ҰҚК Каспийдегі арнайы іс шаралар туралы айтып берді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазан айында Каспий теңізінде жүргізілген арнайы тексеру және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларының қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген шаралар барысында заң бұзған 126 адам ұсталып, 44 шағын кеме тәркіленді.
"11,5 келі есірткі мен заңсыз балық аулауға арналған жалпы ұзындығы 88 шақырым болатын құралдар тәркіленді. Ауларға түскен бекіре тұқымдас және басқа да балықтардың 2337-сі қайтадан теңізге жіберілді", – деп хабарлады шекарашылар.
Заң бұзғандарға жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды. Осы шаралардың арқасында мемлекетке 840 миллион теңгеден аса шығын келуінің алдын алынды.
ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға теңізде белгіленген ережелерді қатаң сақтау қажетін ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 11:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















