Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Заң мен тәртіп қағидатын қолдау азаматтардың заң үстемдігін орнатуға деген құлшынысымен ұштасады

Заң мен тәртіп қағидатын қолдау азаматтардың заң үстемдігін орнатуға деген құлшынысымен ұштасады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстандық қоғамдық даму институтының 2026 жылдың III тоқсанына арналған сауалнама нәтижелері Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамдық қолдау деңгейі өте жоғары екенін және азаматтар оны күнделікті жауапкершілікпен, қауіпсіздікпен және жеке белсенділікпен байланыстыратынын көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Заң мен тәртіп» қағидатының жеке маңыздылығын қазақстандықтар 5 балдан орта есеппен 4,47 балл деп бағалайды. Респонденттердің 76,8%-ы қағидатты қандай да бір түрде қолдайтынын білдіреді.

Бұл ретте зерттеудің ең елеулі нәтижелерінің бірі – азаматтардың қағидатты іске асыруға жеке қатысуға дайындығының артуы. Заң мен тәртіпті ілгерілетуге қатысып жүрген немесе қатысуға дайын респонденттердің үлесі II тоқсандағы 37,4%-дан III тоқсанда 41,7%-ға дейін өсті.

Сонымен бірге сауалнамаға қатысқандардың 44,1%-ы осы қағидатты өткен тоқсандағы 41,5%-бен салыстырғанда іске асырудағы оң өзгерістерді атап өткен. Осылайша, қолдау біртіндеп заңдылық құндылығын нақты іс-әрекетке айналдыруға деген дайындықпен толығып келеді.

Бұл бірлескен жауапкершілік логикасына сәйкес келеді. «Заң мен тәртіп»  құқықтық мемлекеттің негізі  ретінде айқындалып, ал заңдылықты қамтамасыз ету тек мемлекеттік институттардың ғана емес, сонымен бірге азаматтардың өздерінің де күш-жігерімен байланыстырылады. Сауалнамада респонденттердің 41,5%-ы заң мен қоғамдық тәртіптің сақталуына мемлекет пен азаматтар бірдей жауап береді деп есептесе, тағы 34,3%-ы мұндай жауапкершілікті ең алдымен әрбір қазақстандыққа жүктейді. Бұл жауаптар жиынтығында қоғамның жай-күйі үшін жеке және ортақ жауапкершілік идеясының жоғары деңгейде қабылдануын көрсетеді. Әділдік, қауіпсіздік және жауапкершілік – құндылықтардың нақты мән-мазмұны.

Зерттеудің бөлек бір мазмұнды нәтижесі – әділдікке, заң алдындағы теңдікке және қауіпсіздікке деген тұрақты сұраныс. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (55,4%) «Заң мен тәртіп» қағидатымен жалпы таныс, ал оны іске асырудың ең маңызды бағыттары ретінде әйелдер мен балаларды қорғауды (38,6%), қаржылық алаяқтықпен күресті (37,3%), есірткі қылмысы мен экстремизмге қарсы әрекетті (35,6%) атайды. Бұл азаматтардың құқықтық тәртіпті жалпы түрде емес, жеке, отбасылық және экономикалық қауіпсіздіктің нақты мәселелері арқылы қабылдайтынын көрсетеді.

Қағидатты іске асыру нәтижелерін жастар біршама оң бағалайды. 18-28 жас аралығындағы респонденттер арасында 46,2%-ы айқын және жекелеген оң өзгерістерді атап өткен. Бұл жауапты азаматтықты, құқықтық мәдениетті және жастардың қоғамдық қатысуының жасампаз нысандарын дамытуға деген неғұрлым кең сұранысқа сәйкес келеді.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері «Заң мен тәртіп» қағидатының азаматтар үшін барған сайын нақты практикалық мәнге ие болып келе жатқанын көрсетеді. Құқықтық тәртіп жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің шарты ретінде қабылданады, оны сақтауда азаматтың өзінің рөлі маңызды. Мұндай ұстаным құқықтық мәдениетті нығайтуға, жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының неғұрлым тұрақты моделін дамытуға негіз қалайды.

2026 жылдың III тоқсанында жүргізілген «Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалдың негізгі индикаторлары бойынша тоқсан сайынғы сауалнаманы» Қазақстандық қоғамдық даму институты жеке сұхбат әдісімен жүргізді, іріктеу жиынтығы – 18 жас және одан асқан 2 400 респондент. Зерттеу жүргізілген аумақ – республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалалары, 17 облыс орталығы, сондай-ақ ауылдық елді мекендер. Сауалнама 2026 жылдың 1 мен 16 тамызы аралығында жүргізілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 18:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары