Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Заң мен тәртіп нәтиже бере бастады

Заң мен тәртіп нәтиже бере бастады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ел дамуы бейбітшілікке келіп тіреледі. Қоғам тыныш болса, ел де соған қарай өркендейді. Ал тыныштықтың кепілі – заң мен тәртіпке бағыну. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздік сол елге ортақ заңға бағынбаудан туындап жатады. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Мемлекет басшысының идеясымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидасы Баукеңнің осынау сөзімен мәндес, мағыналас деуге болады.

«Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стра­тегиялық мақсатымызға жету үшін елі­міздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалып­тастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті», деген еді Президент Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы Жолдауда қоғамда өзекті мәселеге айналған қылмыс пен құқық бұзушылық туралы да айтып өткен болатын. Бұл – цифрлық заман дәуірлеген шақта пайда болған интернет алаяқтары. Одан кейінгісі – ұсақ құқық бұзушылықтар, әсіресе есірткі тарату мен нашақорлыққа қарсы күрес шарасы мемлекеттің басты міндетіне айналып келеді. Буллинг, яғни оқушылардың бір-біріне әлімжеттік көрсетуі де бала тәрбиесіндегі ахуалдың бірі деу керек.

Осы орайда республиканың үшін­ші мегаполисінде тәртіпті қадағалау бағытында ауқымды іс атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, Шымкент қаласы полиция депар­таментінің мәлімдеуінше, «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру нәтижесінде 2025 жылдың 9 айында қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 1 780-нен 1 479-ға немесе 16,9 пайызға, оның ішінде көшелерде жасалған қылмыс саны 1 109-дан 877-ге немесе 20,9 пайызға азайған. Бұл орайда «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау – бәрімізге ортақ міндет. Басты мақсат – қоғамда тыныштық пен тұрақтылықты сақтау, азаматтардың құқығы мен қауіп­сіздігін қорғау екенін айтады қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмас­беков. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы, сондай-ақ Қылмыстық кодекс пен Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекс негізінде қоғамдық тәртіпті қорғау – полицияның басты міндеттерінің бірі.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында департамент тарапынан бүгінде жастардың арасында кең таралған жәбір көрсетушілік, яғни буллингтің алдын алу мәселесіне ерекше мән берілген. Осы орайда құзырлы орган өкілдері өскелең ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында шаһар аумағында орналасқан барлық мектепте оқушы, ата-аналармен, білім беру ұйымдарының ұстаздарымен кездесу өткізіп тұрады. Соның шеңберінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері бойынша заңды жауапкершілік түрлерін таныстыра отырып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Мәселен, полицейлер қаладағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушылары­на арнап профилактикалық қауіпсіздік сабағын өткізді. Онда тәртіп сақшылары жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік ереже­лері мен қоғамдық орындарда тәр­тіп сақтау туралы әңгімелеп, құқық бұзу­шылық­ үшін қарастырылған жауап­кершілік жөнінде баяндады. Дәл осындай кездесу шаһардағы Т.Рыс­құлов атындағы №25 мектеп-гим­назиясында өтті. Аталған іс-шара­ның мақсаты – жасөспірімдердің құқық­тық мәдениетін қалыптастыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу. Оқушы­лармен жүздесуде киберқылмыс пен оған қаралған жауапкершілік, есірткі қолданудың қауіптері, зорлық-зомбылық пен буллингтің салдары, сондай-ақ оқу­шылардың өз құқықтарын қалай қорғау керектігі туралы әңгіме қозғалды. Сондай-ақ полиция департаментінің қызметкерлері №148 жалпы білім бере­тін мектептің жоғары сынып оқушылары­мен кездесіп, «Жасөспірімдер арасын­дағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Мұндағы басты мақсат жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, заң алдындағы жауапкершіліктің болатыны жөнінде түсінік қалыптастыру және интернет кеңістігінде, сондай-ақ күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету екенін жеткізді құзырлы орган өкілдері. Қала полицейлері әлеумет­тік желідегі алаяқтықтың қандай түрлері кең таралғанын оқушыларға айтып өтті. Және қиберқылмыскерлерден қорғанудың тәсілдерін баяндап берді. Содан соң қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін де қатаң ескертті.

Кәмелетке толмағандармен немесе оларға қатысты жасалған қылмыстарды болдырмау үшін полиция департа­менті тиісті рейдтік іс-шараларды жиі ұйымдастырып келеді. Соның нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 303 жасөспірім және түнгі уақыт­та тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген ­6 651 жас бала анықталды. Бұл ретте түн­гі сағат 22.00-ден кейін жасөспірім­дер­дің заңды өкілінсіз ойын-сауық орын­да­рын­да болуына жол бергені үшін 187 меке­ме жауапкершілік арқалады. Өз кезегін­де ата-анасының қадағалауынсыз көше кезген 464 бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейімі бар 316 жас пен 166 қолайсыз отбасы арнайы есепке алынды. Сондай-ақ сот шешімімен ­5 жасөспірім Тараз қаласындағы арнаулы мектепке жолданды.

Полиция департаментінің бастығы Н.Алмасбековтің мәлімдеуінше, шаһар аумағында апта сайын криминогендік ахуалы күрделі аумақтарда «Бір нүктелік» алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылып тұрады. Соның барысында 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 280 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған. Қалада алкогольдік қылмысты төмендетудің оң тәжірибесі қалыптасып келеді. Оған ақсақалдар кеңесі, билер мен белсенді азаматтар ерекше үлес қосып отыр. Солардың қатысуымен мегаполисте профилактикалық және түсіндірме жұмыстары көбірек қолға алына бастады. Соның нәтижесінде Шым­кенттің шеткі аумағындағы Шапы­рашты, Өтеміс, Жыланбұзған ауылдары алкогольдік ішімдіктен бас тартқан елді мекендер қатарына енді. Осынау оңды істердің арқасында бұл ауылдарда ішімдіктің кесірінен жасалған бірде-бір қылмыс тіркелмепті. Шымкенттің бас полицейінің айтуынша, қылмыстар көбіне ойын-сауық орындарында, түнгі клубтарда мас халде болған жағдайда болады. Бір өкініштісі, алкогольдік өнімдер көңіл көтеретін жерлерде тәулік бойы сатылады әрі оның жұмыс режімінде ешқандай шектеу болмайды. Яғни «соңғы келуші клиент» кеткенге дейін жұмыс істейтіндіктен оырыстың соңы төбелеспен аяқталады. Мұндай орындарда көп жағдайда кәсіби күзет жөнді қарастырылмайды. Мәселен, полиция департаменті жүргізген талдау барысында «102» арнасы арқылы ең көп шақырту келіп түсетін «Паладиум», «Тұман», «Астана», «Москва», «Ақсұңқар» түнгі клубтары құқық бұзушылық жасаудың орта қауіптілік деңгейіне жататыны анықталды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілеріне түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді, дейді полиция департаментінің бастығы. Айталық, жыл басынан бері прокуратура, жергілікті атқарушы билік және тиісті мекемелермен бірлесіп атқарылған профилактикалық, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жоғарыда аталған «Тұман», «Астана», «Москва», «Ақсұңқар» түнгі клубтары уақыт­ша жабылып, қызмет көрсету мақсаттарын өзгертіп жатқанға ұқсайды.

Полиция департаментінің бастығы Н.Алмас­бековтің пайымынша, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету арқылы адамда құқықтық сана қалыптасады, құқықтық мәдениет дамиды. Бірақ халықта ұжым­дық жауапкершілік қалыптасқанша бір­шама уақыт керек екені аян. Өкінішке қарай, көшеде келе жатып қоқысты далаға тастай салатындар әлі көп.

«Мемлекет басшысының бастамасы­мен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақ­стан» акциясының бір мақсаты да – сол экологиялық мәдениетті халықтың бо­йына сіңіру. «Заң мен тәртіп» қағи­даты да адамдардың санасында осылай ор­нығады. Яғни адамдарға ережеге бағынуды үйрету, тәртіп бұзбауды қадағалау арқылы қоғамда көзқарасы бөлек, менталитеті басқа жаңа ұрпақ буыны өсіп шығады. Мұндай тәрбиелік кезеңдерді әлемдегі барлық дамыған ел бастан өткерген. Ендігі жерде Қазақстанға да осы жолдан өтуге тура келіп тұр. Бұл бастама қоғамның түпкілікті жаңарып, жаңғыруын көздейді. Біздің елге заңды сыйлайтын, тәртіпті бұзбайтын, қоғамдық орындарда ортақ ережені сақтай білетін, қылмысқа жаны қас есті азаматтар қажет. Жаңа қағида осынау мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді жолы десек қателеспейміз. Қоғамды түзеу – баршаның ортақ ісі», дейді Н.Алмасбеков.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 08:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары