Астана тұрғындары жарықтың іркілістеріне шағымданды: не болды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астана тұрғындары электр энергиясының өшуіне шағымдана бастады. "Астана-ӨЭК" компаниясы жарықтың сөну себебін түсіндіріп, электр қуатының қайта берілгенін хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Компанияның мәліметінше, 23 қазанда сағат 14:59-да апаттық ажыратылу болды. Кернеуі 110 киловольт болатын "Достық - Әуежай" әуе электр желісіндегі ақау салдарынан "Әуежай", "Заречная" және "Ишим" қосалқы станцияларына қосылған тұтынушылар уақытша жарықсыз қалды.
Сағат 15:16-да электр қуаты толығымен қалпына келтірілді. Осылайша, жарық 17 минут бойы болмады.
"Жедел-көшпелі бригадалар оқиғаның себептерін анықтау үшін электр желісін тексеріп жатыр", - деп хабарлады "Астана-ӨЭК" АҚ.
Астаналықтардың өзі редакцияға Мәңгілік Ел даңғылы, Түркістан, Қошқарбаев, Керей және Жәнібек хандар көшелері мен басқа да аудандарда жарық өшкенін хабарлады.
Бұған дейін компания электр қуатының уақытша сөнетіні туралы ескерткен болатын. 23 қазанда елорданың түрлі аудандарында электр желілеріне техникалық қызмет көрсету, ағаштарды бұтау және жабдықтарды ауыстыру жұмыстарына байланысты Алматы, Байқоңыр, Нұра және Сарыарқа аудандарында шектеулер жоспарланды.
Тағы оқыңыз: Алматының кей аудандарында жарық өшіріледі: жаңа кесте мен мекенжайлар тізімі
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 16:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















