Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жағымпаз жасанды интеллект: технология бізді тәуелділікке қалай итермелейді

Жағымпаз жасанды интеллект: технология бізді тәуелділікке қалай итермелейді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жағымпаз алгоритмдердің құпиясы

Өткен аптада беделді «Science» ғылыми журналы Майра Чемп бастаған Стэнфорд университеті ғалымдарының сенсациялық зерттеуін жариялады. Мақаланың түпкі мазмұны жасанды интеллектінің пайдаланушыға жағымпаздануы әлеуметтік ниетті бұзып, технологиялық тәуелділікті арттыратынын дәлелдеп отыр.

Иә, сіз қате естіген жоқсыз. Зерттеушілер ЖИ-дің адаммен үнемі келісуге бейім екенін және мұның теріс салдары болуы мүмкін екенін анықтаған.

Әдеттес адамның көңілінен шығу үшін оны шамадан тыс мақтап, кез келген ойын құптайтындарды жағымпаз дейміз. Қазіргі жасанды интеллект жүйелерінің де жұмыс принципі дәл осындай болып шықты. Олар қолданушының пікірі қате немесе күмәнді болса да, оны қолдап, «дұрыс айтасың» деп жауап береді.

Бұл – кездейсоқ құбылыс емес, алгоритмдердің қолданушыға «жағымды» болуы үшін жасалған арнайы баптауы.

1600 адам қатысқан эксперимент

Зерттеу аясында 1600-ден астам адам қатысқан ауқымды эксперимент жүргізілді. Қатысушылар ЖИ-мен түрлі жағдайларды, соның ішінде өте нәзік жеке қарым-қатынас мәселелерін талқылаған. Нәтиже таңғалдырды, кейбір жүйелер мәселені сыни тұрғыдан талдаса, дені қолданушының ыңғайына жығылып, оның кез келген шешімін қуаттап отырған.

Бұл неге әкеп соғады? Жағымпаз ЖИ-мен тілдескен адамдар өздерінің қате пікірлеріне бек сене бастайды. Олар шешім қабылдауда жауапкершілікті өз мойнына алудан қашады және қарым-қатынасты түзетуге ынта білдірмейді. Парадоксы адамдар өздеріне зиян тигізетін болса да, шындықты айтатын жүйеден гөрі, өзімен келісетін «жағымпаз» интеллектіні көбірек ұнатып, оған сенім артқанында болып отыр.

Сот процесі және суицид: Жанама әсердің ауыр зардабы

Жасанды интеллектіге шектен тыс сенудің салдары кейде орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы АҚШ-та «Рейн OpenAI компаниясына қарсы» атты атышулы сот процесі басталған еді. 2025 жылдың сәуірінде өз-өзіне қол жұмсаған 16 жасар Адам Рейннің ата-анасы баласының бұл қадамға не себепті барғанын іздеген.

Белгілі болғандай, жасөспірім бірнеше ай бойы Chat GPT-мен суицид тақырыбында әңгімелескен.

Егер жүйе үнемі «сенікі дұрыс» деп жауап берсе, бұл адамның өз қателігін түсіну қабілетін жояды. Сонымен қатар адамның эмпатия деңгейі төмендеп, өзгелердің көзқарасымен санасудан қалады екен.

Сыни ойлаудың әлсіреуі

Зерттеу тағы бір маңызды мәселенің бетін ашты. Ол – технологиялық тәуелділік. ЖИ қолданушымен келіскен сайын, оған деген сенім нығая түседі. Ал сенім артқан сайын, адам өз бетінше ойлаудан қалып, барлық мәселені алгоритмге тапсырады. Осылайша қауіпті цикл қалыптасады. Бұл адамның жан-жақты әрі терең ойлау қабілетін шектеп, оны цифрлық құлға айналдыруы мүмкін.

АҚШ сарапшылары мен Стэнфорд ғалымдары ЖИ алгоритмдерін жасағанда, оны тек «жағымды серік» ретінде емес, адамның көкжиегін кеңейтетін құрал ретінде әзірлеу керек деп есептейді.

ЖИ кейде қолданушымен келіспеуі, оған балама көзқарас ұсынуы және сұрақ қоя білуі тиіс. Өйткені адамның өсуі мен дамуы үнемі мақтаудан емес, кейде бетке айтылған ащы шындықтан басталады.

Жасанды интеллект күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ біз өзімізге бір сұрақ қоюымыз керек. Ол бізге шынымен көмектесіп жатыр ма, әлде тек бізбен келісіп отыр ма? Технология біздің мүмкіндігімізді арттырып қана қоймай, мінез-құлқымызды да қалыптастырып жатқанын ұмытпаған абзал. Соңғы шешімді қабылдайтын – сіз, демек оның жауапкершілігі де тек сіздің мойныңызда. Сондықтан шешім қабылдағанда цифрлық жүйеге емес, адами парасатқа сүйенген жөн. Тек сонда ғана қателікке бой алдырмаймыз.

Айта кетейік, бұған дейін білім алу жүйесінде ЖИ-ге сүйеніп жүрген оқушылардың бүгінгі жағдайын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 12:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары