Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Ауызсу мәселесі әлі де өзекті

Ауызсу мәселесі әлі де өзекті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Алайда бұл жағдай өңірдің 800 мыңға жуық тұрғынын су тапшылығымен бетпе-бет қалдыруға негіз бола алмайды. Сондықтан мүмкіндігінше ауызсу мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар әр кезеңде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып келеді. Бұл бағытта түрлі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Маңғыстау облысын әр жылдары басқарған әкімдердің барлығы дерлік қызметінің алғашқы күнінен-ақ осы мәселемен бетпе-бет келді. Су тапшылығы өңір басшыларына айтылатын сынның негізгі себептерінің біріне айналды. Соған қарамастан, Ақтау қаласының тұрғыны ретінде кейінгі жылдары белгілі бір оң өзгерістердің болғанын айтуға болады.

Мәселен, 2017 жылы Ақтауда апталап су болмай, тұрғындар үйдің алдындағы су таситын көліктерге ыдыстарын көтеріп барып, сағаттап кезекте тұратын жағдай қалыпты құбылыс еді. Қазір мұндай көрініс жоқ. Дегенмен өңірде су өндіру мен оны тұтыну арасындағы теңгерім әлі де толық шешілген жоқ. Сондықтан жүйедегі кез келген техникалық ақау тұрғындарға бірден сезіледі.

Қазір Маңғыстауда халықты сумен қамтамасыз ету бірнеше бағытта жүзеге асырылып келеді. Өңір теңіз суын тұшытуға, Қиғаш суын пайдалануға және жерасты су көздерін игеруге сүйенеді.

Өңір халқы көші-қон мен табиғи өсім есебінен жыл сайын көбейіп келеді. Соған сәйкес ауызсуға ғана емес, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп және тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын су көлемі де артып отыр. Сондықтан қажетті су көлемін толық қамтамасыз ету оңай міндет емес. Мұндай күрделі мәселеде кез келген уақытша қиындық қоғам тарапынан сынның күшеюіне себеп болады.

Жуырда өңірде ауызсуға қатысты кезекті мәселе туындап, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Алайда мәселенің мән-жайына үңілсек, бұл төтенше жағдай немесе сырттан көмек сұрайтындай ахуал емес. Мұндай техникалық қиындықтар Маңғыстауда бұрын да болған, бүгінде де кездеседі және алдағы уақытта да қайталануы мүмкін.

Ақтау қаласының тұрғыны Қ.Бақыттың айтуынша, судың тоқтауы қай кезде де оңай емес.

– Бұл қиындықты тұрғындар ұзақ жылдан бері көріп келеді. Мен Ақтауға жақында ғана көшіп келдім, бірақ байырғы тұрғындар мұндай жағдайдың бұрыннан бар екенін айтады. Сондықтан су келген сайын ыдыстарға жинап қоямыз. Бұл жолы үй маңындағы сорғы жарылғаны айтылды. Егер мәселе сорғыда болса, оны апатқа жеткізбей неге алдын ала жөндемеген деген сұрақ туындайды, – дейді ол.

Осы жағдайға байланысты Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған кеңейтілген кеңес өткізді.

Кеңеске салалық басқармалар, коммуналдық кәсіпорындар және сумен жабдықтау ұйымдарының басшылары қатысты. Жиында Ақтау мен Жаңаөзен қалаларын, сондай-ақ Мұнайлы және Түпқараған аудандарын сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар сумен жабдықтау нысандарының қазіргі жұмысы, су тұшыту зауыттарының өндірістік қуатын арттыру, инженерлік инфраструктураны жаңғырту және жүйенің сенімділігін күшейту бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Жауапты мамандардың мәліметінше, сумен жабдықтау нысандары штаттық технологиялық режімде жұмыс істеп тұр.

Қазір Ақтау қаласының тәуліктік ауызсуға қажеттілігі 61 020 текше метрді құрайды. Оның ішінде «МАЭК» ЖШС тәулігіне 40 700 текше метр, «Каспий» су тұшыту зауыты 35 мың текше метр, ал «Ақтау» су тұшыту зауыты 5 мың текше метр ауызсу өндіреді. Мұнайлы ауданына тәулігіне 15 319 текше метр ауызсу жеткізіледі.

Жиында Ақтаудың бірқатар шағынауданында, әсіресе көпқабатты үйлердің жоғарғы қабаттарында су тұтыну ең жоғары болатын уақытта қысымның төмендеуі мәселесі де көтерілді.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдай сорғы жабдықтарының жұмыс ерекшелігі мен сумен жабдықтау жүйесінің гидравликалық режіміне байланысты туындаған. Қазіргі таңда қажетті техникалық жұмыстар жүргізіліп, сорғылардың жұмыс режімі реттеліп, желідегі қысымды тұрақтандыру шаралары қолға алынған.

Кеңесте тек осы жағдай емес, сумен жабдықтау нысандарының өндірістік қуатын ұлғайтуға бағытталған жобалардың орындалу барысы да қаралды.

Шілде айының соңына дейін «Каспий» су тұшыту зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталып, өндірістік қуаты тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізіледі.

Құрық ауылындағы су тұшыту зауытында екінші технологиялық желі іске қосылғаннан кейін өндіріс көлемі тәулігіне 7 мың текше метрге дейін ұлғаяды.

Ал «Ақтау» су тұшыту зауытындағы жөндеу аяқталған соң кәсіпорынның қуаты тәулігіне 7,5 мың текше метрге дейін артады.

Өңірде су инфраструктурасын дамытуға бағытталған жұмыстар да жалғасып жатыр.

Сайын Шапағатов ауылында ұзындығы 3,6 шақырым болатын жаңа су құбырының үш шақырымы тартылған. Қалған бөлігі шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін Ақшұқыр ауылына тәулігіне қосымша 2 мың текше метр ауызсу жеткізу мүмкіндігі пайда болады.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңаөзен қаласын, Мұнайлы және Түпқараған аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселесі де кеңестің басты тақырыптарының бірі болды.

Сонымен қатар Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылын орталықтандырылған ауызсумен қамту жобасы аяқталуға жақын.

Қазіргі уақытта бұрын пайдаланылмаған су тарату орталығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны 2025 жылы бастаған мердігер «НұрАман» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 90 пайызын аяқтаған. Қазір электр желісіне қосуға қажетті бағаналар орнатылып жатыр.

Бұл жұмыстар толық аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады. Бұған дейін сайөтестіктерді сумен «Қазақстан темір жолы» қамтамасыз етіп келсе, енді бұл қызметті «Дария» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқарады.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың басшыларына барлық жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды, сорғы жабдықтары мен гидравликалық режімнің тұрақты жұмысын бақылауда ұстауды, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырды.

– Ең бастысы – тұрғындар сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, барлық жаңғырту жұмыстарын уақытылы аяқтау, өндірістік қуаттарды арттыру және осы саладағы әрбір мәселені тұрақты бақылауда ұстау қажет. Түпкілікті нәтижеге әрбір басшы жеке жауапты, – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Өңір басшысы тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету атқарушы органдардың басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қолға алынған кешенді шаралар ауызсу өндірісінің көлемін ұлғайтуға, инженерлік инфраструктураның сенімділігін арттыруға, су желілеріндегі қысымды тұрақтандыруға және Ақтау, Жаңаөзен қалалары, сондай-ақ Мұнайлы мен Түпқараған аудандары тұрғындарын тұрақты ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Маңғыстау табиғи су ресурстары шектеулі өңір саналады. Кеңшарлар кезеңінен қалған көп құдық істен шыққан, тұрақты ағынды су көздері жоқ. Соған қарамастан халық саны үздіксіз өсіп келеді. Сондықтан ауызсу мәселесі өңірдің негізгі әрі ұзақмерзімді мәселесі болып қала береді. Бұл өзекті сұрақтың нақты қашан толық шешілетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені бұл тек жаңа су өндіру қуаттарын іске қосумен шектелмейді. Су өндіру, тасымалдау, сақтау, инженерлік желілерді жаңарту және тұтыну көлемінің жыл сайын артуы сияқты көптеген фактор өзара байланысты.

Бұған қоса өңірдің негізгі су көзі саналатын Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі де қосымша қиындық туғызып отыр. Жаз мезгілінде теңіз суының температурасы жоғарылаған сайын оны тұшыту үдерісі де күрделене түседі. Бұл өндірілетін ауызсу көлеміне әсер етуі мүмкін.

Сондықтан бүгінгі таңда өндірілетін су көлемі жеткілікті болған күннің өзінде, сорғының істен шығуы, құбырлардың жарылуы немесе басқа да техникалық ақаулар тұрғындарға бірден сезіледі. Мұндай мәселелердің басым бөлігі ондаған жыл бойы жаңартылмаған инженерлік желілердің тозуынан туындап отыр.

Егер бүгінгі жағдайға кінәлі іздейтін болсақ, мәселенің тамыры бір ғана кезеңге немесе бір ғана әкімнің қызметіне тірелмейді. Бұл – ондаған жыл бойы қордаланған инфраструктуралық мәселе. Жазда су, қыста жылу мәселесінің туындауы тұрғындар үшін шынайы қиындық екені сөзсіз. Ал мұндай жағдайды саяси мақсатқа пайдалануға тырысатындар үшін кезекті пікірталасқа себеп болуы мүмкін. Алайда мәселенің түпкі шешімі айыпты іздеуде емес, сумен жабдықтау жүйесін кезең-кезеңімен жаңғыртып, өндірістік қуатты арттыруда жатыр.

Маңғыстау облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see147

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see147

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see144

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see143

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see142

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see141

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see141

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see140

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see137

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see134

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see129

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see125

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see123

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see121

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see114

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары