қазақстандық туристік компаниялар ұсынатын қызмет көрсету деңгейі өте жоғары. Қазақстанның курорттары тек аймақта ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал. Қазақстан әлемдік туристік нарықтағы позициясын күшейтіп келеді және мұны ресейліктер де байқап отыр. Олар елдің табиғи сұлулығына қызығып келеді, ал заманауи инфрақұрылым Қазақстанның рекреациялық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді.

– Ресей Президенті Тоқаевтың екіжақты қатынастарды дамытудағы жеке үлесін атап өтті. Бүгінде жеке дипломатия факторы мемлекетаралық диалогтың тұрақтылығына қаншалықты әсер етеді?

– Ресей Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты қатынастарды дамытудағы жеке үлесін атап өтті. Бұл расында да солай, өйткені қазіргі таңда мемлекетаралық қатынастар көп жағдайда ел басшыларының жеке байланыстарына тәуелді. Қазақстан Президенті – тәжірибелі саясаткер әрі дипломат. Ол әлемнің көптеген көшбасшыларымен, тіпті бір-біріне қайшы мүдделері бар елдердің жетекшілерімен де жақсы қарым-қатынас орната білді. Қазақстан мен Ресей президенттері арасындағы сенімді байланыс екі мемлекет арасындағы өзара сенім ахуалын қалыптастырып, туындайтын көптеген мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Дәл осы сенім Қазақстанға ұлттық мүдделерге сүйене отырып, тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуге және сыртқы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

– Қазір Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындық белсенді жүріп жатыр. Сіздің ойыңызша, бұл сапардан не күтуге болады?

– Қазіргі геосаяси жағдайда қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайту аса маңызды. Жаһандық тұрақсыздық пен күрделі халықаралық үдерістерге қарамастан, Қазақстан түрлі мемлекеттермен, соның ішінде Ресеймен де, сенім мен диалог негізінде қарым-қатынас орнатып келеді. Өйткені дәл осы фактор ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды тетік болып табылады. Сенім мен диалог болмаған жағдайда қақтығыстар мен соғыс қаупі арта түседі. Сондықтан алдағы сапар барысында экономикалық, энергетикалық, көлік-логистика, қауіпсіздік және гуманитарлық байланыстарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланады деп күтуге болады.

– Қазақстандағы ардагерлерге төленетін төлемдер көршілес елдермен салыстырғанда шамамен бес есе жоғары. Мұны елдегі әлеуметтік қолдау мен жеңімпаз ұрпаққа құрметтің жаңа моделінің қалыптасуы деп айтуға бола ма?

– Ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселесіне келсек, ең алдымен соңғы онжылдықтарда Қазақстанның экономикалық тұрғыдан едәуір дамыған мемлекетке айналғанын атап өткен жөн. Елдің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, инвестиция көлемі айтарлықтай ұлғайды, экономика әртараптандырылды. Мұның барлығы мемлекетке әлеуметтік мәселелерді тиімдірек шешуге мүмкіндік береді. Ардагерлерге төленетін жоғары төлемдер Қазақстан мемлекетінің әлеуетін және жеңімпаз ұрпаққа деген құрметін көрсетеді. Сонымен бірге жыл өткен сайын ардагерлер саны, өкінішке қарай, азайып келеді. Бұл мемлекетке бұрынғы әлеуметтік қолдау көлемін сақтап, оны қалған ардагерлер арасында қайта бөлуге мүмкіндік береді. Алайда мәселе тек материалдық көмек туралы ғана емес. Бұл – елдің дамуына зор үлес қосқан аға буын өкілдеріне деген құрметтің белгісі. Мұндай қолдау ғасырлар қойнауынан келе жатқан қазақ халқының саяси, әлеуметтік және мәдени дәстүрінің бір бөлігі болып саналады. Мемлекет осы құндылықтарды сақтап, нығайтуға және жас ұрпаққа дәл осы гуманистік қағидаттардың қазақстандық қоғам мен ұлттық болмыстың негізі екенін көрсетуге ұмтылады.

Соңғы жаңалықтар

«Реалдың» 8 ойыншысы «Барселонаға» қарсы ойнамайды: Тізімде Мбаппе де бар

Спорт • Бүгін, 19:57

Ақтау сотының төрағасы Берік Өтеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 19:43

Нұрлан Сабуров Ресейде орыс тілінен тест тапсыра алмай қалды

Оқиға • Бүгін, 19:28

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты

Спорт • Бүгін, 18:19

Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Президент • Бүгін, 17:39

Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 17:19

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

Қоғам • Бүгін, 16:34

Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді

Теннис • Бүгін, 16:11

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59

ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?

Әлем • Бүгін, 15:35

Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған

Әлем • Бүгін, 15:04

Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді

Спорт • Бүгін, 14:44

Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 14:28

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Оқиға • Бүгін, 14:04

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Білім • Бүгін, 13:23

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Мамыр 2026 21:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see111

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see104

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see104

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see101

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see101

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

08 Тамыз 2026 01:23see100

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары