Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

Үміт пен күдік: ұлттық валютаның нығаюына не себеп және алда не күтіп тұр

Үміт пен күдік: ұлттық валютаның нығаюына не себеп және алда не күтіп тұр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бес себеп: халықтан инвесторға дейін 

Айдың басында ғана доллар 474 теңгеден жоғары саудаланған еді, яғни нығаю процесі санаулы күннің ішінде жүзеге асты десек болады. Бір қарағанда, бұл — экономиканың тұрақталғанының бір белгісі: инфляция бәсеңдеді, теңге құны өсіп жатыр, ақша-несие саясаты қатаң бақылауда. Алайда оң динамиканың астарында бірнеше маңызды фактор мен сұрақ бар. Теңгенің күшеюі жаңа кезеңді білдіре ме, әлде уақытша әсер ме?

Классикалық түсіндірме — мұнай. «Қара алтын» экспорт түсімінің 50%-дан астамын құрайды, оның қымбаттауы нарықтағы валюта ұсынысын автоматты түрде арттыратын білеміз.

— Біз бақылай алмайтын факторлар бар, мәселен, мұнайдың жаһандық бағасы. Егер баға барреліне 150-200 доллар болып, экспорттық валюта түсімі жоғары деңгейде болса, доллар бұдан да төмен түсуі мүмкін, — деген еді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Десе де, мұнай маңызды болғанымен, теңгенің күшеюіне әкелген жалғыз себеп емес. Оның үстіне мұнайдың экономикаға әсері кеш байқалады, бағаның өсуі мен валюта түсімінің нақты бюджет кірісіне айналуына біршама уақыт керек. Демек, теңгенің қысқа мерзімді күшеюін өзге себептермен түсіндіруге болатындай.

Біріншісі — қатаң ақша-несие саясаты. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде ұстап тұр. Инфляция 11,7% болған жағдайда, мұндай базалық мөлшерлеме жақсы табыс әкеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, теңгедегі ақша өзге валюталарға қарағанда әлдеқайда тиімді «жұмыс істейді» деген сөз.

Дәл осы себеп инвесторлардың көбеюіне түрткі болып отыр. Инвесторлар елге шетел валютасын әкеліп, оны теңгеге айырбастайды да, мемлекеттік облигациялар мен депозиттерге салады. Ұлттық банктің мәліметінше, жыл басынан бері бейрезиденттердің мемлекеттік бағалы қағаздарға салған инвестициясы 600 млн долларға артып, шамамен 4,5 млрд долларға жеткен. Бұл — теңгені күшейтетін тікелей валюта ағыны.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Экономист Бауыржан Мәденов екінші себепті азаматтардың қаржылық сауатынан іздеп отыр. Оның сөзінше, кейінгі уақытта халық аз шығындала бастаған.

— Біріншіден, адамдар азық-түлік емес тауарлар мен ірі заттарға жұмсалатын шығынды азайтты. Екіншіден, тұтынушылық несие беру шартының қатаңдауы несиелік ресурстар есебінен қалыптасатын сұранысты тежеп отыр. Демек, импорт азаяды, соның салдарынан импорттаушылар тарапынан валютаға деген сұраныс та төмендейді. Бұл теңге бағамына оң әсерін тигізеді, — деп топшылады сарапшы.

Үшінші себеп — сыртқы қарыздың ұлғаюы. Мемлекет пен квазимемлекеттік сектор шетелден белсенді түрде қаражат тартып жатыр. Қаржы бізге доллармен келгенімен, ел ішінде теңгеге айналады. Соның нәтижесінде шетел валютасының ұсынысы артып, доллар бағамы төмендейді.

Төртінші фактор — алтын саудасы. Соңғы бір жылда алтын бағасы 50%-дан астам өсті. Бұл Ұлттық банктің нарықтағы валюталық теңгерімді сақтау үшін қолданатын доллар сату үрдісін күшейткен болатын. Ескеретін жайт, геосаяси тұрақсыздық кезінде алтын сенімді активке айналып келеді, ал Қазақстан алтын өндіруші ел ретінде қосымша табысқа ие болып отыр.

Бесінші фактор — долларға деген сұраныстың төмендеуі. Әдетте жыл басында іскерлік белсенділік баяулайды, бюджет қаражаты толық игерілмейді, импорт көлемі азаяды. Бұған қоса қазір салық төлеу кезеңі, компаниялар салықты теңгемен төлеу үшін валюта сататыны анық. Мұның бәрі теңге үшін оң серпін.

Қорыта айтқанда, теңге тек мұнайдың арқасында емес, түрлі қаржылық операциялардың жиынтық әсерінен нығайып жатыр.

Ұлттық банк не дейді?

Теңгенің нығаюы жыл басында байқалып, ақпан айында күшейе түскен. Қазір Ұлттық банк бұрынғы саясатын, яғни нарыққа әсіре араласусыз еркін бағам режимін сақтауда. Демек, алдағы уақытта нарық тепе-теңдікті өзі белгілеп, мемлекет реттеуші ретінде оқыс жағдайда ғана әрекет етпек.

Коллаж: Kazinform/Pexels

Алайда, ашығын айтайық, Ұлттық банк доллар бағамы 400 теңге болады деген сценарийді қарастырып отырған жоқ. Бүгінгі болжам — 1 доллар 500 теңге айналасында, әрі-бері 5-7% ауытқу мүмкін, одан өзге өзгеріс күту орынсыз. Мұны нарыққа берілген белгі деп түсінуіміз керек, демек қазіргі деңгей уақытша болуы ықтимал.

Тұрақтылық VS уақытша құбылыс

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев қазіргі шетел валютасының құны уақытша сипат деген ұстанымда.

— Теңгенің құны бұрынғы болжамға қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетті. Мұнай жоғары валюталық түсім әкеліп отыр және Ұлттық қордағы валютаны сату нарықтағы ұсынысты арттырды. Жоғары базалық мөлшерлеме ақшаны теңгеде ұстап тұр, — деп атап өтті сарапшы.

Андрей Чеботаревтың айтуынша, теңгенің нығаюы — уақытша құбылыс, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақтанса, бұрынғы көрсеткішке қайта оралуға дайын болуымыз керек.

Фото: Андрей Чеботаревтің жеке мұрағатынан

— Теңге бағамы экономикалық құрылымның арқасында емес, ақша ағыны мен базалық мөлшерлеме есебінен сақталып тұр. Экономиканы әртараптандыру деңгейі төмен, өңдеу өнеркәсібі нашар, импортқа тәуелділік әлі бар. Сондықтан теңгенің бүгінгі халін жаңа тепе-теңдік деп қабылдамауымыз керек, бар болғаны уақытша конфигурация ғана, — дейді қаржыгер.

Экономист Бауыржан Мәденов те аталған пікірмен келіседі. Дегенмен, оның ойынша, бүгінгі бағам экономиканың негізгі көрсеткішіне сай.

— Қазіргі таңда теңге құны экономиканың негізгі көрсеткіштеріне толық сәйкес келіп тұр. Біріншіден, энергия ресурстары бағасының өсуіне байланысты экспорт артады. Екіншіден, қатаң ақша-несие саясаты carry trade-пен (төмен пайызбен қарыз алып, жоғары пайыздық активтерге салу стратегиясы — ред.) айналысатын портфельдік инвесторларды қызықтырып отыр. Соның салдарынан мемлекеттік облигацияларға бейрезиденттердің инвестициясы өсіп жатыр. Үшіншіден, жыл басынан бері инфляцияның бәсеңдегені байқалады. Бұған өткен жылғы импорттық тауарларға төленген валюта үлесінің әсері бар. Жүргізіліп жатқан салық реформасы инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретінін ұмытпауымыз керек, бұл ЖІӨ өсіміне оң ықпал етеді, — деп түсіндірді экономист.

Фото: facebook.com/baurzhan.madenov

Жағдай өзгермесе, бір доллар 450 теңгеге жуықтауы мүмкін, ал жыл соңына дейін 500–510 теңгеден аспайтын болады.

— Депозит мөлшерлемелері (15% және одан жоғары) бір жылдық мерзімде ықтимал девальвация шығынын өтей алады. Мысалы, бір доллар 465 теңге болса, жылдық 15%-дық депозит кірісі теңгенің 530-ға дейін әлсіреуіне төтеп бере алады. Мұнай бағасы осындай жоғары деңгейде тұрғанда теңге үшін ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпын, — деп түйіндеді Бауыржан Мәденов.

Теңгенің күшеюі әрдайым жақсы емес

Әлеуметтік тұрғыда, әрине, ұлттық валютаның нығаюы тиімді көрінері анық: импорт арзандайды, техника мен азық-түлік бағасы өспейді, инфляция бәсеңдейді. Алайда тұтас экономика үшін жағдай әлдеқайда күрделі.

Андрей Чеботаревтың айтуынша, тым мықты теңге мемлекеттің кірісін азайтады. Мұнай доллармен сатылады, бірақ оны айырбастаған кезде бюджетке түсетін теңге көлемі кемиді. Осылай қаржы жүйесіне салмақ түседі. Экспорттаушылар үшін де жағдай қиындайды: олардың өнімі валютаға шаққанда қымбаттап, пайда мен инвестиция көлемі төмендейді. Сонымен қатар отандық бизнес те зардап шегеді. Себебі импорттық тауар арзандап, отандық өнім бәсекеге қабілетін жоғалта бастайды.

— Бұл жерде «шикізаттық экономиканың күшті валютасы» (Dutch Disease — ред.) атты классикалық әсер пайда болады: бағам сыртқы кірістер есебінен нығаяды, бірақ бұл ішкі сектордың дамуына тұсау. Сонымен қатар жоғары базалық мөлшерлеме несие беру мен іскерлік белсенділікті тежейді. Қысқаша айтсам, «күшті валюта» мен экономиканың әлсіз динамикасы арасында алшақтық арта түспек, — деген ойда сарапшы.

Тағы бір көрсеткіш — қолма-қол ақша нарығы. Биржада теңге нығайғанына қарамастан, айырбастау пункттерінде сатып алу мен сату бағасының айырмашылығы (spread) 5–7 теңгеге дейін сақталып отыр. Мұндай ахуал нарықтың теңгеге сенбейтінін білдіреді.

Іс жүзінде айырбастау орындары бағамның кері кету қаупін ескеріп, өздерін сақтандырып отыр, яғни «белгісіздік сыйақысынан» (uncertainty premium) дәмелі.

Алда не күтіп тұр?

Қысқа мерзімді перспектива тұрғысынан қарасақ, теңге күшін сақтап қалады. Оған жоғары мөлшерлеме, капитал ағыны, салық кезеңі және қаржылық операциялар мүмкіндік беріп отыр. Алайда сарапшылардың пікірінше, жылдың екінші жартысында тепе-теңдік өзгеруі мүмкін. Егер инфляция төмендей берсе, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені түсіруге мәжбүр. Ол жағдайда инвесторлар теңгеге аса құлық танытпайды, нәтижесінде капиталдың бір бөлігі елден кете бастауы ықтимал.

— Негізгі сценарий бойынша, теңге біртіндеп анағұрлым теңгерімді деңгейге дейін әлсірейді. Бірнеше айдан кейін импорт әсерімен бағаның өсуі байқалатын болады, сонымен қатар экспорттаушылардың жағдайы жақсарып, бюджет түсімі артып, отандық өндірушілерге түсетін салмақты азайтады, — дейді Андрей Чеботарев.

Фото: Kazinform/ Freepik

Сарапшы мұнай нарығы мен маусымдық әсерді атаусыз қалдырмады. Сондықтан негізгі сценарий: теңге бағамы ақырындап әлсіреп, бір доллар 480–510 теңге көрсеткішіне дейін барады.

Валюта мәселесінде қарама-қайшылық көп. Бір жағынан, теңгенің нығаюы инфляцияны тежейді, импортты арзандатады және халықтың сатып алу қабілетін арттырады. Екінші жағынан, бұл экспорт пен ішкі өндіріске салмақ түсіріп, бюджет түсімін азайтады. Іс жүзінде әңгіме осы екі ортадағы тепе-теңдік туралы болып отыр.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, теңгенің бүгінгі көрсеткіші — бірнеше фактордың нәтижесі: жоғары мөлшерлеме, шикізат бағасы, капитал ағыны мен ішкі нарық деңгейі. Бірақ мұндай комбинация тұрақсыз. Күшті теңге экономиканың қуаттылығын емес, көбіне қалыптасқан жағдайдың көрінісін білдіреді.

Сондықтан басты назар теңгенің нығайып жатқанында емес, келешекте болуы керек. Ішкі-сыртқы жағдай өзгергенде, теңге осы қалпын сақтап тұра ала ма, жоқ па — мәселе осында. Себебі экономиканың дамуы тікелей теңге бағамына байланысты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 21:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see116

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see114

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see114

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see113

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see112

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see112

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see111

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see111

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see110

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see110

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see110

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see110

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see109

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see109

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see109

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see108

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see108

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see108

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see108

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

07 Шілде 2026 18:48see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары