Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Ұқсатса, биоотын да табыс

Ұқсатса, биоотын да табыс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қала іргесіндегі Садовый ауылында жеке кәсіпкер Бақытжан Мәметхан малдың қиынан биогаз, электр қуатын, тыңайтқыш өндіреді деген хабарды естіген соң жеткенше асықтық. Шын мәнінде солай екен.

Шаруашылықтағы қи­ды пайдаға асыру оңай емес. Шал­ғайдағы шағын ауыл­­дарда тау-теңіз болып үйіліп жатыр. Елді мекенді абаттандырудың өзі қияпат шаруа. Ауыл-аймақ бұл тараптағы дүниені кәдеге асыра алмай отыр. Рас, шаруашылықтар көңді тегін және тиімді тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Сөйтсек, көңнің пайдалы жағы ұқсата алса аз емес екен. Қазір көптеген шаруашылық экологиялық технологияларды пайдалана отырып, көңнен биогаз шығарумен айналысып жатыр. Көңнен алынатын биометан жоғары бағаланады. Алыс-жақын шетелдерге бұл жетістік таңсық емес. Негізі малдың қиынан алынатын биогаз экологиялық таза отын. Сипаты жағынан табиғи газға өте ұқсас. Биогазды кәдімгі отынның баламасына да жатқызуға болады. «Бионұр» жеке кәсіпкерлігі басшысының айтуына қарағанда, шикізат дұрыс өңделсе, тұтас көлемнің 70 пайызы шамасында иіссіз, түссіз биогаз алуға болады. Мұндай отынның бір текше метрі 1,5 кило көмірдің жылуын береді.

– Қиды қайта өңдеумен кешегі кеңес дәуірінде де айналысқан, – дейді кәсіпкер, – мұндай газ бала­масын өндіру ауыр еңбекті қажет етпейді. Арзан, ең бастысы қоршаған ортаға улы заттар шығарылмайды.

Егер шаруашылықта аз ғана мал басы болса, қиын тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады. Ал табын-табын мал бағып отырған ірі шаруашылықтарға қиын. Әр жыл сайын ондаған тонна қиды тасып, жою керек.

– Көңді сапалы тыңайтқышқа айналдыру үшін температуралық режімді үзбей бақылап отыру қажет. Биометан алудың жаңа технологиясы биогаздан қоршаған ортаға токсинді әсері болмайтын етіп шикізатты қайта өңдеуге мүмкіндік береді, – дейді Бақытжан Мәметхан, – биогаз жану кезінде энергия бөліп шығарады. Ал қыздырылған көң өте құнды анаэробты тыңайтқышқа айналмақ. Биогазды тіршілік етуіне отте­гін қажет ете бермейтін бактерия­лардың көмегімен алуға болады. Сон­дықтан биогаз өндіру үшін ең алдымен шикізаттың ашу үдерісі жүретін герметикалық ыдыс керек. Алдымен ыдысты сұйық шикізатпен толтырып, микроорганизмдер өз жұмысын бас­тау үшін белгіленген мөлшерге дейін жоғарылатады. Сұйық көңнен метан жоғары көтеріліп бөлініп шығады. Тазарту кезеңінен өтетін арнайы ыдысқа жинақталады. Әрі қарай оны газ бал­лондарға жинаймыз. Пайдаланылған қи ыдыстың түбіне шөгеді. Оны осы жерден жиі-жиі алып, басқа жерде сақтаймыз. Сұйықтықты ыдыстан сорып алғаннан кейін жаңа көң саламыз. Қидан метан тек оған қолайлы температуралық режім жасағанда ғана бөліне бастайды. Қидың құрамында әртүрлі температурада, әртүрлі жылдамдықта бөлініп шығатын әртүрлі бактерия бар. Температура төмендегенде бактериялардың барлық түрінің белсенділігі азая бастайды. Шикізатты сақтау­дың кемшіліктері туралы да айта кету қажет. Ең бастысы ол тем­ператураның өзгерісіне ұшы­рамауы керек, сонда қысқы уақыт­та көңді жинауға арналған жылы жайды қарастырған жөн.

Кәсіпкердің айтуына қарағанда, алынған өнімнің 70 пайызға жуығы метаннан, 1 пайызы қоспадан (күкіртті сутегі және кейбір ұшпа элементтер) және 30 пайызға жетер-жетпес көмірқышқыл газынан тұрады. Оны отын ретінде қоспалардан тазартқаннан кейін ғана пайдалануға болады. Күкіртті сутегі қосылыстары арнайы сүз­гілер арқылы жойылады.

Фермалардың жанында қондырғыны жасау үшін оңай бөлшектелетін әрі басқа жерге көшіруге болатын конструк­­ция қолайлы. Бүкіл қондырғының негізгі жабдығы биореактор көңді құйып, оны ашытуға арналған ыдыс есебінде. Бұл арада еске сақтайтын бір жай реак­торда оттегінің болмауы. Егер ол болған жағдайда жарылыс болуы әбден мүмкін. Реактордың қақпағы жоғары қысыммен ұшып кетпес үшін резервуар мен қақпақтардың арасында қорғаныс тығыздағыштары қажет. Тағы бір қаперде ұстайтын дүние ыдыс ешқашан тығыз толтырылмауы керек. Кәсіпкердің айтуына қарағанда, барлық көлем­нің бестен бір бөлігі бос болуға тиісті. Көңді қыздырғаннан кейін түзілетін қойыртпақты ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.

– Асылында бұл іс ХVІІІ ғасырда дамыған деседі, – дейді кәсіпкер, – Ян Гельмонт есімді химик көңнен тұтанатын қасиеті барын байқаған. Ғалымның зерттеуін Алессандро Вольта мен Хэмфри Деви жалғастырған. Олар газ қоспасынан метанды тапты. ХІХ ғасырдың орта шенінде Англияда көңнен алынған биогазды көше шамдарын жағуға пайдаланған. ХХ ғасырдың ортасында метан өндіретін бактерия табылған.

Көң биомассасының ыдырауы нәтижесінде алынған газ – табиғи газдың аналогі. Ол ауадан екі есе жеңіл. Метан бу әсерінің пайда болуына қатты ықпал етеді. Сондықтан, көңді қайта өңдеу технологиясы үнемділік қана емес, мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыз жоюдың экологиялық әдісі болып табылады. Ірі қара малдың бір тонна көңінен 50 текше метр газ алынады. Жануарлардың майын қайта өңдегеннен кейін 1300 текше метр газ алынады. Биологиялық газдың тағы бір түрі – қоқыс. Ол елді мекен сыртындағы қоқыс тастайтын орындардағы ыдыраудан пайда болады. Батыс елдерінде бұл қалдықтарды қайта өңдеп, оны отынға айналдыратын құрылғылар қазір­дің өзінде бар. Егер бизнес ретінде қарас­тырсақ, шексіз ресурс.

Кез келген өнеркәсіп өз қалдықтарын жоюға мәжбүр. Бұл қымбат және тиімсіз. Кәсіп­кердің айтуына қарағанда өз қолыңмен жасаған қондырғы арқылы бірнеше мәселені бірден шешуге болады. Мәселен, үйді жылыту, тыңайтқышымен жер телімін тыңайту, төңіректі тазарту. Жаңалықты ақыл таразысына салып сараптай келе, жылыжайға пайдалануға таптырмайтын дүние екен дестік. Сәл ғана таратып айтайық. Солтүстікте күн суытқан соң жылыжайды жылыту үшін қыруар отын керек. Тыңайтқышы өз алдына. Ал осы жаңалықты әрі қарай өрістетіп алып кетсе, дастарқан көкөніске толар еді. Біздің жақта қыс келе көкөністің бағасы аспандап кететіні бар. Өзіндік құны арзан болғаннан кейін бүгінгі күні со­йыл­­дай мәселеге айналып отырған азық-түліктің бағасы да арзандамай ма? Оның үстіне ешбір химиялық тыңайтқыш бо­йына сіңбеген таза, экологиялық өнім. Ауылдағы ағайын картобына түскен колорад қоңызын жоямыз деп жаз бойы химиялық сұйықтықты құйып шығады. Әлгі сұйықтық жауын суы­мен тамырға картоптың түйнегіне сіңеді. Оны жеген адамның ағзасы не болмақ? Адам ағзасымен табиғат қаншама залал шегіп жатыр. Ал кәсіпкердің мына жаңалығы табиғатты да сақтап, тазалықты да реттеп, таза өнім өндіруге мүмкіндік берер еді.

Биогазды жанар-жағар май ретінде пайдалануға әбден болады. Біз «Бионұр» жеке кәсіпкерлігінде болғанымызда, аумағы атшаптырым ғимаратын осы газбен жылытып отырғанын көрдік. Кәсіп­кердің көлігі де газбен жүріп тұр. Тақырыпты тереңдей қаузағанда бұл технология тек Германияда ғана белсенді дамып келе жатқандығын оқып білдік. Себебі мемлекеттік субсидия мен салықтық жеңілдік бар екен. Егер осы жаңалықтан іскер азаматтар құлақтанып, өрістетіп әкетсе, малдың терісі мен жүнін кәдеге асыра алмай жатқан кезімізде тезегінен табыс тапсақ ғанибет емес пе? Газбен өндірісті және тұрғын үйлерді жылытуға, электр энергиясын пайдалануға болады екен. Демек осының бәрі кәдеге асатын дүние.

Биоотынды қосалқы шаруа­шылық­тарда аз мөлшерде өндіру тиімді ме? Ол үшін бірнеше металл бөшке мен қажетті құрал-жабдық болса, әрі пайдалануды білсеңіз жетіп жатыр. Айталық ауылда көгілдір отын жоқ. Бар болса да, оны сатып алу үшін қаражат қажет. Бұл электр қуатымен немесе сұйық отынмен жылытуға қарағанда арзанырақ. Жыл сайын отын, көмір сатып алу қымбаттап барады. Оны жағу да оңай емес. Ал аулаңыздағы арамшөптен, құстың қиынан, малдың көңінен тегін биогаз алу идеясы қызықты емес пе? Бар болғаны биореактор жасасаңыз болғаны. Неміс фермерлерінің көңді пайдаланып, ғимараттары мен тұрғын үйлерін жылыту мәселесін әлдеқашан шешіп тастағанын естіп жүрміз. Әлеуметтік желіде де бұл тақырыпта талай қызықты дүние бар. Әйткенмен, өкінішке қарай, технологияны іс жүзінде қолдану туралы ақпарат аз.

Жаңалығына патентін алған кәсіпкер тиімді дүниенің тетігін үйретуге дайын. Кейбіреу құпия ұстап, тұмшалағысы келген жайды ашық айтып отыр. Сұхбатымыздың соңында тыңайтқышын пайдалан­ғандардың алғыс лебізін тың­датты. Нәтижесі көзге көрініп тұр. Бір ғана мысалын келтіре кетелік. Егінмен айналысатын шаруа қожалығы кәсіпкердің тыңайтқышын биыл пайдаланыпты. Шамамен елу гектар жеріне жетпей қалған. Енді көз салып қарасаңыз, тыңайтқыш себілген алқаптың егіні жайқалып тұр, бітік өсіпті. Ал жетпей қалған жері солғындау. Үйренуге болатын-ақ дүние. Жақсы жаңалыққа ұмтылғанға не жетсін, шіркін!

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see145

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see144

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see142

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see140

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see139

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see139

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see139

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see135

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see134

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see132

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see127

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see123

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see119

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see119

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары