Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

Тығыз байланыс. Грузия премьер министрі Астанаға неге келді?

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

Ясауи цифрлық дәуірде де өзекті

Ясауи цифрлық дәуірде де өзекті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Осындай рухани-әлеу­мет­тік кеңістікте адам өзін қайта тануға мәж­бүр болады. Бұл тек психология­лық немесе әлеуметтік сұрақ емес, бұл – өркениеттік сұрақ. Адам кім, оның ішкі тәртібі неден құралады, ол нені мақсат ете­ді деген мәселелер қайтадан ортаға шығып отыр. Мұндай жағ­дайда біз тарихқа, дәс­түрге және рухани мұраларға қайта үңі­­леміз. Солардың ішінде ерекше орны бар тұлға – Қожа Ахмет Ясауи бей­несі. Бірақ Ясауи туралы қоғам­дық са­нада ұзақ уақыт бойы бір­жақты, тар бейне орныққанын айтуымыз керек.

Оның ілімі ұзақ уақыт бойы қоғамдық санада және ресми тарихнамада бірөлшемді, концептуалды түрде шектелген деңгейде сипатталып жүрді. Ясауи дүниеден безген, әлеуметтік өмірден оқшауланған, мистикалық транста ғана өмір сүрген классикалық аскет-сопы ретінде көр­се­тілді. Мұн­дай бейне оның түркі халық­та­рының тарихындағы, мем­лекеттілігі мен мәдениетіндегі интел­лектуалдық, әлеуметтік-эти­ка­лық және өркениеттік рөлін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Ясауи тұлғасына қатысты осындай танымдық шектеулер мынадай бірнеше қабатта көрінеді: оның ілімі тек мистикалық тәжірибе ретінде түсіндірілді, әлеуметтік ойы еленбеді, экономикалық-этика­лық көзқарастары назардан тыс қалды, оның өркениеттік ықпалы көлегей­лен­ді, ал Ясауи мектебі тек діни феномен ретінде ғана қарастырылды.

Ал шын мәнінде Ахмет Ясауи – түркі руханиятының интел­лект­уал­дық және этикалық архитектурасын қа­лып­­тастырған ірі ойшыл еді. Оның мұ­ра­сы түркі халықтарының рухани өзе­гін қалыптастырған кілт, қазақылық санамыздың қалыбы болатын.

Түркі дүниесіндегі адамгер­шілік тү­сініктері, ар мен ұят мәдениеті, үл­кен­ді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, адал еңбек пен қанағат ұғымдары ғасырлар бойы дәл осы Ясауи дүние­та­нымымен са­бақ­тасып дамыды. Ясауи фило­со­фия­сының орталығында – Адам мәсе­лесі тұр. Бірақ бұл жерде адам Батыс ағартушылық фило­со­фия­сындағыдай тек саналы (homo sapiens) немесе экономикалық (homo economicus) субъект ретінде ғана емес, күрделі ішкі рухани-когнитивтік құрылымға ие мета­фи­зикалық болмыс ретін­де қарас­тырылады. Ясауидің антро­по­­ло­гиялық тұжырымдамасы – кемел адам деңгейіне жетудің прак­­тикалық және теориялық жүйесі.

Ясауи ілімінде адам болмысы екі полюстің – рух (нұрлы, иләһи бастау) пен нәпсінің (тө­мен­гі, материалдық, хайуани бастау) тұрақты күресінен тұра­ды. Адамның кемелдігі оның сыртқы жетістіктерімен емес, осы ішкі күрестегі жеңісімен, яғни нәпсісін тануымен және оны басқара алуымен өлшенеді. Осы тұрғыдан ал­ғанда, Ясауидің сопы­­лық дәс­тү­рін тар ма­ғы­надағы діни-ритуал­­дық категориядан шы­ға­рып, оны ішкі тәртіп мәдениеті, жүрек тәрбиесінің психотехникасы және интеллек­туалды даналық жолы деп тү­сінуіміз керек. Қазақы дүниетаным контексінде бұл жүйе «Жүрек ілімі» деген атаумен терең орнықты. Кейін­­нен Абай философиясындағы «Толық адам» тұжырымдамасына, Шәкәрім философиясындағы «Ар ілімі» тұжырымдамасына ұласқан бұл ілім­­нің бастау бұлағы дәл осы Ясауи дана­лығында жатыр.

Қазіргі заман білімі ақпарат жи­нақтауға (интел­лектуалды багаж­ға) бағыт­талса, Ясауи­де білім – адам­ның ішкі онтологиялық құрылымын өзгертетін, оны трансформациялайтын экзистенциалды күш. Білім ішкі тәртіппен, ар-ожданмен бекітілмесе, ол адамды кемелдікке емес, тәкаппарлық пен рухани соқырлыққа апарады. Сол себепті Ясауи ғылым-білім жолын Хаққа апарар жалғыз жол деп таныса, ал сол білімнің практикалық нәтижесін қоғамға, халыққа адал қызмет ету деп білді.

Халыққа адал қызмет ету – ең жо­ғары ру­хани құлшылықтың фор­масы. «Ақылға ер­сең, жаран­дар­ға қызмет қыл» дейді бабамыз. Бұл тұжырым Ясауидің дәруіш­тік өмірі қоғамнан қашу емес, керісінше қоғам ішін­дегі жауапкершілік ретінде қарастыр­ға­нын көрсетеді. Ясауи үшін рухани кемелдік – әлемнен қашу емес, әлем ішінде әділетпен өмір сүру. Ол адамды әрекетсіз тақуалыққа емес, қоғамға пайдалы болуға шақырды.

Осы ойды тереңдететін тағы бір маңызды тарихи мәселе – оның 63 жастан кейін жер астына түсуі туралы түсінік. Бұл құбы­лыс көбіне рәміздік немесе мистикалық түрде ғана түсін­ді­ріліп келді. Алайда Түркіс­тан өңірінің географиялық-эко­ло­гия­лық ерекшеліктерін ескерсек, бұл әрекеттің практикалық және тәрбиелік мәні де болғаны байқалады.

Деректерге сүйенсек, Ясауи рухани оқшаулану, терең ойлану және білімін жетілдіру үшін жерасты қылует бөлмелерін пай­да­ланған. Ол 63 жас­тан кейін то­лық оқшауланған өмірге емес, қайта-қайта рухани тәжірибесін тереңдетуге арналған кезеңдік «шілдеге» кіріп отырған. Яғни жыл сайын қырық күндік ру­ха­ни оқшаулану (қылуетке кі­ру) арқылы өзін тәрбиелеп, тәжірибесін жетілдіріп, түйген ойларын жүйелеп отырған. Кей жылдары бұл бірнеше рет қай­та­ланған. Осы үдеріс барысында оның рухани тәжірибесі терең­деп, кейінгі ұрпаққа қал­дыр­ған мұрасы жүйеленген. Осы­дан келіп Ясауи мектебінен тараған шығармалар дәстүрі қалыптасады: «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Тариқат әдебі», «Қырық мақам», «Құдіретнама», «Көңілдің айнасы», «Құсбегілік рисаласы» сияқты еңбектер оның рухани-танымдық мектебінің кеңдігін көрсетеді. Бұл тек діни мәтіндер емес, адам тәрбиесі, мораль, қоғам және рухани тәртіп туралы жүйелі дүниетанымдық еңбектер.

Кейбір деректерде Арыстан ­баб­тың Ясауиге тек діни ілім емес, жаратылыстану сипатындағы білімдерді де үйреткендігі айты­ла­ды. Геология, металлургия, шөп­­пен емдеу, фармацевтикалық білімдер туралы ишаралар кезде­се­ді. Мұның өзі ортағасырлық түркі дүниесінде білімнің бөлшек­тен­бей, тұтас дүниетаным ретінде қабылданғанын аңғартады. Яғни ғылым мен руханият бір-біріне қарсы емес, керісінше бірін-бірі толықтыратын таным салалары ретінде қарастырылған.

Тағы бір назар аударатын жайт – Ясауидің еңбек этикасына қатынасы. Ортағасырлық деректерде оның өз қолымен ағаштан ыдыс-аяқ жасап, соларды сатып, өз қаражатына өмір сүргені туралы мәліметтер кездеседі. Бұл факт оның тек рухани ұстаз ғана емес, адал еңбек пен өзін-өзі қамтамасыз ету моделін көрсеткен тұлға екенін білдіреді.

Бұл этикалық модель кейіннен түркі әлеміне кең тарайды. Әсіресе Анадолы ай­мағында ол үлкен әлеу­меттік-мәдени қоз­ға­лыстарға әсер етті. Ясауи мектебінің ықпа­­лы­­мен қалыптасқан ахилік дәс­түрі – қолөнершілер мен кәсіп­кер­лердің этикалық ұйымы –  еңбек пен моральды біріктірген ерекше институт болды. Мұнда кәсіп тек табыс көзі емес, рухани жауапкершілік ретінде қарас­ты­рыл­ды.

Тарихи деректер Ясауи ілімінің Алтын Орда дәуірінде де ерекше ықпалға ие бол­ғанын көрсетеді. Алтын Орда мем­ле­ке­тінің рухани кеңістігінде Ясауи дәстүрі негізгі идеологиялық тіректердің біріне айналды. Бұл кезеңде Ясауи мектебі мем­ле­кет­шілдік сана, құқықтық мәдениет және қоғамдық этика қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Даладағы ислам­ның қатаң дог­ма­тикалық моде­лі емес, адам­гер­шілікке, әділет­ке, қоғамдық үй­ле­­сімге негіз­делген моделі осы кеңістікте орнық­ты.

Кейін бұл рухани дәстүр Осман мемле­ке­тінің қалыптасу кезеңдерінде де үлкен ық­палға ие болды. Ясауи мектебі әскери рухты қалыптастыруда, мемле­кет­шілдік сана мен моральдық тәртіпті нығайтуда маңызды қыз­мет атқарды. Ясауи дәстүрін жалғастырған тұл­ға­лардың бірі ретінде Қажы Бекташ Уәли бейнесі ерекше аталады. Оның идеялары кейін Осман мемлекетіндегі әскердің рухани тұтастығының маңызды тіректерінің біріне айналды.

Ясауи мұрасының тағы бір маңызды қыры оның жыраулық дәстүр мен ақындық өнерге ти­гіз­ген терең ықпалынан көрі­неді. Ғасырлар бойы дала тө­сін­де күңіренген жыраулар тол­ғауындағы фәнидің өткін­ші­лігі, ар мен ұят, сабыр мен қана­ғат туралы ұлағатты ойлар –  Ясауи хикметтерінің қазақ жадындағы жаң­ғырығы. Осы ретте Ясауиді жеке тұлға ауқымынан биік қойып, ішкі мәдениет пен қоғам­дық моральды, білім мен еңбек этикасын үйлестірген ұлы рухани экожүйенің темір­қазығы ретінде қарастыруға толық негіз бар.

Бүгінгі цифрлық қоғамда бұл мұраның мәні қайтадан өзектеніп отыр. Өйткені технология адамды ақпаратпен байыт­қанымен, оны мағыналық тұрғыдан әлсі­ретуі мүмкін. Сондықтан Ясауи мұра­­сын тарихи жәдігер ретінде емес, тірі мәдени код ретінде түсіну ма­ңыз­ды. Ол бізге адам болмы­сы­ның терең құры­лымын, рухани жауапкершілік идея­сын және ішкі тәртіптің маңызын еске салады. Осы тұрғыдан алғанда, Ясауи мәдениетін танытатын «Ясауитану» пәнін білім жүйесіне кеңінен енгізу туралы ұсыныстардың ғылыми және мәдени негізі бар. Бұл бағыт мектеп оқушыларымен ғана шектелмеуі керек. Мектептен бас­тап жоғары оқу орындарына дейінгі оқу бағдарламаларында Ясауи дүниетанымын тарихи-аксиологиялық, филосо­фиялық, мәдени және этикалық қыры­нан оқыту –  ұлттық рухани иммуни­тет­ті күшей­тудің маңызды жол­да­ры­ның бірі.

Бүгінгі әлемде ең үл­кен тапшылық – ақпарат емес, мағы­на. Ал Ясауи мұрасы дәл осы мағынаны қалыптастыратын терең рухани жүйе ретінде өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сол себепті Ясауиді қайта оқу – өткенге оралу емес, мемлекет үшін адал, еңбекқор һәм сапалы ұрпақ дайындау қарекеті.

Бауыржан САЙФУНОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

30 Маусым 2026 18:55see121

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

30 Маусым 2026 16:16see118

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

30 Маусым 2026 15:42see117

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

30 Маусым 2026 15:53see117

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

30 Маусым 2026 15:16see115

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

30 Маусым 2026 16:10see115

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

30 Маусым 2026 15:25see114

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

01 Шілде 2026 17:53see114

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

01 Шілде 2026 15:54see113

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

01 Шілде 2026 22:48see113

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

01 Шілде 2026 15:51see113

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

01 Шілде 2026 00:02see112

Тығыз байланыс. Грузия премьер министрі Астанаға неге келді?

30 Маусым 2026 15:41see112

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

01 Шілде 2026 16:15see111

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

30 Маусым 2026 20:27see111

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

01 Шілде 2026 19:07see109

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

30 Маусым 2026 18:57see109

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

30 Маусым 2026 21:08see109

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

01 Шілде 2026 07:07see108

Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

30 Маусым 2026 19:09see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары