Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қытай дамушы елдерге несиені доллармен емес, юаньмен бере бастады

Қытай дамушы елдерге несиені доллармен емес, юаньмен бере бастады

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қытай дамушы елдерге несиені доллармен емес, юаньмен бере бастады.

Америкалық Блумберг басылымы осылай деп жазды. Бірақ мұның тиімді тұсымен қатар шығыны да шаш етектен. Бірақ бұған асып-сасып жатқан қытай жоқ. Асықпаған арбамен қоян алады деген сыңайда. 

Ал сарапшылар бұл өзгеріс келе-келе Қытайдың саяси ғана емес, экономикалық ықпалын да арттырады, дейді. Сөйтіп, юань доллардың орнын басуы мүмкін бе? Қаржыгерлер не дейді?

Доллар vs юань

Кейінгі 25 жылда халықаралық резервтегі доллардың үлесі едәуір азайды. Мәселен, 2000 жылы оның көлемі 70 пайыздан асатын. Ал қазір 57 пайызға да жетпейді. Бұл әлемде долларсыздану үдерісі қарқын ала бастағанын көрсетсе керек. Мәселен, жыл басынан бері АҚШ-тың ұлттық валютасы 9 пайыз құнсызданды. 

Ал юаннің құны керсінше 2 пайыз нығайды. Блумберг басылымының мәліметіне қарағанда, қазір жаһан жұрты юаньмен күніне 817 млрд долларға сауда жасайды. Сөйтіп ол әлемдегі көп қолданылатын 5 валютаның қатарына кірді. Кейінгі кезде мұнай нарығының ірі ойыншылары да долларсыз саудаға көше бастады. Олардың қатарында Сауд Арабиясы, Бразилия және Үндістан бар. Тақауда Нью-Дели ресейлік мұнайды юаньмен сатып алды. Бұл арада санкцияның құрсауында қалған Ресейдің қазіргі жағдайы Қытайға сабақ болса керек. Вашингтон Мәскеуге доллармен сауда жүргізуге шектеу енгізді. Сөйтіп, Ресейдің өзге елдермен алыс-берісі қиындады. Қытайдың доллардан арылуға кірісіп отырғаны да содан, дейді сарапшылар.    

Митул Котеча, Barclays банкінің Азиядағы валюталық және дамушы нарықтар жөніндегі макростратегия жетекшісі:

- АҚШ сауда-саттықта және санкция салуда өзінің қаржылық үстемдігін асыра пайдаланады. Яғни долларды қысым тетігі ретінде қолданады. Сондықтан кейінгі кезде көп ел долларға тәуелділіктен арылуға күш салып жатыр.

Қазір Президент Трамптың тұсында Құрама Штаттардың ішкі және сыртқы саясаты тұрақсыз. Мұхиттың арғы жағында дағдарыс бастала қалса, жаһандық экономикаға кері әсер етеді. Сондықтан Қытайдың Орталық банкі биыл алтын қорын едәуір ұлғайтты. Бұл юаньға тірек болары сөзсіз.

Халықаралық валюта резерві

Доллардың үлесі

2000 ж - 71-72 %

2010 ж - 62 %

2025 ж - 56,7 %

Дереккөз: Bloomberg басылымы

Алайда инвесторлар юаньді әзірге еркін айырбастай алмайды. Өйткені Қытайда капиталға бақылау қатаң. Юаннің дүниежүзілік валютаға айналуына басты кедергінің бірі осы, дейді сарапшылар.

Мэтт Герткен, BCA Research компаниясының бас геосаяси стратегы

Қытайдың  ұлттық валютаға қатысты құқықтық жүйесі АҚШ-пен салыстырғанда әлсіз. Құрама Штаттардың нарығы шетелдік инвесторларға ашық. Бейжің доллардың қолдану аясын тарылтуы үшін юаньға қатысты тәуекелдерді азайтуы керек. 

Көп валюталы жүйе құрыла ма? 

Қазір жаһандық сауда, шикізат бағасы, қарыз, резерв - бәрі АҚШ валютасы арқылы жүргізіледі. Ал юань бұл әзірге долларға балама емес. Тек көк қағаздың ықпалын тежеуге бағытталған валюта, дейді сарапшылар. Олардың айтуына қарағанда, алдағы бірер жылда доллар әлсіреп, бірнеше валюта қатар жүреді. Яғни дүние жүзінде көп валюталы жүйе құрылады, дейді сарапшылар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 07:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары