Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Ұшақтағы кездейсоқ кездесу шетелдікті үш айдан кейін Алматыға алып келді

Ұшақтағы кездейсоқ кездесу шетелдікті үш айдан кейін Алматыға алып келді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Нидерландық Накиб Қазақстан туралы кездейсоқ ұшақта танысқан екі алматылықтан естіген. Олардың ел туралы әңгімелеріне қызыққаны соншалық, бірнеше айдан кейін Алматыға өзі арнайы келді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Сапарға қалай бел буған?

Осыдан бірнеше ай бұрын нидерландық Накиб Қазақстан туралы мүлдем ештеңе білмеген. Елге деген қызығушылығы Малайзиядан Балиге ұшып бара жатқан ұшақта екі қазақстандықпен кездейсоқ танысқаннан кейін пайда болды.

Накибтің айтуынша, ұзақ ұшу кезінде жаңа таныстары оған Қазақстан, оның табиғаты мен адамдары туралы айтып берген.

"Осыдан үш ай бұрын мен Қазақстан туралы ештеңе білмейтінмін, тіпті мұнда келу туралы ойламаппын да. Малайзиядан Балиге баратын ұшақта алматылық екі жігітпен танысқан соң бәрі өзгерді. Ұзақ ұшқандықтан, олар маған Қазақстан, оның табиғаты мен адамдары туралы көп нәрсе айтты", - деп бөлісті Накиб.

Бұл кездесуден кейін елге деген қызығушылығын әлеуметтік желілер де арттыра түсті. Саяхатшының айтуынша, алгоритмдер оған Қазақстан туралы жазбаларды жиі көрсете бастаған.

"Бұл жігіттер Қазақстан туралы алғашқы әсерім болды және бұл өте жағымды әрі күтпеген жағдай еді. Олар бойымда елге деген қызығушылықты оята білді. Кейінгі айларда Қазақстан туралы қызықты жарияланымдарды жиі көре бастадым - әлеуметтік желі алгоритмдері өз ісін жасады", - деп атап өтті ол.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Nakib (@nvkib)

Алматыда оны не таңғалдырды?

Осы жазда нидерландық Алматыға келді. Оның көзіне түскен ең бірінші нәрсе - қаланың жап-жасыл болғаны.

"Мен Алматыға ұшып келіп, алғашқы күні-ақ қаланың қаншалықты тыныш әрі таза екенін байқадым. Көшелерде жасыл ағаштар мен жарқын гүлдер көп. Ал қаладағы гүл дүкендерінің саны! Сіздер гүлді шынымен қатты жақсы көреді екенсіздер. Бір сәтте мен қатар-қатар орналасқан он шақты гүл дүкені бар тұтас бір көшені көрдім", - деді ол.

Накибтің Алматы көшелерін аралап жүргенде байқаған тағы бір жайт қалаға емес, адамдарға қатысты. Оның айтуынша, өтіп бара жатқандардың қайсысы шетелдік, қайсысы жергілікті екенін ажырату оңай болмаған.

"Шетелдіктерді табу да өте қиын болды, өйткені олар жергілікті ортаға әбден сіңісіп кеткен. Кімнің шетелдік екенін ешқашан дөп басып айта алмайсың", - деп мойындады ол.

Қазақстаннан алған басты әсерлерінің қатарында Накиб жергілікті тұрғындарды, табиғат пен асхананы атады. Әсіресе, өмірінде жеп көрген ең дәмді шашлық есінде қалғанын айтты.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Nakib (@nvkib)

Сонымен қатар саяхатшы елде өзіне ұнамаған бірде-бір нәрсені есіне түсіре алмады.

"Маған ұнамаған ештеңені есіме түсіре алмаймын. Жаңа елге келгенде, әдетте барлық айырмашылықтарды байқайсың. Мен көптеген елде болдым және кей жерлерде маған бірдеңе ұнамаған кездер болды, бірақ Қазақстан жағдайында ондай ештеңе айта алмаймын", - деді ол.

Такси жүргізушісі оны тауға шақырған

Накибтің ең жарқын әсерлерінің бірі такси жүргізушісімен кездейсоқ танысуымен байланысты.

Сапар кезінде олар әңгімелесіп кеткен, ал біраз уақыттан кейін такси жүргізушісі оған хабарласып, тауға бірге баруды ұсынған.

"Жергілікті халық өте мейірімді әрі жақсы мағынада білуге құмар. Қазақстан әлі туристерге толып кетпегені көрініп тұр, сондықтан адамдардың шетелдіктерге деген қызығушылығы сақталған. Мен такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін бір жергілікті жігітпен таныстым. Көлікте біраз сөйлестік, ал бір сағаттан кейін ол маған жазып, келесі күні таңертең бірге жорыққа шығуға келістік. Бұл мұндағы адамдардың қаншалықты қонақжай екенінің бір ғана мысалы", - деді Накиб.

Бұл жорық сапардың ең есте қаларлық сәттерінің бірі болды. Ол Қазақстаннан алған он басты әсерінің тізіміне Үлкен Алматы көліне қарай баратын құбыр бойындағы маршрутты қосты.

"Үлкен Алматы көліне қарай құбыр бойымен жаяу жүру менің үздік 10 әсерімнің қатарына нақты кіреді", - деді ол.

"Бізде тау жоқ, ал елдің жартысы теңіз деңгейінен төмен"

Накибтің Қазақстаннан алған әсерлері көбіне бұл елдің өз отанынан қаншалықты ерекшеленетіндігімен байланысты.

"Мен Нидерландыданмын - бұл өте кішкентай ел, оның жартысы теңіз деңгейінен төмен орналасқан және онда тау жоқ. Сондықтан басты айырмашылық - бұл, әрине, елдің көлемі мен ландшафты", - деп атап өтті ол.

Саяхатшы қазақстандықтардың өз еліне деген көзқарасына да назар аударды.

"Қазақстандықтар өз елін мақтан тұтады және бұл әбден орынды. Олар өте мейірімді және әрқашан көмекке келуге дайын", - деді Накиб.

Ол Қазақстанға келуге кімге кеңес береді?

Накиб Қазақстанға үйреншікті туристік маршруттарды емес, ерекше демалыс пен жаңа әсерлерді қалайтындарға келуге кеңес берді.

"Мен Қазақстанды үйреншікті туристік демалысты - мысалы, Жапонияға, Таиландқа немесе басқа да танымал туристік бағыттарға баруды - қаламайтын және шынайы ұмытылмас әсер алғысы келетіндерге ұсынар едім. Қазір Қазақстан саяхаттауға арналған ең үздік орындардың бірі болар", - деп бөлісті ол.

Накибтің өзі де елді бір сапарда толық көріп үлгермегендіктен, қайта оралуды жоспарлап отыр. Келесі жолы ол міндетті түрде қыста келуді қалайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see147

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see132

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see130

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see129

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see122

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see122

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see121

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see121

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see119

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see111

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see111

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see110

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see110

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see110

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see109

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see109

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see109

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see109

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары