Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

Саланы жаңғырту жемісін бере бастады

Саланы жаңғырту жемісін бере бастады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мамандар салада жағдай жақсарғанын атап өтті. Кейінгі екі жылда Президенттің тапсырмаларын орындау аясында біраз іс тындырылды. Әйткенмен, ақпарат құралдарында биылғы қыста төрт өңірдің жылусыз қалуы ықтимал деген болжам айтылды. Жаңа жылу маусымында апат болып, халық жаурап жүрмей ме?

«Қытымыр» қысқа дайын ба?

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өту барысын қалыпты деп бағалады. Республиканың жылу-энергетикалық орталықтары (ЖЭО) көмірмен және мазутпен қамтамасыз етілген екен. 

– Биылғы жөндеу науқаны аясында электр стансаларында 10 энергоблокты, 63 қазандықты және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған-тын. Соның ішінде 9 энер­гоблокта, 56 қазанда және 37 турбинада жөн­деу жұмыстары толық аяқталды. Бұған қоса, 17 мың шақырымдық электр желілері мен 420 қосалқы стансада жөндеу жүргізіл­ді, – деді И.Рожков.

Ол барлық іс-шара бекітілген кестелерге сай іске асырылып жатқанына сендірді. Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері апта сайын энергетикалық кәсіпорындарға барып, жылыту маусымының өту барысын сол жерде бақылап отырады. Биыл электр стансаларын­дағы жөндеу науқанына 396 млрд теңге қа­растырылған, бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 18%-ға көп. Жылу желілері бойынша 323 шақырымдық жылу магистралінде жаңғырту және күрделі жөндеу жүргізіліпті. 

– Энергия көздеріндегі жанармай қой­маларында 5,6 миллион тонна көмір және 148 мың тонна мазут қордаланды, бұл норма­тивтік деңгейге сәйкес келеді. Жыл сайын әкім­діктердің өтінімі бойынша біздің министр­лік өңірлерге арналған «әлеуметтік» мазут жеткізу кестесін бекітеді. Биылғы жылыту маусымына 257 мың тонна мазут қарас­ты­рыл­ған, – деді комитет төрағасының орынбасары.

Өңірлердің жылыту маусымына арналған жалпы көмір қажеттілігі 7,4 млн тоннаны құрайды. Қазір соның 6,4 млн тоннасы да­йындалды, бұл жылдық жоспардың 86%-ын құрайды. Энергетика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге уәде етті. 

Жаңғырудың бір үлгісі – Қостанай

Саладағы өзгерістерді бір өңірдің – Қостанай облысының мысалында бағамдауға болатындай. Арқалық тұрғыны, энергетика саласының ардагері Ерлан Бексұлтанұлы 90-шы жылдары бес қабатты үйде көршілерімен бірге «буржуйка» жаққанын еске түсірді. 

– Одан беріде жағдай біршама оңал­ғанымен, толық түзеліп кетті деу қиын. Қалада жалғыз ЖЭО бар, оның өзі әбден ескірген, 1970 жылы салынғалы тоқтаусыз пайдаланылды. 2020 жылдары оны жөндеуге 7,4 млрд теңге ақша жұмсалды, жаңарған кешен іске қосылды деп жарияланды. Шынында, оны реконструкциялау кезінде қаржы талан-тараж етілген. Прокуратура іс қозғады, бірақ әлдекім жазаланды дегенді естімеппіз. ЖЭО апаттан арылмады. Былтырдан бері жаңғырту жұмыстары қайта жүргізілді. Қалада жылу трассалары жаз бойы жаңартылумен болды, жұмыс байқалады, – деді жергілікті тұрғын. 

Арқалықта апаттан бас көтере алмай қалған ескі жылу-электр орталығын жөндеу үшін бес жылдай бұрын Үкіметтің төтенше резервінен миллиардтар бөлінген еді. Ақыр соңында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта қалпына келтіру» және «Қуаттылығы 2,5 МВт болатын №2 стан­сасының турбоагрегатын ауыстыру бөлігінде Арқалық ЖЭО-ны реконструкциялау» атты 2 жобаны бірден қабылдап алды. 

Жобалар шеңберінде жұмыстар толық­қанды аяқталмаса да, оларға 7,4 миллиард теңге жұмсалып кеткен. 2023 жылдың маусымында Жоғары аудиторлық палатаның сол кездегі төрағасы Наталья Годунова жергілікті шенеуніктердің ЖЭО-ны тек қағаз жүзінде пайдалануға бергенін мәлімдеді. Іс жалпылай сынаудан әрі аспады.  

Қала тұрғындарының сөзінше, қазір де жергілікті үйлерде жылу температурасы аса жоғары емес: жұрт терлемегенімен, жаура­майтын ғана деңгейде. Алайда Арқалықта әзірше қыс жұмсақ: сырттағы ауа -4°C маңайында. 

Жуырда Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Қостанай об­лысындағы қалалардың жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен шұғыл түрде 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Үкіметтің түсініктемесінде көрсетіл­гендей, бұл қаражат өңірде халықты үздіксіз жылумен қамту үшін энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жұмыс­тарын жалғасуға шығындалады. 

Мұның сыртында Жітіқара қаласының 11 шағын ауданында жылу желілерін жөндеуге 389 млн теңге бағытталады: оның 269 млн теңгесі Ы.Алтынсарин көшесі, тағы 205 миллионы – Жібек Жолы көшесі бойында. Бұл жылу желілері – 183 көппәтерлі үйді, 2,5 мың аз қабатты үйді, жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерді қамтиды. Жылу энергиясын жалпы саны 15,5 мың абонент тұтынатын болады. Оның кейбірі бұған дейін пеш жағып, айналасын түтінге көміп келген еді, енді ол тауқыметтен арылуға тиіс. Жіті­қа­раның жылу желілерінің ұзындығы – 78 шақырым, оның ішінде магистральдық желілері – 7,53 шақырым. 

Сөз болып отырған Арқалықтың жағдайы нешік? Үкімет тиісті жұмыстар бұл қалада да жүргізіліп жатқанын растады. Арқалықта жылу желілерінің тозу деңгейі апаттық 85% деңгейіне дейін жеткен екен. Шаһардың жылу трассаларының 10 шақырымы жөнделу үстінде. Соның ішінде 2025 жыл соңына дейін 1,6 шақырым желіні жаңарту аяқталады. Бұл желіге 300 абонент қосылған, жалпы білім беретін мектеп те енді тұрақты жылумен қамтылды. Қалаға арналған Жылу желілерін реконструкциялау жобасының ІІІ кезегін жүзеге асыруға биыл шамамен 645 млн теңге шығындалды. 

Қостанай облысында жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде жабдыққа, жылу желілеріне және электр беру желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Өңірде тозу көрсеткішін әрі қарай төмендету мақсатында биыл жалпы ұзындығы 27,9 шақырым жылу трассасын қайта жаңарту бойынша 22 жоба іске асырылады. Қабылданған жаңғырту шаралары өңірдегі инженерлік инфрақұры­лымды едәуір нығайтуға, жылу және сумен жабдықтау нысандарының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға, тұрғындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен және сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген үміт бар. 

«Қызарғандар» саны азайды

Айтпақшы, реконструкциясы ақыры аяқталған Арқалық ЖЭО-сы жұмыс істеп тұр, 2025 жылғы мамырда оған Үкімет басшысы Олжас Бектенов ат басын бұрып, жаңа жылу маусымына дайындығын тексеріп қайтты. Бұл ЖЭО коммуникацияларының тозу деңгейінің жоғарылығы салдарынан әлі күнге «тәуекелі жоғары қызыл аймақтағы» жылу көздерінің тізімінде тұр. Әкімдіктің мәліметінше, соңғы 2 жылда 17 шақырымнан астам жылу желісі ауыстырылды, бұл өткен 2024-2025 жылыту маусымын алғаш рет «апатты жағдайда тоқтап қалусыз» өткізуге мүмкіндік беріпті. 

Биылғы жаңғырту жобасын іске асыру қорытындысында Арқалықтағы жылу желілерінің тозуы 12%-ға төмендеуге тиіс. «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК директоры Жасұлан Әбдірахмановтың айтуынша, сұйық отын ретінде пайдаланылған мазуттан көмірге көшудің арқасында кәсіпорын өз шығындарын 2,2 млрд теңгеге азайтуға қол жеткізді. 

Әйтпесе, мазут жаққан кезде арқалық­тықтар батарея ішінен қаңғырлаған үрейлі дыбыстар шығатынына шағымданды. Тұрғындар оны артиллерияның атқылауына теңеп жүрді. Жергілікті билік бұған көмірден мазут отынына көшу себепкер болды деп түсіндірген еді. Көмірге қайта ауысқалы радиатор ішінде «бейбіт» тыныштық орнапты. 

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанның жылу энергетика­сында тозу деңгейі төмендеді. ЖЭО-ларда жөндеу-жаңғырту жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Energyprom мониторинг агенттігінің сарапшылары биылғы жылыту маусымына дайындық бұрынғы жылдардың тәжірибесі ескеріліп, барынша мұқият жүргізілгенін тілге тиек етті. Мысалы, тұтас маусымға қажетті көмір көлемі 7,4 млн тоннаны құрайды, оның 5,3 млн тоннасы, яғни, 72%-ы маусым басталғанға дейін дайындалып қойған. Көлемі күз-қыс кезеңін қалыпты өткізу үшін белгіленген нормативтерге толық сәйкес келеді.

2025 жылы Қазақстанда электр және жылу энергиясын бір уақытта өндіретін 37 жылу электр орталығы (ЖЭО) жұмыс істейді. Оның ішінде 16 ЖЭО мемлекеттің меншігінде, қалған 21-і – жекеменшік. Жылыту маусымы қарсаңында жылу көздерінің жағдайына жүргізілген бағалау қорытындысына сәйкес 19 ЖЭО – «қызыл» аймаққа, 11 ЖЭО – «сары» аймаққа, 7 ЖЭО  «жасыл» аймаққа кірді.

Бұл ретте 2025 жылы айтарлықтай оң өзгеріс тіркелді: бірден 9 ЖЭО – Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Рудный, Риддер, Шахтинск, Qarmet АҚ-ның ЖЭО-2-сі, Кентау ЖЭО-сы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Тағы 3 ЖЭО – Атырау, Текелі ЖЭО-сы, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС-ның ЖЭО-3-і «сары» аймақтан «жа­сыл» аймаққа өте алды. Осының өзі са­лаға қатысты Президент қойған тапсыр­ма­­лардың орындалып жатқанын паш етсе керек. 

Биыл ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 61,39%-ды құрады, бұл өткен жылғы 64,55%-дан және 2023 жылғы 65,16%-дан біршама төмен. Сөйтіп, саладағы жағдай қарқынды болмағанымен, біртіндеп жақсарып келеді.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы жылу энергетикасы объектілерін жөндеу науқанын жүзеге асыруға 2025 жылы 376,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Бұл көрсеткіш өткен жылғы қаржыландыру көлемінен (333,4 млрд теңгеден) 13%-ға артық. Сондай-ақ тұтынушыларға арналған тарифтерді жаппай көтеру де ЖЭО меншік иелерінің триллиондаған теңге қосымша табыс табуына жол ашты.

Негізгі жетістіктердің бірі – апат санының азаюы. Биылғы жылыту маусымы әзірге тыныш өтіп жатыр. Өткен жылыту маусымы да тұрақты оң өзгерістерді аңғартты. Технологиялық бұзушылықтардың кемуі бойынша оң серпін байқалды: апаттар саны бірден рекордтық 82,4%-ға қысқарды. Мұнда бірінші дәрежелі ақаулар 28,7%-ға, екінші дәрежелі ақаулар 9,4%-ға азайды.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ТКШ-ны ауқымды жаңғырту жұмыстары жемісін бере бастады. Апаттың біраз азаюы, жылу инфрақұрылымының тозу деңгейінің төмендеуі, қауіпсіздік көрсеткіштерінің артуы және жылыту маусымына уақытылы дайын болуы атқарылған жұмыстың нәтижесі барын көрсетеді.

Айхан ШӘРІП

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

15 Наурыз 2026 08:08see115

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

15 Наурыз 2026 18:08see114

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

15 Наурыз 2026 04:41see114

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

15 Наурыз 2026 06:38see114

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

15 Наурыз 2026 21:39see114

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

15 Наурыз 2026 09:38see113

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

15 Наурыз 2026 18:08see112

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

15 Наурыз 2026 10:43see112

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

15 Наурыз 2026 00:48see111

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 17:23see111

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

15 Наурыз 2026 15:12see110

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

16 Наурыз 2026 01:20see110

Референдум әлемдік БАҚ назарында

15 Наурыз 2026 10:44see110

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

15 Наурыз 2026 14:44see109

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

15 Наурыз 2026 18:19see109

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

15 Наурыз 2026 10:05see109

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 20:01see109

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

15 Наурыз 2026 16:32see108

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

15 Наурыз 2026 19:20see108

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

15 Наурыз 2026 11:20see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары