Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Ел аумағын қамтыған акция

Үш айда 32 адам қаза тапты

Үш айда 32 адам қаза тапты

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қара жол қателікті кешірмейтіні баршаға мәлім. Түн ауса, қала көшелерінде көлікпен құстай заулайтын «шумахарлердің» желпініп жарысқа түскенін талай көрдік. Жылдамдықты шектен тыс асырудың салдарынан қанша адам бақилық болды? Облыстық полиция департаментінің басшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында біраз шараны қолға алып, жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, жол үстідегі жүгенсіздік азаяр емес.

Жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында құзырлы орган өкіл­дері жақында тағы бір жобаны жүзеге асырды. Олар Тараз қаласының көшелеріне жол апаты кезінде жарамсыз күйге түскен көліктер мен мопедтердің қаңқасын тізіп қойды. Облыс­тық полиция департаментінің бас­шылығы осындай ауыр көрініс арқылы апат санын азайтуға бел буып отыр. Полицейлер бұл жоба алдағы уақытта өз нәтижесін беретініне сенімді.

«Өңірде көлік апатының санын азайту мақсатында жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл үш айда өңірде 377 жол-көлік оқиғасы тіркелгені анықталып отыр. Салдарынан 32 адам өмі­рімен қош айтысса, 564 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Әрине, асығыстық салдарынан адамдардың жан тапсырғаны, дене жарақатын алғаны бәрімізді ойлантады. Қоғамның басты құндылығы адам екенін ешкім қаперден шығармағаны жөн. Қолға алынған нақты жұмыстың нәтижесінде үш айда жол-көлік апатының санын – 0,3, қаза болғандар санын – 3, зардап шеккен азаматтар санын 5 пайызға төмендеттік. Әрине, алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл бағыттағы жұмыс жыл бойы толастамайды», дейді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Ержан Мананбаев.

Қала тұрғындарының айтуын-ша, полиция департаменті іске асырып жатқан жаңа бастама көлік тізгіндеген азаматтарға ой салады. Жалпы, осы бағытта қолға алынған іс-шаралар арқылы жол апатын азайтуға мүмкіндік мол. Өйткені құзырлы орган қызметкерлері шаһар халқымен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр.

«Күре жолда тіркелген кез келген жол апаты жан түршіктіреді. Көліктердің қираған қаңқасын былай да көріп жүрміз. Әр азаматтың отбасы, үйінде күтіп отырған балалары мен бауырлары бар екенін жүргізушілер ұмытпаса деген тілек көкейде атойлап тұрады. Қаланың әр тұрғыны осыны түсінсе игі. Көшеге қойылған көлік қаңқалары «жаман айтпай, жақсы жоқ» деген сөзді еріксіз еске түсіреді. Қалай алып қарасақ та, көшедегі көрініс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыратынына сенім мол. Ең бастысы, әрбір азамат қоғам алдындағы жауапкершілік жүгін сезінсе, жол апаты да азаяды. Сондықтан да көлік жүргізушілері барынша жол ережелерін сақта­ғаны дұрыс», дейді қала тұрғыны Қайсар Қайратұлы.

Тас-талқаны шыққан көліктер шеруі кімді де болсын ойлантпай қоймайтыны анық. Ал полиция қызметкерлері осындай қадамға бару арқылы жолда жүрген жүр­гізушілердің жауапкершілігін күшейтеміз дегенді алға тартып отыр.

Акцияға жас жол инспекторлары да белсенді қатысты. Мектеп оқушылары қала көше­леріне қателікке жол бермеу, қауіп­сіздікті сақтау туралы жа­зыл­ған арнайы ақпараттық бан­нерлерді ұстап шыққан. Осы­лай­ша, жеткіншектер жолдағы балалар қауіпсіздігіне баса мән беру керектігін барынша түсіндіргісі келді.

Тараз 

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see99

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары