Трамп Зеленский мен Путинге келісімге келуді ұсынды
Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Желідегі постын Трамп Зеленскиймен кездесу «өте қызықты әрі жылы» өткенін баяндаудан бастайды.
– Бірақ мен оған да, президент Путинге де адам өлтіруді доғарып, келісімге келетін уақыт жеткенін айттым! Қан айтарлықтай төгілді, меншіктің шекаралары соғыс пен ерік-жігер арқылы анықталады. Олар қазіргі тұрған тұста тоқтауы керек.
Екі тарап та жеңіске жетсін, тарих өзі төресін айтады! Атыс тоқтасын, енді өлім болмасын, енді ауыр әрі шексіз шығындар болмасын. Мен президент болғанда, бұл соғыс мүлде басталмас еді. Аптасына мыңдаған адам қаза тауып жатыр — жетер, үйлеріңізге, отбасыларыңызға бейбіт оралыңыздар! – деп жазды Дональд Трамп өз жазбасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйде кездескенін жазғанбыз.


