Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстанда бір аптада мың жарым адамды кене шаққан: қалай сақтану керек?

Қазақстанда бір аптада мың жарым адамды кене шаққан: қалай сақтану керек?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кейінгі бір аптада Қазақстанда кене шағу салдарынан көмекке жүгінгендер саны жарым мыңнан асты. TengriHealth кенені қандай жағдайда зертханаға апару керегін, оны адам денесінен қалай дұрыс алу қажет екенін және қандай белгілерге назар аудару керегін түсіндіреді.

Кейінгі бір аптада Қазақстанда кене шағу салдарынан көмекке жүгінгендер саны жарым мыңнан асты. TengriHealth кенені қандай жағдайда зертханаға апару керегін, оны адам денесінен қалай дұрыс алу қажет екенін және қандай белгілерге назар аудару керегін түсіндіреді.

Кене шағу: өңірлер бойынша статистика

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, кейінгі аптада елде кене шағудың 1515 жағдайы тіркелген.

Өңірлер бойынша статистика:

Ақмола облысы - 93; Алматы облысы - 299; Шығыс Қазақстан облысы - 467; Жетісу облысы - 109; Қостанай облысы - 36; Солтүстік Қазақстан облысы - 85; Абай облысы - 1; Алматы қаласы - 425.

Иммуноглобулиннің профилактикалық инъекциясын 1462 адам алды.

Энцефалит кенесі: қауіпті кенені сырттай ажыратуға бола ма?

Мамандардың айтуынша, әрбір кене энцефалит немесе басқа да инфекция тасымалдаушысы бола бермейді. Бірақ кез келген кене шағуы назардан тыс қалмауы керек.

Кене шағу арқылы мынадай аурулар да жұғуы мүмкін:

кене энцефалиті; туляремия; Лайм ауруы (кене боррелиозы); Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы; қайталама сүзек; риккетсиоздар.

Бұл аурулардың алғашқы белгілері көбіне кәдімгі вирус инфекциясына ұқсайды: дене қызуы көтеріледі, адам әлсірейді, бұлшықет ауырады. Сондықтан жағдайды бақылап, денсаулық нашарласа, дәрігерге қаралу қажет.

Жақында Жамбыл облысында кене шаққаннан кейінгі алғашқы өлім жағдайы тіркелді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан ер адам көз жұмды. Ол Шу ауданында мал ұстаған және кенеден зардап шеккен жануармен байланыс кезінде жұқтыруы мүмкін. Марқұм дәрігер көмегіне дер кезінде жүгінбеген.

Қандай жағдайда кенені зертханаға апару керек?

Кененің инфекция тасымалдаушысы екенін сыртқы түріне қарап анықтау мүмкін емес. Мұны тек зертханада білуге болады. Ұлттық орталық мамандары адамға жабысқан кененің бәрін бірдей зерттеуге апару міндетті емес екенін айтады.

"Кенені зерттеу жұқтыру қаупін қосымша бағалауға көмектеседі. Алайда талдау нәтижесі әрдайым науқасты әрі қарай бақылау тәсілін, емдеу шараларының көлемін немесе ем ұзақтығын анықтай бермейді", - дейді мамандар.

Тіпті кенеден вирус немесе басқа инфекция қоздырғышы табылса да, бұл адам міндетті түрде ауырады дегенді білдірмейді.

Инфекцияның жұғуына бірнеше фактор әсер етеді:

кене денеде қанша уақыт болды; оның теріге қадалып үлгерген-үлгермегені; буынаяқтының қай түрі екені; шаққаннан кейін оның қаншалықты тез және дұрыс алынғаны; кене энцефалитіне қарсы вакцинаның бар-жоғы; зардап шегушінің иммунитет күйі; шағу оқиғасы орын алған аймақ.

Егер кене тез байқалып, дер кезінде алынса, салдар туындау қаупі әдетте төмен болады. Зерттеу тек адамға инфекция жұғу ықтималдығын бағалайды. Бірақ оның өзі аурудың барын немесе жоғын нақты растамайды.

"Мысалы, кене зақымданса немесе дұрыс алынбаса, бұл зерттеу сапасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан кенені алар кезде оны жаншып алмау өте маңызды. Бұған қоса, адам кене шаққан сәтті байқамай қалуы мүмкін. Қазақстанда жыл сайын науқастар ауру белгілерімен жүгінгенімен, өздерін кене шаққанын есіне түсіре алмайтын жағдайлар тіркеледі", - деп атап өтті мамандар.

Сондықтан дәрігерлер тек талдау нәтижесіне емес, мына жайттарға да назар аударады:

симптомдар; кененің денеде қанша уақыт бойы қадалып тұрғаны; қай жерде шаққаны; сол жердегі эпидемиологиялық жағдай.

Мамандар кене энцефалитінен қорғанудың ең сенімді жолы - вакцина екенін еске салады. Екпе тұрғылықты жері бойынша емханаларда салынады, бірақ ол кене энцефалитінің табиғи ошағында тұратын немесе жұмыс істейтін адамдарға ғана жасалады. Вакцина тұрақты иммунитет қалыптастырып, аурудың ауыр өту қаупін едәуір төмендетеді.

Өзіңізді және балаларды қалай дұрыс тексеру керек?

Ең алдымен мына дене бөліктеріне назар аудару қажет:

мойын; құлақ арты; қолтық асты; шап аймағы; бастағы шаш арасы.

Үй жануарларын да қарап шығыңыз: олар да үстіне кене жабыстырып әкелуі мүмкін.

Кене шақса, алғашқы минуттарда не істеу керек?

Егер денеге жабысқан кенені байқасаңыз, дәрігерлер мүмкіндігінше тезірек жақын маңдағы медициналық мекемеге баруға кеңес береді. Онда кенені алып, иммуноглобулин арқылы шұғыл профилактика қажет пе, жоқ па, соны анықтайды.

Мамандардың түсіндіруінше, зертханалық зерттеулерге сәйкес, тексерілген кенелердің тек 1-3,5 пайызында қауіпті вирустар анықталады. Бұл кенелердің басым бөлігі қауіп төндірмейтінін және жаппай жұқтыру жоқ екенін көрсетеді.

Жақын маңда аурухана болмаған жағдайда кенені қалай дұрыс алып тастау керек? кенені қысқышпен немесе пинцетпен теріге барынша жақын жерінен ұстап тартыңыз; оны теріге перпендикуляр ұстауға тырысып, жоғары қарай баяу қозғалыспен ептеп суырып алыңыз; шаққан жерді антисептикпен өңдеңіз; қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз. 

Қажет болса, кенені герметикалық ыдысқа салып, зерттеуге өткізіңіз.

Кене шағуы. Фото: depositphotos.com

Денеге қадалған кенені алған кезде не істеуге болмайды? оны саусақпен езуге; теріден бұрап шығаруға және тез жұлып алуға; май, спирт, вазелин, тырнақ бояуын қолдануға; кенені күйдіруге тырысуға.

Мұндай әдістер инфекция жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін.

Қандай жағдайда дәрігерге көріну керек?

Шаққаннан кейін 30 күн бойы денсаулық жағдайын мұқият бақылау маңызды.

Дереу дәрігерге көрінуге себеп болатын белгілер:

дене қызуының көтерілуі; бас ауруы; әлсіздік және бұлшықеттердің ауруы; бөртпе пайда болуы; аяқ-қолдың ұюы; сөйлеудің бұзылуы; жүрістің теңселуі; шаққан жердің айналасында шеңбер тәрізді қызарудың пайда болуы (бұл Лайм ауруының тән белгілерінің бірі).  Иммуноглобулин деген не және оның вакцинадан айырмашылығы қандай?

Иммуноглобулин - белгілі бір инфекцияға қарсы дайын қорғаныс антиденелері бар препарат. Ол аурудың даму қаупін азайту үшін инфекция жұғуы мүмкін болған жағдайда шұғыл профилактика ретінде қолданылады.

Вакцина басқа принцип бойынша жұмыс істейді: ол иммунитетті қорғанысты өздігінен өндіруге "үйретеді". Одан кейін қорғаныс біртіндеп қалыптасады және ұзақ уақыт сақталады.

Иммуноглобулин тезірек әсер ете бастайды, бірақ оның әсері уақытша.

Кене шаққаннан кейін қандай жағдайда иммуноглобулин қолданылады?

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының түсіндіруінше, қазақстандық клиникалық хаттамаларға сәйкес, кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактика кене шаққаннан кейінгі алғашқы 96 сағатта (төрт тәулікте) барынша тиімді болады.

"Сондықтан кейбір жағдайларда дәрігер жәндіктің зерттеу нәтижелерін күтпестен, кенеге қарсы иммуноглобулинді енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Мәселе инфекция жұқтыру қаупін бағалағаннан кейін жеке тәртіппен шешіледі", - деп түсіндіреді сарапшылар. 

Шұғыл профилактика әсіресе кене энцефалитінің табиғи ошақтары тіркелген Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласының эндемиялық аумақтары үшін өзекті.

Сонымен қатар, мамандар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін иммуноглобулин де, вакцина да жоқ екенін айтады. Сондықтан Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары ерекше сақ болуы керек.

Бұл аймақтарда инфекция тек кене шаққанда емес, сонымен қатар, олармен жанасқан кезде де жұғуы мүмкін.

Кенеден қорғайтын құралдар: өзіңізді қалай дұрыс қорғауға болады?

Дәрігерлер табиғатқа шығатын болсаңыз, сақтық шараларын сақтау маңызды екенін ескертеді: 

жеңі ұзын және манжеттері бар жабық киім киіңіз; шалбардың балағын шұлықтың ішіне салыңыз; бас киім, биік аяқ киім киіңіз; ашық түсті киім таңдаңыз - оның үстіндегі кенені байқау оңайырақ. Жәндіктерге қарсы репелленттер: оларды қалай дұрыс қолдану керек?

Кенеге қарсы түрлі спрейлер - бұл қосымша қорғаныс. Оларды дұрыс қолдану маңызды:

алдымен құралды киімге себу керек; спрейді теріге жақпас бұрын, алдымен алақаныңызға сеуіп, содан кейін көз айналасы мен шырышты қабықтарға тигізбей, дененің ашық жерлеріне жағыңыз; балаларға қолданғанда репеллентті алдымен ересек адамның алақанына жағып, содан кейін ғана баланың терісіне жағу керек.

Әсіресе шөбі биік немесе бұталы жерлерге, саябаққа, саяжайға, орманға және тауға баратын болсаңыз, репелленттерді пайдалану өте маңызды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Кенесары хан

Денсаулық

сақтандыру

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 12:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары