Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Үржарда жүрекке шұғыл операция жасайтын орталық ашылады

Үржарда жүрекке шұғыл операция жасайтын орталық ашылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңа орталықтың ашылуы Үржар ауданы тұрғындарының медициналық көмек алу үшін ауруханаға жету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жүздеген шақырымға созылатын аумақта, әсіресе жаз мезгілінде халық саны бірнеше есе артатын өңір үшін бұл жедел медициналық көмектің қолжетімділігіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе.

Құрылыс ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба аясында жүргізілуде.

Тері арқылы коронарлық араласу орталығының жобасы заманауи медициналық құрал-жабдықтар орналасатын жеке қосымша ғимаратта 12 төсек орнын қарастырады. Жобаның мердігері – «AKM Invest Group» ЖШС. Жобаның жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында сапаны бақылау, белгіленген мерзімдерді сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындау қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта нысан құрылысы аяқталуға жақын.

Жаңа орталықтағы ең маңызды жабдықтардың бірі қан тамырларын жоғары дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік беретін ангиограф аппараты. Сонымен қатар барлық палаталар жасанды тыныс алу аппараттарымен және әр пациенттің жағдайын бақылауға арналған жеке мониторлармен жабдықталады.

Үржар ауданы ондаған елді мекенді қамтиды. Туристік маусым кезінде мұнда келетін адамдар саны күрт артады. Мұндай жағдайда жедел медициналық көмектің қолжетімділігі тек дәрігерлер мен медициналық құрал-жабдықтардың болуына ғана емес, науқастың медициналық мекемеге қанша уақытта жеткізілетініне де байланысты.

Қазіргі таңда шұғыл жүрек операцияларын жасайтын ең жақын орталық Аягөз қаласында орналасқан. Үржар ауданынан оған дейінгі қашықтық – 175 шақырым.

Бүгінде Үржар және Мақаншы аудандарындағы медициналық қызмет 57 519 адам тұратын ауқымды аумақты қамтиды. Қызмет көрсету радиусы 410 шақырымнан асады.

Үржар ауданында медициналық желі 15 дәрігерлік амбулаториядан, алты фельдшерлік-акушерлік және 13 медициналық пункттен тұрады. Мақаншы ауданында тоғыз дәрігерлік амбулатория, екі фельдшерлік-акушерлік және алты медициналық пункт жұмыс істейді.

Бұл аумақтағы денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме жергілікті тұрғындардың санымен ғана шектелмейді. Медицина қызметкерлері 16 шекара бекетіне, үш комендатураға, шекара әскери жасағының жеке құрамына және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Жалаңашкөл көмір разрезінің жұмысшыларына қызмет көрсетеді.

Тағы бір маңызды фактор – туристік маусым. Үржар ауданы Алакөл көліне жақын орналасқан. Жаз мезгілінде көлге миллионнан астам демалушы келеді. Осы кезеңде медициналық қызметке түсетін жүктеме де артады. Әсіресе шұғыл көмек бірнеше минут ішінде қажет болатын жағдайлардың тәуекелі жоғарылайды.

Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Аманжол Искаковтың айтуынша, инфаркт кезінде алғашқы «алтын сағаттың» маңызы зор.

– Инфаркт кезіндегі «алтын сағат» – жай ғана шартты ұғым емес. Науқас мамандардың көмегіне неғұрлым тез жүгініп, қажетті медициналық көмек алса, оның өмірін сақтап қалу және ауыр зардаптардың алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Мұндай жағдайда уақыт минутпен есептеледі. Қазір Үржар ауданындағы жедел жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастар Аягөздегі орталыққа жіберіледі. 2025 жылы ол жерге 189 адам жеткізілді, – деді Аманжол Искаков.

Үржар ауданы мен Аягөз қаласының арасы – 175 шақырым. Аманжол Искаковтың сөзінше, ірі қала үшін бұл қашықтық аса үлкен болып көрінбеуі мүмкін. Алайда шұғыл медициналық жағдайда ол науқас үшін елеулі қауіп факторына айналады.

Мұнда аудан аумағының ұзақтығын, жолдардың жағдайын, ауа райын, сондай-ақ науқасты алдымен шалғай елді мекеннен алып шығып, кейін Аягөзге жеткізуге кететін уақытты ескеру қажет.

Ал Семей қаласынан Үржар ауданы шамамен 560 шақырым қашықтықта орналасқан. Сондықтан ауыр жағдайдағы науқастарды облыс орталығына жедел жеткізу де мүмкін емес.

Үржар ауданы үшін бұл мәселе оның географиялық орналасуына байланысты ерекше маңызды. Ауқымды аумақ жағдайында көршілес қалаға дейінгі салыстырмалы түрде қысқа қашықтықтың өзі шұғыл жағдайдағы науқас үшін өмір мен өлім арасындағы күреске айналуы мүмкін. Ал жаз мезгілінде ауданға келетін адамдар санының күрт артуы жағдайды одан әрі қиындатады.

Аманжол Искаков миокард инфарктісі кезінде тері арқылы коронарлық араласу әдісінің маңызы зор екенін атап өтті. Мұнда да уақыттың әр минуты маңызды. Жүрек бұлшықеті қалыпты қан айналымынсыз неғұрлым ұзақ қалса, зақымдану көлемі соғұрлым ұлғаяды.

– Тері арқылы коронарлық араласу, яғни ТКА – ашық операция жасамай-ақ жүрек артериясындағы қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін әдіс. Бұл тәсіл жүрек бұлшықетін қанмен қамтамасыз ететін тамыр айтарлықтай тарылған немесе толық бітеліп қалған жағдайда қолданылады. Процедура артерияға, көбіне білезік тұсынан, кейде шап аймағынан кішкентай тілік жасау арқылы жүргізіледі. Сол арқылы жіңішке катетер енгізіліп, біртіндеп коронарлық артерияларға жеткізіледі. Процестің барлығы рентген аппаратының көмегімен бақыланады. Осылайша дәрігер қан тамырларының жағдайын нақты уақыт режимінде көріп, қалпына келтіру қажет аймақты дәл анықтай алады. Егер артерия тарылған болса, катетер арқылы сол аймаққа арнайы баллон жеткізіледі. Оны қысқа уақытқа үрлеп, тамырдың саңылауын кеңейтеді. Көп жағдайда осыдан кейін стент – артерия ішінде қалатын және оның қайта тарылуына жол бермейтін шағын металл торлы құрылым орнатылады. Бұл әдістің пациент үшін ашық жүрекке жасалатын классикалық операциядан басты айырмашылығы – кеуде қуысы ашылмайды, ал қан тамырына шағын тілік арқылы қол жеткізіледі, – деп түсіндірді Аманжол Искаков.

Қазіргі уақытта жоба бекітілген жобалық құжаттамаға және құрылыс саласындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Орталықтың іске қосылуы мамандандырылған медициналық көмекті халыққа жақындатып, дер кезінде көрсетілетін көмек арқылы талай науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:23
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 19:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары