Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

В. Зеленский мен Д. Трамп кездеседі. LIVE

В. Зеленский мен Д. Трамп кездеседі. LIVE

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бүгін Владимир Зеленский Флориданың Палм Бич қаласында Дональд Трамппен кездеседі.

Жиында қос тарап Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы түйінді мәселелерін талқылайды. Осыған дейін Вашингтон тарапы 20 бөлімнен тұратын бітім жоспарын ұсынып, оған Киевтің 90% келіскенін айтқанбыз. Ендігі түйткіл қауіпсіздік кепілдігі мен жер мәселесі болып отыр. Бірер сағаттан соң басталатын жиынға дейінгі ахуал қалай?

Ердана Ержанұлы, тілші:

- Армысыз! Батыстық БАҚ өкілдері Киев өңіріндегі әскери қақтығыспен қатар Трамппен кездесу алдындағы Зеленскийдің Канадаға баруын да талқылап жатыр.

Канада, Халифакс

Украина президенті кеше Атлант мұхитын кесіп өтіп, Канаданың шығысында орналасқан Халифакс қаласында, сол елдің премьер-министрі Марк Карнимен кездесті. Канадалық саясаткер Украинаға 2.5 млрд доллар көлемінде экономикалық көмек беретінін хабарлады. Осылайша Оттава Киевке көмектескен үлкен жетілік елдерінің ішіндегі ең ірі демеуші болып отыр. Соңғы төрт жылда канадалық қолдау 22 млрд долларға жуықтаған. Және осы кездесуге дейін Президент Зеленский АҚШ-пен талқыланытын мәселелердің бірқатарын, әсіресе, Украинаның 2040 жылға дейінгі ұзақ мерзімді өркендеуіне арналған жол картасын АҚШ-пен бірге әзірлеп жатқанын Х желісінде былай деп баяндады.

Украинаны қалпына келтіру үшін $700-800 млрд қажет

ЦИТАТА

Владимир Зеленский, Украина Президенті

“Бұл құжатта ұлттық даму мақсаттары, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, босқындардың елге қайтып оралуы, жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнімнің өсуі, жаңа жұмыс орындарын құру, қауіпсіздік кепілдіктері секілді басым бағыттар қамтылған. Сонымен қатар халықаралық нарықтарға қол жеткізу және Еуропалық одаққа мүшелікке өту перспективасы да назарда. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған нақты мақсаттар мен стратегиялар белгіленген. Алдын ала бағалау бойынша, елді қалпына келтіруге 700–800 миллиард доллар көлемінде инвестиция қажет”. 

Ердана Ержанұлы, тілші:

- Осының бәрін жүзеге асыру үшін бірнеше қор құрылатынын, ол мақсатта АҚШ-пен серіктестіктің маңыздылығын атады. Әрине экономикалық қиындықтар Вашингтонмен келісіп шешетін жалғыз мәселе емес. 

Трамп-Зеленский кездесуі не жайлы болады?

АҚШ, Флорида

Осыдан біраз бұрын Аксиос арнасына берген сұхбатында Зеленский АҚШ-тың Украинаға ұзартылуы мүмкін 15 жылдық қауіпсіздік кепілдігін ұсынғанын айтқан еді. Алайда Киев “15 жылдан да ұзағырақ әрі заңмен бекітілген қорғанысты” қалайтынын алға тартқан. Бұл тақырып бүгінгі кездесуде талқылануы әбден мүмкін. Оны да бақылауға аламыз. Сондай-ақ аталған 20 бөлімдік бейбітшілік жоспарында “НАТО-ға ұқсас” қауіпсіздік кепілдігі де кеңінен сөз болып жүр. Яғни 5-артикль қағидасына ұқсас форматта “Украинаға шабуыл күллі НАТО-ға шабуыл ретінде қабылданады” деген ұғымды тілге тиек еткендер көп. Бірақ оның бағанағы 90% келісілген мәміленің ішіне кірген-кірмегені әзірге белгісіз. Себебі ең басты мәселе Украинаның аумақтық тұтастығы болып отыр. Атап айтқанда, Луганск пен Донецк аймақтары. Вашингтон сол жерде “еркін экономикалық аймақ құру” ұсынысын алға тартып, жағдайдың тігісін жатқызып көргісі келген. Дегенмен, бұл жөнінде де толық ақпарат ресми жарияланбады. 

Ердана Ержанұлы, тілші:

- Сондай-ақ Зеленский Трамппен жер мәселесін, қауіпсіздік кепілдігін өзі қалағандай бір жақты келісе алмаса, 20 бөлімнен тұратын жоспарды, әсіресе, жер мәселесін халықтық референдумға салатынын айтты. Әйткенмен, оған дайындалып, дауыс жиналуы үшін соғыс әрекеттері 60 күнге тоқтауы керек деген талап та бар екендігі мәлім болды. Және үшінші түйткілді мәселе Запорожье атом электр станциясының тағдыры болып отыр. 

АҚШ, Флорида

Бір аптадан бері Дональд Трамп Вашингтонның суығынан кетіп, Флоридадағы Мар-а-Лаго атты жылы резиденциясында жатыр. Рождество мерекесін, маңызды кездесулерді сол жақта өткізді. Және Украина-Ресей арасындағы бейбітшілік келісіміндегі соңғы сөз тек менде болады деп шорт кесіп отыр. Ақ үй кездесу Астана уақытымен бүгін түнгі 23:00-де басталатынын мәлімдеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Желтоқсан 2025 00:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары