Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Кене шағудан қалай сақтану керек маман кеңесі

Кене шағудан қалай сақтану керек маман кеңесі

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Биыл көктем ерте шығып, күн бірден күрт жылынды. Табиғаттағы жәндіктер де ерте оянды. Соның бірі – кене. Биыл, әсіресе, оңтүстік аймақтарда кене көбейді.

Кенеден сақтану жолы қандай, ал шаққан жағдайда қандай шаралар қабылдау керек, бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы облысы Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Сатыбекова айтып берді.

"Көктем мен жаз мезгілінде табиғат аясына шығушылар саны артып, сонымен қатар кене шағу қаупі де көбейеді. Кенелер – адам мен жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын паразиттер. Сондықтан әрбір азамат кене арқылы берілетін аурулардың алдын алу жолдарын білуі маңызды. Өйткені кенелер арқылы адамға бірнеше жұқпалы ауру жұғуы мүмкін", - дейді Айгүл Сатыбекова.

Кене арқылы жұғатын қауіпті ауру

Кене арқылы неше түрлі ауру жұғуы мүмкін. Олардың ішінде ең қауіптілері:

Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру;

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр өтуімен және қан кету белгілерімен сипатталатын аса қауіпті инфекция;

Лайм боррелиозы – буын, жүйке жүйесі мен жүрекке әсер ететін бактериялық ауру;

Риккетсиоздар және басқа да табиғи-ошақты инфекциялар.

"Кенелер көбінесе шөп арасында, бұталы, ылғалды жерлерде, орман алқаптарында, жайылымдарда, өзен-көл маңында болады", - дейді саниатриялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

© PhotoАлматы облысы Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Сатыбекова

Алматы облысы Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Сатыбекова

© Photo

Кенеден қорғану жолдары

Табиғатқа шыққанда міндетті түрде дұрыс киініңіз. Өйткені кене шақпау үшін киімнің маңызы зор.

"Ашық түсті, ұзын жеңді киім киіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне салыңыз. Сондай-ақ бас киім киіңіз. Негізінен денені мүмкіндігінше толық жабу керек", - дейді маман.

Айтпақшы, мейлінше ашық түсті киім кисеңіз, ашық түстен кенені тез байқауға болады.

Сондай-ақ репелленттерді пайдаланыңыз. Кенеге қарсы арнайы қорғаныш құралдарын, киімге, аяқ киімге, ашық дене бөліктеріне қолдану қажет. Алайда репеллентті пайдалану кезінде нұсқаулықты мұқият оқу маңызды.

"Табиғат аясында жүрген кезде әр 1-2 сағат сайын денеңізді жиі тексеріңіз. Киімді, денені, балаларды, үй жануарларын тексеріп отыру қажет", - дейді Айгүл Сатыбекова.

Кенелер көбіне мойынға, құлақ артына, қолтыққа, шап аймағына, тізе артына жабысады. Серуеннен кейін үйге келген соң міндетті түрде барлық киімді қағып, жуып, душ қабылдау керек.

"Кене денеге бірден қадалмай, бірнеше сағат бойы орын таңдайды. Сондықтан уақытылы тексеру өте маңызды", - дейді маман.

Кене шақса не істеу керек?

Егер кене шақса, ең бастысы – үрейленбеу керек. Кенені қолмен мыжуға, үстіне май құюға, күйдіруге болмайды. Бұл инфекция жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін. Мүмкіндігінше жақын жердегі медициналық ұйымға жүгініп, кенені арнайы құралмен дұрыс алу керек.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Мамыр 2026 18:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see143

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see141

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see140

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see140

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see133

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see133

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see133

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see133

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see132

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see132

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see131

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see131

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see130

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see130

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see130

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see128

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see128

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары