Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жамбылда жел тұрса, шатырды көктен ізде

Жамбылда жел тұрса, шатырды көктен ізде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әсіресе, кейінгі жылдары Жамбыл облысы Сарысу мен Талас аудандарында тұрған желдің салдарынан көпқабатты үйлердің шатырлары ұшып, әлеуметтік нысандарды қиратқаннан бөлек, тұрақта тұрған көліктерді де басып қалуда. Күні кеше Сарысу ауданында соққан дауыл да елді мекенде төтенше жағдай жариялатып, шенділерді аяғынан тік тұрғызды. Сонда жылда жел тұрса, шатырлар көкке ұшатындай не жағдай туды? Құрылыс сапасыз ба, әлде бұған басқа да себептер бар ма? 

6 ақпан күні Сарысу ауданы Жаңатас қа­ласында тұрған желдің екпінін жер­гі­лік­ті билік 32 м/с-қа дейін жетті деп мә­лім­деді. Нәтижесінде, 1-шағынаудандағы №32, 33, 34, 35 тұрғын үйлердің, 3-ша­ғы­нау­­­­­дандағы №6  үйдің, 4-шағынаудандағы №15 және №15 «а» тұрғын үйлердің ш­а­тырлары  ұшып кеткен. Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан Ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр жа­рығы сөніп қалған. Оқиғаға бай­ла­ныс­ты аудан әкімдігінде жедел штаб құ­ры­лып, зерделеу жұмыстары қолға алынған. 

Алғашқы күні осындай ресми ақпарат берілгеннен кейін ертесіне Жаңатас қа­ла­сына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жет­ті. Аймақ басшысының барғаны сол екен, желдің салдарынан 3 көпқабатты үй­дің шатыры толықтай, 7 үйдің шатыры жар­тылай ұшқаны белгілі болды. Со­нымен қатар 7 кәсіпкерлік нысанның ша­тыры бүлініп, 2 шақырымдай жердің электр сымы үзілгені анықталды. Жағ­дай­ға қаныққан Ербол Шырақпайұлы қай­та қалпына келтіру жұмыстарын дереу қол­ға алуды жауаптыларға тапсырды.  

Әрине, жағдай бақылауда болғаны дұ­рыс. Алайда бұл Жаңатас қаласында бірін­ші рет болып отырған жағдай емес. Бұған дейін де Жаңатас, Қаратау қала­ла­рын­да тұрған желден талай көпқабатты үй­дің шатыры көкке ұшқан. Ал бұдан шен­ділер сабақ шығармады ма? Желдің сал­дарынан келген шығынды өтеуге жыл­да қаржы қайдан табыла бермек? Қ­а­зына қаржысы желге ұшты деген осы емес пе? Бағамдап қарасақ, желге шыдас бер­меген тұрғын үйдің барлығының ша­тыры жаңадан жабылған. Яғни, тозығы жетіп, желге төтеп бере алмады дейтіндей кеңестік кезеңнен келе жатқан шатырлар емес. Керісінше, бұрынғы шатырлар баз қал­пында тұр. Сонда жаңа шатырларды қой­ған мердігерлер құрылысты сапасыз жүр­гізгені ме? Онда бұл нысандарды  құры­лыс саласына жауапты адамдар қа­лай қабылдап алды? Олар олқылықтарды көре тұра, «бармақ басты, көз қыстыға» жол бергені ме?

Бұл сауалдарға, әрине әкімдіктегілер жауап бермесі анық. Сондықтан бұл сұ­рақ­пен құрылыс саласының ардагері Мұ­рат Садықұлына қайырылдық. 

– Жаңатас қаласында болған төтенше жағдайға байланысты екі байлам айтуға бо­лады. Біріншісі – табиғи салдар. Жаңа­тас қаласы Қаратау жотасының етегінде ор­наласқан. Мұнда «Қаратау желі» деп ата­латын жойқын жел тұрады. Желдің ек­піні кейде секундына 35-40 метрге дейін жетеді. Мұндай күшті дауылға кез кел­ген құрылыстың төтеп беруі қиын.   

Екінші жағынан келсек, шатыр­лар­дың ұшуына техникалық себептер сеп болуы мүмкін. Яғни, монтаждау кезінде қа­­­теліктерге жол беру. Шатырды жабу ке­зінде болттар мен шегелерді аз қол­да­нып немесе олардың стандартқа сай кел­­меуі құрылыс сапасын төмендетеді. 

Ал ең өрескел қателік жобалау кезінде ке­теді. Кейбір үйлердің шатыры желдің ба­ғыты мен күшіне есептелмей, стан­дарт­қа сәйкес жобаланбай жатады. Егер ша­тыр тым биік болса, ол желкен сияқты жел­ді ұстап, көтеріліп кетеді. Дәл сондай егер шатырдың астында сәл саңылау бол­са, одан жел кіріп іштен қысым тудырады. Нәтижесінде, ішкі және сыртқы қысым шатырды жоғары қарай көтеріп, ұшырып әке­теді, – дейді құрыс саласының арда­гері. 

Сала ардагері осылайша тұрғын үй ша­­­­тырларының ұшуын құрылыс тілінде тү­сіндіріп берді. Ал Кеңес үкіметі кезінде та­лай құрылыс нысанында бригадир бол­ған Жұмабек Оразов бар мәселе құрылыс сапасыздығында екенін ашып айтуда. 

– Ашығын айту керек, қазір қай құры­лыс болмасын сапасыз атқары­ла­ты­нын әркімнің іші біліп отыр. Бұрнағы кезі «ПМК» атты құрылыс бригадасы бол­а­тын. Оларға қойылатын талап күшті бол­ғаннан кейін құрылыс та сапалы жүр­гізілетін. Кешегі Жаңатас қаласындағы дауыл­дың екпіні күшті болғаны рас. Алай­да Кеңес үкіметі тұсында тұрғы­зыл­ған нысандар баз қалпында қалып, кейін­гі салынған үйлердің шатырлары ұшып жа­тыр. Неге? Өйткені ол үйлердің ша­тыр­лары қаңылтыр шиферлармен жа­был­ған. Құрылыстың барлығы тендерге бай­­ланып қалғаннан кейін жеңімпаз мер­дігерлер арзан әрі оңай жабылатын қаңылтыр жабындыларды алады. Тен­дердің «шапкасы» бар, басқасы бар, со­дан қалған қаржыдан пайда көру үшін мердігер қаңылтыр жабындының да ең жұ­қасын таңдайды. Енді мұндай қаңыл­тырға шеге қаққаннан кейін ойылған тұс  жел тұрса кеңейіп, одан кейін шатыр ұш­пағанда қайтсын?!    

Бұрындары үйлердің үстіне  салмағы 10-15 келі  болатын асбест шиферлар жа­бы­латын. Мәселен, 500 шаршы метр алаң­ға кемінде 5-6 тонна салмақты ши­фер төселетін. Оны анау-мынау жел кө­те­ріп алып кете алмайтын. Дауыл бора­н­ның өзіне төтеп беретін. Ал қазір 500 шар­шы мерт алаңға қойылып жатқан қаңыл­тыр шифердің салмағы небәрі 50-60 келіні құрайды. Бұны енді боран былай тұрсын, аса күшті емес желдің өзі ұшырып әкететіні анық қой, – дейді ол.

Құрылысшының сөзінше, салада «кар­­­низ» деген термин бар. Ол – шатыр мен ғимараттың қабырғалары қиюласқан жеріндегі тесіктерге бітеп қағылатын тос­па. Ал сол тоспаны кейінгі салынып жат­­қан құрылыс нысандарынан көріп жүр­­­­сіздер ме? Міне, осы тоспа болмағаннан кейін жел шатырдың ішіне кіріп, жұқа қаңылтыр жабындыны көкке ұшырып әке­­теді. Шатырлардың көкке ұшып жа­туы­­ның тағы бір себебі – осы. Бір сөз­бен айтқанда, құрылыс сапалы болсын десек, қа­дағаны күшейту керек. Құрылысты тен­дер сынды талан-таражға салмай, ке­зіндегі «ПМК» сияқты бір ғана мекемеге бер­ген жөн. Сонда жең ұшынан жалғас­қан жемқорлық та болмайды, құрылыс та дер кезінде сапалы аяқталады, – дейді ардагер құрылысшы. 

Иә, сала ардагерлерінің сөзі орынсыз дей алмассың. Жылда желге қыруар ақ­ша­ны ұшырғанша, тендерге қатысты мә­селені тереңірек зерделейтін кез кел­ген сияқты. Әйтпесе, жылда екі есі шы­ғын­ға батып, бармақ тістеп отыраты­ны­мыз айдан анық. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы   

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 08:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары