Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Қазақстандықтар Париждегі жалынды апта туралы айтып берді

Қазақстандықтар Париждегі жалынды апта туралы айтып берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Парижде демалған қазақстандықтар кейінгі жылдардағы ең ірі тәртіпсіздіктердің ортасында қалды. Tengrinews.kz олардан Франция астанасындағы аптаның қалай өткенін сұрап білді.

Үйлену тойының мерейтойына арналған сапар наразылықтармен тұспа-тұс келді

Әмір мен Гүлнар Дәулетовтер Парижде бір апта болды. Олар Францияға мерейтойын атап өтуге ұшып барып, 19 қазанда Астанаға оралды.

Сапар мерзімі Франция астанасындағы жаппай тәртіпсіздіктермен тұспа-тұс келді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Әмір Дәулетовтің (@amirdavletov) жарияланымдарынан

17 қазанға дейін наразылық шаралары олардың жоспарына кедергі келтіре қоймаған. Ерлі-зайыпты қаланы аралап, жоспарланған бағдарламаларын жалғастыра берген.

"Полиция көбейіп, дүкендер витриналарын жаба бастады"

17 қазан күні таңертең Әмір мен Гүлнар Парижде мектеп оқушылары мен студенттердің шеруі өтетінін білген, бірақ бұған аса мән бермеген.

Дегенмен акцияға дайындықты бірден байқаған: көшелерде полиция қызметкерлері көбейіп, кейбір дүкендер витриналарын қорғаныс конструкцияларымен жаба бастаған.

"Біз асықпай таңғы асымызды ішіп, естелікке романтикалық суреттерге түсу үшін фотобудкаға бардық, жақындарымызға кәдесыйлар сатып алдық. Түстен кейін кешкі асқа киім ауыстыру үшін қонақүйге бет алдық. Жолда жастардың шеруіне тап болдық – лек шексіз көрінді", – деп еске алады Әмір.

Жұп Париждегі көше шеруіне қатысушылардың фонында / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынды

Оның айтуынша, сол сәтте жағдай қалыпты болған: шеруге қатысушылар ән айтып, қалжыңдасып жүрген және агрессивті көрінбеген.

"Соған қарамастан, біздің қонақүй орналасқан аудан қоршауға алынды. Полиция өте сыпайы түрде кейбір көшелердің жабық екенін және даңғыл бойымен әрірек жүруіміз керектігін ескертті. Нәтижесінде біз шеруге қосылып, жарты сағаттай жергілікті жастармен бірге жүрдік. Көңіл күй көтеріңкі болды: адамдар ән шырқап, көңілді қалжыңдасты", – деді ол.

"Кері қайтуды өтінді"

17 қазан кешке қарай жағдай айтарлықтай өзгерді. Қонақүй терезесінен Әмір мен Гүлнар өрт пен түтінді көріп, көшеден тасырлаған дыбыстар естіле бастаған.

Соған қарамастан, ерлі-зайыпты кешкі асқа шықпақ болған.

Париж көшесіндегі адамдар мен полицейлер, жанында тұрған көліктер және түтін бұлты / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынды

Бірақ олар мейрамханаға жете алмады. Бірнеше орамнан кейін ерлі-зайыптыны тағы да полицейлер тоқтатып, кері қайтуды өтінген.

"Олар бізбен өте сыпайы сөйлесті. Бізге: "Өте өкінішті, бірақ сіздер бұл ауданға өте алмайсыздар. Қонақүйлеріңізге қайтқандарыңыз дұрыс болар" деді. Біз бұрылып, кері қайттық", – деді ол.

Париждің түтін басқан көшесіндегі арнайы киімдегі полицейлер / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынды

Қайтар жолда ерлі-зайыпты тәртіпсіздіктердің салдарын жақыннан көрді: қираған витриналар, өрттер және полициямен қақтығыстар. Бір сәтте көше көз жасаурататын газдың ішінде қалған.

"Бүкіл көше газ түтініне толғандықтан, бетімізді плащтың жағасымен бүркеп қашуға тура келді. Витриналардың талқандалып, өртеніп жатқанын және полициямен қақтығыстарды көрдік. Дегенмен, ең қауіпті оқиғалардың ортасында қалмадық", – деді Әмір.

Париждегі ғимарат жанында жанып жатқан қоқыс және түнгі көшедегі полиция көліктері / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынды

Оның айтуынша, қорқыныш болған, бірақ ерлі-зайыпты дүрбелеңге бой алдырмаған. Олар қонақүйге оралып, кештің соңына дейін сонда болған.

Таңертең Париж үйреншікті өміріне оралды

18 қазан күні таңертең Әмір мен Гүлнар тағы да қалаға шықты. Әмірдің айтуынша, бұл уақытта жағдай тұрақталған, бірақ көшелерде түнгі тәртіпсіздіктердің іздері қалып қойған.

"Біз негізгі оқиғалар болған Революция алаңына дейін серуендеуге шықтық. Жолда қираған витриналарды, өртенген көліктер мен электр велосипедтерін, бояу жағылған ғимараттар мен ескерткіштерді көрдік. Сонымен қатар қала өз өмірімен өмір сүріп жатты: біреулер жазғы террасаларда таңғы ас ішіп отырса, енді бірі жүгіруге шыққан, ал кейбірі жұмысқа асығып барады. Өте қарама-қайшы көрініс", – деді ол.

Париж көшесіндегі өртенген көлік пен электр велосипеді / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынды

Наразылық білдірушілер Париждің Республика алаңында орналасқан Франция Республикасының символы – Марианна мүсініне сары жейде кигізіп қойған / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынды

Логистикалық қиындықтар

Наразылық шаралары қала ішіндегі қозғалысқа да әсер еткен. Акция өткен күні көшелердің бір бөлігі жабылып, келесі күні таксимен қиындықтар туындаған.

"Түстен кейін де такси қызметтері әлі істемей тұрды. Нәтижесінде әуежайға жол жиегінен тоқтатқан көлікпен жеттік", – деді Әмір.

Париждегі дүкендердің қираған витриналары / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынды

Болып жатқан жағдайға қарамастан, ерлі-зайыпты сапарды мерзімінен бұрын тоқтатпады. Әмір қауіпсіздікке алаңдағанын, әсіресе қасында жұбайы болғандықтан және отадан кейін әлі толық оңала қоймағандықтан қобалжығанын мойындады.

Ер адамның айтуынша, наразылықтар сапардың сәнін бұзбаған, керісінше Парижді басқа қырынан көруге мүмкіндік берген. Сонымен қатар ол өрт қою, мародерлық пен вандализмді ақтамайтынын баса айтты.

Ерлі-зайыпты Париждегі көпір үстінде Эйфель мұнарасының фонында суретке түсті / Фотоны Әмір Дәулетов ұсынған

Оның айтуынша, сапар бастапқыда екеуіне арналған жайлы романтикалық демалыс ретінде жоспарланған.

"Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады. Енді бұл классикалық француз киносындағыдай хикаяға айналды: махаббат, Париж және кішігірім революция", – дейді Әмір.

19 қазанда ерлі-зайыпты Астанаға оралды.

Франциядағы наразылық шаралары

Еске сала кетейік, Франциядағы наразылықтар толқыны қыркүйектің екінші жартысында мектеп оқушыларының акцияларынан басталды. Оқушылар мұғалімдер тапшылығы мәселесін шешуді, сыныптардағы бала санын азайтуды және мектеп ғимараттарын ретке келтіруді талап еткен.

Кейінірек оларға студенттер, кәсіподақтар мен басқа да топтар қосылды. 17 қазан кешке қарай бірқатар қаладағы акциялар жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Қатысушылар көліктер мен ғимараттарды өртеп, дүкен сөрелерін қиратып, тонауға көшкен. Лимож қаласында 143 жылдық тарихы бар мэрия ғимараты өртенді. Тәртіпсіздіктерден кейін полиция 2397 адамды ұстады, 997 полицей мен жандарм жараланды, олардың жетеуі ауыр жарақат алды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 16:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see147

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see137

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see136

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see135

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see132

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see129

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see126

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see126

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see122

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see122

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see120

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see117

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see114

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see114

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see114

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see113

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see113

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see112

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see110

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары