Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Үміт енді жалғыз емес: Қазақстанда екінші жолбарыс еркіндікке жіберілді

Үміт енді жалғыз емес: Қазақстанда екінші жолбарыс еркіндікке жіберілді

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанда екінші амур жолбарысы – Амур есімді аталық жолбарыс табиғатқа жіберілді. Ол бұрын Үміт атты жолбарыс жіберілген "Іле-Балқаш" резерватын мекендейді, деп хабарлайды Tengri Travel Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Амур табиғатқа жіберілді

Мамандар аталық жолбарысты 31 қазанда табиғи мекендеу ортасына жіберді. Бұған дейін Амур резерваттың арнайы жабдықталған қоршауында тұрақты бақылауда болған.

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Жолбарысты жібермес бұрын ветеринарлар оның денсаулығын тексерді, ал мамандар оның аң аулау дағдыларын, өз бетінше қорек табу қабілетін және адамға реакциясын бағалады. Сынақ нәтижелері Амурдың жабайы табиғатта өмір сүруге дайын екенін растады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің фотосы

Енді резерват қызметкерлері оның қозғалысын спутниктік қарғыбау арқылы қадағалайды.

"Әрбір жолбарысты табиғатқа жіберу – үлкен жауапкершілік. Біз ең алдымен жануардың жабайы табиғатта өздігінен тіршілік етуге дайын екеніне көз жеткізуіміз керек. Сондықтан мұндай шешім оның денсаулығы, мінез-құлқы мен аңшылық қабілеті жан-жақты бағаланғаннан кейін ғана қабылданады. Жолбарыс табиғатқа жіберілген соң да мамандардың жұмысы тоқтамайды. Біз олардың қозғалысын, жаңа ортаға бейімделуін тұрақты бақылауды жалғастырамыз", – деп атап өтті орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.

Оның айтуынша, мамандар оны және бұған дейін табиғатқа бірінші жіберілген Үмітті бақылауды жалғастырады.

Үміт жолбарысы жаңа ортаға қалай бейімделіп жатыр?

Еске салсақ, 31 шілдеде резерватта Үміт жолбарысы табиғатқа жіберілген болатын – 70 жылдан аса уақыт ішінде алғаш рет жолбарыс Қазақстанның жабайы табиғатына оралды. Қазір ол резерват аумағын игеріп, өз бетінше аң аулап жүр.

Үміт жолбарысы / Фото: gov.kz

Комитет өкілдері оның бейімделуі сәтті өтіп жатқанын хабарлады. Резерват қызметкерлері жолбарыстың қозғалысын спутниктік қарғыбау арқылы бақылайды.

Ересек жануарлармен бірге Қазақстанға келген екі жолбарыс күшігі әзірге бақылауда болады. Мамандар оларды жіберу мәселесін жануарлар қажетті жасқа жетіп, сынақтан өткеннен кейін шешеді.

Қауіпсіздікті кім қадағалайды?

Резерватта арнайы қақтығысқа қарсы топ жұмыс істейді. Оның қызметкерлері жыртқыштардың қозғалысын қадағалайды, жергілікті тұрғындармен байланыста болады және ықтимал штаттан тыс жағдайларға әрекет етеді.

"Біз жануарларды бақылауды, олардың мінез-құлқын зерттеуді, аумақты қорғауды қамтамасыз етуді және жергілікті тұрғындармен өзара әрекеттесуді жалғастырамыз. Біз үшін жолбарыстардың сәтті бейімделуі және адамдардың өздерін қауіпсіз сезінуі маңызды", – деді резерват директоры Қанат Қожабеков.

Амур жолбарысы / Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің фотосы

Қазақстан жолбарыстарды не үшін табиғатқа жібереді?

Оңтүстік Балқаш мен Іле өзенінің аңғары тарихи тұрғыдан тұран жолбарысының мекені болған. XX ғасырдың ортасында мекендеу ортасының бұзылуы, жабайы тұяқтылар санының азаюы және браконьерлік салдарынан бұл жыртқыш Қазақстан аумағынан жойылып кетті.

Амур жолбарысы / Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің фотосы

2018 жылы елде "Іле-Балқаш" резерваты құрылды. Мұнда тоғайлы ормандар мен жыртқыштар үшін қорек базасы қалпына келтіріліп, Бұхар бұғылары мен құландар көшіріліп жатыр. Биыл қыркүйекте табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері резерватқа "Алтын-Емел" ұлттық паркінен тағы 30 құланды әкелді.

Амур жолбарысы / Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің фотосы

Популяцияны қалпына келтіру үшін мамандар Тұран жолбарыстарына генетикалық жақындығына байланысты амур жолбарыстарын таңдады. Бағдарламаның мақсаты – табиғатта өз бетінше өмір сүре алатын және көбейетін популяцияны қалыптастыру.

Мән-жайы

Қазақстанда Тұран жолбарысын қалпына келтіру жобасы 2018 жылдан бастап WWF және БҰҰДБ халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Сол жылы Алматы облысында ауданы 415 мың гектардан асатын "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды, онда жыртқыштардың өмір сүруіне қолайлы экожүйені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің фотосы

Биологтардың халықаралық тобы жүргізген генетикалық зерттеулер жобаның ғылыми негізі болды. Зерттеулер жойылып кеткен Тұран жолбарысы мен Ресей аумағында мекендейтін қазіргі амур жолбарысының жақын туыстығын растады. Бұл амур жолбарыстарын пайдалана отырып, реинтродукция бағдарламасын бастауға мүмкіндік берді.

Амур жолбарысының табаны / Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің фотосы

2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға Нидерландтан алғашқы екі амур жолбарысы — аталық Богдан мен аналық Кума әкелінді. Жануарлар Іле-Балқаш резерватына орналастырылды. Жолбарыстар сәтті бейімделді: олар шағылыса бастады, бұл жануарлар үшін жағдайдың қолайлы екендігінің маңызды белгісі болып саналады. 2025 жылғы желтоқсанда экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жолбарыстардың жағдайы тұрақты жақсы екенін айтты.

2025 жылғы қарашада Қазақстан мен Ресей амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу бойынша бірлескен жоспарға қол қойды. Ресей тарапы Қазақстанға тағы төрт жолбарысты - екі аталық пен екі аналықты өтеусіз береді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің биоалуантүрлілігін қалпына келтірудің бір бөлігі ретінде жолбарысты қайтарудың маңыздылығын айтқан болатын.

Тағы оқыңыз:Қазақстандықтарға жолбарыс жақын маңда жүргені ескертіледі

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 15:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары