Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Университеттер Президенттің сенімді серіктесіне айналуға дайын

Университеттер Президенттің сенімді серіктесіне айналуға дайын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгінгі таңда әлем адамзат өркениетінің жаңа кезеңіне аяқ басты. Технологиялық даму мен жасанды интеллекттің өркендеуі өмірдің барлық саласын қайта түрлендіруге кірісті.

Түбегейлі өзгерістер дәуірінде білім мен ғылымның рөлі бұрынғыдан да арта түсері сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзінде: «Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш», – деп атап өтті. Расында да, дамудың даңғыл жолы сапалы білім мен озық ғылым арқылы ғана қалыптасады.

Президент атап өткендей, қазіргі таңда елімізде жоғары білім жүйесі қарқынды жаңғыруда. Соңғы жылдары білім мен ғылымға бөлінетін қаржы көлемі үш есеге ұлғайды. Университеттердің академиялық дербестігі кеңейіп, зерттеу бағытындағы оқу орындарының саны артып келеді.

Қазақстан алдағы үш жылда білім мен технология саласында өңірлік көшбасшы болу бағытын ұстанып отыр. Білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектті кеңінен енгізу ұлттық маңызы бар стратегиялық міндет ретінде басты назарға алынды. Осы мақсатта Президент бастамасымен AI Sana бағдарламасы іске қосылып, жемісті нәтижесін бере бастады. Жасанды интеллект мектептер мен университеттерде міндетті пән ретінде енгізілді. Бұл – жаңа ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи еңбек нарығына бейімдеудің нақты қадамы. Сонымен қатар, елімізде Жасанды интеллект университетін құру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама Қазақстанның цифрлық трансформациясын жеделдетуге және ІТ-мамандар даярлау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Осы ретте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекетіміздің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып келеді. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті ашылып, жасанды интеллект және Big Data кафедрасы жұмыс істей бастады. Жасанды интеллект және криптология ғылыми-зерттеу институттары құрылды. Data Science, бизнес-аналитика және интеллектуалды жүйелер бойынша заманауи білім беру бағдарламалары енгізілді. Сондай-ақ университеттің есептеу инфрақұрылымы 1,94 PFLOPS өнімділігі бар суперкомпьютермен жабдықталды. Оқу үдерісінде және басқару жүйесінде бес интеллектуалды көмекші тиімді жұмыс істеуде. Атап айтқанда:

Farabi-Ask – талапкерлерге арналған виртуалды кеңесші, Farabi Proctoring – онлайн емтихандарды бақылау жүйесі, Law AI – қазақ тіліндегі құқықтық көмекші, UNIVER bot – академиялық анықтама жүйесі, iLearn – студенттердің үлгерімін талдау платформасы. Бұл құралдар білім беруді әділ және баршаға қолжетімді етуге бағытталған.

ҚазҰУ халықаралық серіктестікті де белсенді дамытып, Қытайдың Jiangsu Huibo Robotics Technology компаниясымен бірлесіп «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институтын және Робототехника орталығын құрды.

Институттың басты мақсаты – цифрлық инженерия, жасанды интеллект және робототехника саласында жаңа буын инженерлері мен зерттеушілерін даярлау. Оқу-зерттеу базасы заманауи өнеркәсіптік роботтармен және «цифрлық зауыт» жүйесімен жабдықталған.

Сонымен қатар, Ресейдің Ұлттық ядролық зерттеу университеті (МИФИ) және Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетімен әріптестік негізінде ҚазҰУ филиалдары ашылды. Бұл келісімдер ядролық физика, жоғары өнімді есептеу жүйелері және жасанды интеллект бойынша бірлескен мамандар даярлауға жол ашты.

Бүгінде елімізде 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алса, оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 50-ден астам елден келген 7323 шетелдік студент оқиды. Бұл көрсеткіш университеттің халықаралық беделі мен білім сапасының дәлелі.

Мемлекет басшысының айтуынша, жоғары оқу орындары алдағы уақытта да жан-жақты дамып, білім мен ғылым саласында көшбасшылық рөл атқара бермек. Президент университеттерді «келешектің фабрикасы» деп сипаттай отырып, олардың жаңа идеялар мен зерттеушілік бастамалардың орталығы екенін атап өтті.

«Мықты университеттерде идеялар туып, кедергілер еңсеріледі. Мұнда әділ әрі үйлесімді әлемнің алғышарттары қалыптасады. Жоғары оқу орындары халықтар арасындағы сенім мен ынтымақты күшейтіп, дипломатиялық құндылықтарды дәріптейді. Университет қабырғасында қалыптасқан студенттердің бауырластығы, зерттеушілердің қоғамдастығы және академиялық серіктестік тек ғылым-білім саласында емес, экономика мен қоғамдық өмірде, тіпті саясатта да маңызды өзгерістерге қозғау береді», – деді Президент.

Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Күшті Қазақстанды құру ісінде оқу орындары Мемлекет басшысына әрдайым қолдау көрсетеді. Университеттер жаңа идеялар мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыра отырып, Президенттің елді дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асырудағы сенімді серіктесіне айналуға дайын.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 15:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары