Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Францияға саяхаттап барсаңыз қалта ұрыларынан қалай сақтану керек?

Францияға саяхаттап барсаңыз қалта ұрыларынан қалай сақтану керек?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Францияда Рождество қарсаңында туристер көбейеді.

Алайда қонақтар қарасы қалыңдаған сайын, ұрылардың белсенділігі де арта түседі. Өйткені Париж әлі де Еуропадағы ең «қауіпті» қаланың бірі. Әйгілі шаһарға саяхаттап бара қалсаңыз «қалта ұрыларынан» қалай сақтану керек? 

Quotezone сақтандыру платформасының жаңа зерттеуі былтыр Францияны Еуропадағы қалта ұрлығы ең көп тіркелетін елдердің қатарына қосты. Мұны жергілікті Ішкі істер министрлігінің статистикасы да растайды. Өткен жылы елде  600 мыңнан аса ұрлық тіркелген. Ұрылардан саяхатшылармен бірге жеріглікті тұрғындар да жиі жапа шегеді. Парижде бірнеше жылдан бері тұратын Светлана жақында қалтасындағы смартфонын айырылып қалған.

Светлана Багдасарян, Париж қаласының тұрғыны:

- Автобусқа мінерде құлаққаппен музыка тыңдап тұрдым. Жолақы төлейтін картамды шығару үшін құлаққапты шешіп, ішке кірдім. Екі-ақ секунд өтпей телефонсыз қалдым. Ештеңе сезбедім, себебі автобусқа кіргенде адам бір бірін итеріп ондайды аңғармайсың. Мүмкін мені алдын ала бақылаған шығар деп ойлап қалдым.

Дегенмен көбіне қалта ұрыларының басты нысанасы - туристер. Былтыр Олимпиада кезеңінде Парижге 20 миллионнан астам шетелдік келген. Сиқырлы қаланың сұлулығына тамсанып, сақтықты ұмытып, опық жеп қалған саяхатшылар көп. Әсіресе, ұрылар оларды кезекте, метроды және көрікті жерлерде суретке түскенде торуылдайды. Екі жыл бұрын Еуротурға барған 24 KZ тілшісі Бақыт Топтаеваның жаңа сөмкесін біреулер дәл осылай үптеп кеткен.

Бақыт Топтаева, «24KZ» телеарнасының тілшісі:

- Дәмханада отырған кезде мен рюкзакты қасымдағы орындыққа қойдым, ал шағын сөмкемді өзім отырған орындықтың ыйығына іліп қойған едім. Қай сәтте ұрының оны алып кеткенін өзім де байқамай қалдым. Демалам, серуендеймін, әдемі сүретке түсем деген орнына полицияға барып, Эйфель мұнарасының жан-жағындағы қоқыс жәшіктерін аралаймын деп үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Дегенмен бұл жағдай жақсы шешілді.

Мұнараның маңын айнала сөмкесін іздеген отандасымыға жергілікті тұрғынның бірі көмектісіп, паспортын тауып берген. Бірақ мұндай мейірбан жандар ылғи жолыға бермейді. Былтыр Қазақстанның Франциядағы Консулдығына 94 азамат көмек сұрап жүгінген. Ал биыл жыл басынан 78 қазақстандыққа елге қайтуға арналған куәлік рәсімделген.

Марат Батырқұлов, Қазақстанның Франциядағы консулы:

- Францияға келген Қазақстан азаматы егер паспортын жоғалтса, ол бірден полиция комиссариатына барып, ол жерден анықтама алу керек. Одан кейін тікелей біздіқ Консулдыққа келіп, осы жерден арнайы Қазақстанға қайтып оралуға күәлік деген құжат бар, оны алады. Бұл құжат тек қана елге оралуға жарамды, басқа елдерге, ары қарай саяхатын жалғастыруға жарамайды.

Парижде ұрлық жиі жасалатын жер – қалалық метро. Жергілікті полиция ұрылардан сақтану үшін туристерден қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытпауды сұрайды. Мысалы, көмкеңіздің қалталарын жауып, затыңызды қолыңызда ұстау. Ал вагонға кірген соң есікке жақын тұрмай ішке қарай өтуге кеңес береді. Бұл - ұрылардың қашу жолын қиындатады.

Кейінгі жылдары Парижде қалта тонайтындар арасында балалар мен қыз-келіншектер көбейген. Өйткені қылмыстық топтар жасөспірімдердің мұндай қылмыс үшін жауапкершілігі жеңіл болатынын пайдаланады. Осы себепті қазір елде жасырын патрульдер мен бейнебақылау күшейтілген. Десе де «сақтықта қорлық жоқ» дегенді естен шығармаған абзал.

Авторлары: Айдана Айтбекқызы, Руслан Өміржан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары