Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Еттен нанға дейін: Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тұрғындардың тамақтануы несімен ерекшеленеді

Еттен нанға дейін: Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тұрғындардың тамақтануы несімен ерекшеленеді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандықтар тұтыну шығындарының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайды. Сонымен қатар тамақтану рационы өңірге, табыс деңгейіне және отбасы құрамына қарай айтарлықтай ерекшеленеді. Еліміздің қай өңірінде ет ең көп желінеді, кімдер нан мен көкөністі жөн көреді және ауқаттылар мен аз қамтылған тұрғындардың тамақтануындағы айырмашылық қандай екені EnergyProm сайтында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандықтар тамаққа қанша қаражат жұмсайды?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында қазақстандық отбасылар өздерінің тұтыну шығындарының орта есеппен 53,7 пайызын азық-түлікке жұмсаған.

Үш ай ішінде бір үй шаруашылығы тамаққа орта есеппен 553,4 мың теңге жұмсады. Оның 183,7 мың теңгесі, яғни шамамен үштен бірі ет пен ет өнімдеріне кеткен.

Тоқсан ішінде орта есеппен бір қазақстандыққа 21,6 келі ет, 31,2 келі нан, жарма және басқа да дәнді дақылдар өнімдері, 21,6 келі көкөніс, 18,1 келі жеміс-жидек және 55-ке жуық жұмыртқадан келді.

Бұл ретте қала мен ауыл тұрғындарының тамақтануында өзгешелік бар. Қалалықтар ет, сүт өнімдерін, жеміс-жидек пен жұмыртқаны көбірек тұтынады. Ал ауыл тұрғындары нан мен жарма өнімдеріне басымдық береді.

Мәселен, бір тоқсанда бір қала тұрғынына 22,8 келі еттен келсе, ауыл тұрғынына 19,4 келі тиесілі болды. Сүт өнімдері бойынша бұл көрсеткіш сәйкесінше 66,3 литр мен 53 литрді құрады.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары орта есеппен 34,2 келі дәнді дақыл өнімдерін тұтынса, қалалықтар 29,5 келі пайдаланған.

Қазақстанның қай өңірінде ет көп желінеді?

Сарапшылар мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында ет пен ет өнімдерін ең көп тұтынғандар - Жетісу және Қарағанды облыстарының тұрғындары. Мұнда үш айда бір адамға 25,5 келінан келген.

Маңғыстау облысы бұл көрсеткіштен сәл ғана қалып қойды - 25 келі.

Ет ең аз тұтынылатын өңір - Түркістан облысы (15,8 келі). Одан кейінгі орындарда Шымкент қаласы (16,4 келі) мен Қызылорда облысы (16,7 келі) тұр.

Осылайша, етті ең көп және ең аз тұтынатын өңірлер арасындағы айырмашылық шамамен 1,6 есені құрады.

Осыған ұқсас жағдай сүт өнімдері бойынша да байқалады. Ақмола облысында бір адамға тоқсанына 87,5 литр, Қарағанды облысында 83 литрден келді. Салыстырмалы түрде айтсақ: Қызылорда облысында - 43,1 литр, ал Шымкентте - 44,8 литр.

Жұмыртқаны ең көп тұтынған - Қарағанды облысының тұрғындары (үш айда бір адамға орта есеппен 87 дана). Ең аз көрсеткіш Маңғыстау облысында тіркелді - шамамен 37 дана.

Оңтүстікте нан мен көкөніс көбірек желінеді

Нан, жарма және көкөніс тұтыну бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.

Үш ай ішінде өңірдің әрбір тұрғыны орта есеппен 39,3 келі дәнді дақыл өнімдерін және 27,8 келі көкөніс тұтынған. Бұл - елдегі ең жоғары көрсеткіштер.

Нан мен жарма өнімдерін ең аз тұтынатындар - Алматы қаласы (24,9 келі), Маңғыстау облысы (26 келі) және Астана қаласы (26,1 келі).

Есесіне, бұл өңірлер жеміс-жидек тұтыну бойынша көшбасшылар қатарына енді.

Маңғыстау облысында бір тоқсанда бір адамға 23,2 келі жеміс келсе, Алматыда - 22 келі, Астанада - 21,5 келі болды. Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш - 18,1 келі.

Балық тұтыну жағдайы мүлдем басқаша. Бұл өнімді Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ең көп пайдаланады - тоқсанына бір адамға 6,3 келі. Ал Шымкентте бұл көрсеткіш небәрі 1,2 келіды құрайды. Айырмашылық бес еседен асады.

Ауқаттылар тамаққа үш есе көп қаражат жұмсайды

Тамақтанудағы айырмашылықтар тек тұрғылықты жерге ғана емес, сонымен қатар табыс деңгейіне де байланысты.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың ең ауқатты 20 пайызы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға айына бір адамға орта есеппен 100,4 мың теңге жұмсаған.

Ал ең төмен табысы бар тұрғындардың 20 пайызында бұл шығындар 31 мың теңгені құрады. Осылайша, ауқатты қазақстандықтар азық-түлікке 3,2 есе көп ақша жұмсаған.

Бұл ретте, аз қамтылған отбасылардың бюджетінде тамақ өнімдері үлкен үлесті иеленеді.

Олардың тұтыну шығындарының 57,3 пайызы азық-түлікке кетеді. Еліміздің ең ауқатты тұрғындарында бұл көрсеткіш - 49,6 пайыз.

Үйден тыс жерде тамақтану шығындарындағы айырмашылық тіпті айқын. Ауқатты қазақстандықтар бұған айына бір адамға орта есеппен 5,6 мың теңге жұмсаса, аз қамтылғандар - 600 теңгеден де аз жұмсайды.

Отбасы құрамы да өз әсерін тигізеді. Бір адамнан тұратын үй шаруашылықтарында ет тұтыну тоқсанына 39,4 келі болды. Бес және одан да көп адамы бар отбасыларда әр адамға 15,9 келінан келді. Зерттеуде бұл жағдайдың ішінара үлкен отбасыларда балалардың болуымен байланысты екені атап өтілген.

Қазақстанның қай өңірінде ең құнарлы тамақтану тіркелген?

Талдаушылар рационның калориялылығын да жеке салыстырып көрді. Бұл мәліметтер 2025 жылға тиесілі.

Қазақстандықтар тәулігіне орта есеппен 3284 килокалория тұтынған. Бұл ең төменгі энергетикалық қажеттілік деңгейінен (1867 килокалория) шамамен 1,8 есе жоғары.

Ауылдық жерлердегі тамақтану рационы қаламен салыстырғанда құнарлырақ болып шықты: тәулігіне 3192 килокалорияға қарсы 3445 килокалория.

Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді - 4446 килокалория. Зерттеуде бұл өңірдің тұрғындары нан мен жарма өнімдерін көп тұтынатыны атап өтілген.

Ең төменгі көрсеткіштер Шымкент қаласында - 2744 килокалория және Атырау облысында - 2800 килокалория болды.

Бұл ретте рационының құнарлылығы ең төменгі рұқсат етілген деңгейге жетпейтін қазақстандықтардың үлесі 2023 жылғы 1,4 пайыздан 2025 жылы 0,9 пайызға дейін азайды.

Дегенмен, жоғары калориялылық міндетті түрде толыққанды әрі пайдалы тамақтануды білдірмейді. Бұл көрсеткіш тағамнан алынатын энергия мөлшерін ғана көрсетеді, бірақ рационның қаншалықты теңгерімді екенін бағалауға мүмкіндік бермейді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 16:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see147

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see137

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see136

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see135

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see132

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see129

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see126

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see126

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see122

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see122

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see120

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see117

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see114

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see114

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see114

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see113

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see113

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see112

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see110

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары