Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Жамбыл облысындағы президент резиденциясының қазіргі жағдайы қандай: онда әкім тұра ма?

Жамбыл облысындағы президент резиденциясының қазіргі жағдайы қандай: онда әкім тұра ма?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2023 жылдың басында Тараз, Қостанай, Ақтау, Атырау мен Ақтөбедегі президент резиденциясы балалардың қажеттіліктеріне берілетіні белгілі болды. Ол кезде жергілікті әкімдіктер оларды кімге беру керегін өздері анықтайтыны айтылған - балабақшаларға, сауықтыру орталықтарына немесе басқа да мекемелерге. Tengrinews.kz редакциясы үш жылдан кейін бұл бастама қалай жүзеге асып жатқанын білмек болды. Зерттеу үшін алғашқы нысан ретінде Жамбыл облысындағы бұрынғы резиденция таңдалды. 

Резиденция орнына балалар лагері: уәде орындалды ма?

2023 жылғы мамырда ОКҚ-дағы брифингте Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов журналистерге өңірдегі президент резиденциясы жергілікті білім басқармасының балансына берілгенін айтқан болатын. Сол кезде ол нысан аумағында жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагерін ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"Біз осы пионер лагерін күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен шамамен 600 миллион теңге бөлдік. Онда штат болады, жөндеу жұмыстары жақын арада басталады, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр. Біздің жоспар жыл бойы жұмыс істейтін 50 орындық пионер лагерін ашу. Ғимарат бар, оқу сыныптарын қайта жабдықтаймыз, қосымша жиһаз сатып аламыз. Қаржыландыру, тамақтандыру, жалақы мәселелері шешілген", - деген еді Нұржігітов.

Бір қызығы, үш жыл бұрын бұрынғы әкім балалар лагерін "пионер" деп атаған, бірақ  Қазақстанда пионер көп жылдан бері жоқ.

Ал сол жылдың тамызында Нұржан Нұржігітов "пионер" лагерінің емес, "Мөлдір бұлақ" оқу-сауықтыру орталығының салтанатты ашылуына қатысқан.

Іс-шарадан бақытты балалар мен Нұржігітовтың көптеген суреті жарияланды, бірақ  бұрынғы резиденция ғимараты көрінбеді. 

Бұрынғы резиденцияның қазіргі көрінісі 

Сондықтан Tengrinews.kz редакциясы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына ресми сұрау жолдап, нысанның фотосуретін беруді және оны күтіп ұстауға жыл сайын бюджеттен қанша қаражат жұмсалатынын сұрады.

Әкім аппараты толық жауап беріп, суреттерді жіберді. Енді Гродеково ауылындағы қазір балалар демалатын бұрынғы президент резиденциясының қандай күйде екенін көруге болады. 

Фото: Жамбыл облысы әкімінің аппараты

Резиденциядан балалар орталығына бассейн, душ бөлмелері және сауна қалған.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің аппараты

Бөлмелердің бірі асхана ретінде жабдықталған. Басқа бөлмелер оқу сыныптарына, ойын немесе спорт залдарына айналған.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің аппараты

Бұл бұрынғы резиденция екенін қабырға мен төбедегі безендіру, қарапайым балалар орталықтарына тән емес қымбат люстра мен витражды терезелер еске салады.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің аппараты

Сондай-ақ әкім аппаратының өкілдері бұл оқу-сауықтыру орталығы жыл бойы жұмыс істейтінін айтты. Қыркүйектен мамырға дейін балалар 20 күн, ал жазда (маусым, шілде, тамыз) - 15 күн демалады. 

"Мұнда Жамбыл облысынан дарынды балалардың, үздік оқушылардың, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың демалысы, оқуы және сауықтыруы ұйымдастырылған. Оқу-сауықтыру орталығы Тараз бен Жамбыл облысы аудандарынан 5-9 сынып оқушыларын қабылдайды. Заманауи оқу кабинеттері, спорт алаңдары, воркаут, үйірмелер мен секциялар үшін бөлмелер, асхана бар", - деді аппарат өкілдері. 

Сондай-ақ орталық іске қосылғаннан кейін 2023 жылғы бес айда онда 411 бала демалғаны, 2024 жылы - 858 бала, 2025 жылы - 860 бала болғаны айтылды. 

Биыл жыл басынан бері мұнда 202 бала келген. Ал дәл қазір орталықта 50 бала демалып жатыр.

"Орталықта үйірмелер жұмыс істейді, шеберлік сабақтары, зияткерлік ойындар мен тақырыптық кездесулер өткізіледі. Мұндай іс-шараларға қатысу балалардың шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Балалардың дене белсенділігі мен денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Спорттық жарыстар, эстафеталар, ойындар, спорт алаңдарындағы жаттығулар мен таза ауада серуендеу ұйымдастырылады. Емдік дене шынықтыру кабинеті, тренажер залы жұмыс істейді. Ойын-сауық концерттік бағдарламалар, тақырыптық кештер, байқаулар, патриоттық және танымдық кездесулер өткізіледі", - делінген әкімдік жауабында.

Балалар орталығын күтіп ұстауға бюджеттен қанша миллион жұмсалады?

2023 жылғы мамырда өңірдің бұрынғы басшысы Нұржан Нұржігітов әкімдік "осы пионер лагерін ұстауға жергілікті бюджеттен шамамен 600 миллион теңге бөлді" деген еді.

Жамбыл облысы әкімінің аппаратына сауал жолдаған кезде осы соманы нақтыладық.

Ондағылар бұрынғы резиденцияны жөндеу мен қайта жаңғыртуға 2023 жылы 240 миллион теңге жұмсалғанын айтты. Сондай-ақ:

"Бұрынғы резиденциядағы жыл бойы жұмыс істейтін лагерьді күтіп ұстауға жыл сайын 398 миллион теңге бөлінеді. Лагерьді күтіп ұстау мен  қызмет көрсету үшін мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алулар жүргізіледі", - деп толықтырды.

Негізі, айтылған деректер сәйкес келеді.

Алайда оларды мемлекеттік сатып алулар сайтындағы келісімшарттар тізілімімен салыстырып көрдік.

Мысалы, 2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен сол басқармаға қарасты "Мөлдір бұлақ" облыстық оқу-сауықтыру орталығы" МКҚК арасында жалпы сомасы 501,3 миллион теңгеге үш келісімшарт жасалған. 2024 жылы - осы мекемелер арасында 393 миллион теңгеге бес келісімшарт. 2025 жылы білім басқармасы "Мөлдір бұлақпен" тағы бес келісімшарт жасады, бірақ бұл жолы жалпы сомасы 467,1 миллион теңге. Биыл бұл мекемелер әзірге тек бір келісімшартқа қол қойған - 108,2 миллион теңге. Қазір ол күшінде және 70,4 миллион теңге игерілген. Жеке сектордың құпиясы: Жамбыл облысының әкімі шын мәнінде қайда тұрады?

Тағы бір қызығы, кейбір өңірде, мысалы Батыс Қазақстан облысында, әкімдер дәл осындай резиденцияда тұрады.  

Ал Жамбыл облысында олай емес екені анық, өйткені резиденция балаларға берілген.

Сондықтан бұл облыстың әкімі қайда тұратыны қызық. Редакцияда бұл сұрақ Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы өткізіп тұратын бірнеше қызықты тендерді көргеннен кейін туындады.

Мысалы, солардың бірі - осы жылдың соңына дейін Тараз жеке секторында орналасқан мекенжай бойынша жалпы энергиямен қамтамасыз ету қызметтері. Жалпы сомасы - шамамен екі миллион.

Тараздағы жеке үйге электр энергиясын жеткізуге арналған тендердің мемлекеттік сатып алу сайтынан скриншоты 

Сондай-ақ сол нысанға бір жылға суық сумен жабдықтау және кәріз (сомасы 224 500 теңге), 2026 жылдың соңына дейін 1,1 миллион теңгеге табиғи газ жеткізу бойынша ұқсас келісімшарттар бар.

Бұл келісімшарттарда жеке сектордағы нақты мекенжай, сондай-ақ қайда жеткізу керектігі көрсетілген. Бірақ ол қызметтік нысан ба, әлде тұрғын үй ме түсіндірілмеген. Жоғарыдағы мемлекеттік сатып алулар сипаттамасынан бұл шығындар бірнеше жүз мыңнан бірнеше миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін екені көрінеді. 

Бұл сұрақ туындатады. Яғни, әкім аппаратының шаруашылық басқармасы жеке сектордағы коммуналдық қызметтерді төлеп отыр, бірақ ол жерде не орналасқаны айтылмаған. Спутниктік картадан қарасақ, онда мемлекеттік мекеме жоқ. Нысан кәдімгі жеке үйге ұқсайды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратына жолдаған суалымызда осы мәселеге түсініктеме беруді сұрадық. Жауапта бұл мекенжайда қазіргі облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тұратыны, ал бұл тұрғын үй шаруашылық басқармасының балансында екені айтылды. Сонымен қатар аппарат коммуналдық қызметтерді төлейтінін растады:

"Жоғарыда көрсетілген нысанның тұрғын емес бөлігінің коммуналдық қызметтерін төлеуді "Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" КММ жүзеге асырады".

Алайда әкімдік өкілдері Жамбыл облысының әкімі тұратын бөліктің коммуналдық төлемдері оның жалақысынан ай сайын ұсталып отыратынын айтты. 

Авторы: Никита Данилин

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Наурыз 2026 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see107

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see105

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары