Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Эминемнен домбыра үніне дейін: Меңдібай аға Құрылтайға барар жолда тағы 100 шақырымды еңсерді

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Жаңа инвестиция формуласы: азды көбейтіп, барды тиімді етеді

Жаңа инвестиция формуласы: азды көбейтіп, барды тиімді етеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шетелдік инвестиция туралы айтқанда, әдетте жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарының көбеюі алдымен ойға оралады. Капиталдың келуі экономиканың жандануы­на ықпал ететіні белгілі. Бірақ кейінгі зерттеулер шетелдік инвестицияның еңбек нарығына әсері күткендегіден өзгеше екенін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде инвестициялар жұмыс орындарын көбейтуден гөрі өндіріс тиімділігін арттыруға басымдық беріп отыр.

Былтыр елдің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 13% артқан. Өсім бірнеше салада қатар байқалған. Инвестиция тұрғысынан ең қарқынды өскен сектор – қаржы және сақтанды­ру қызметі. Былтыр оған 313,5 млрд теңге инвестиция тарты­лып, нәтижесінде, 88,4%-ға арт­қан. Сонымен қатар энергетика, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, білім беру, көлік пен қойма салаларында ілгерілеу бар.

Ұлттық экономика ми­нистр­лігінің мәліметінше, инвес­тициялық белсенділіктің өсуі шетелдік инвестиция ағынынан да қолдау тапқан. Былтырғы 9 айда елге тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 14,9 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес ке­зеңі­мен (13,4 млрд доллар) салыс­тырғанда 10,9% артық.

Алайда инвестицияның нақты экономикалық әсері әр­дайым біркелкі бола бермейді. Сарапшы Лина Егелқызының пікірінше, шетелдік капитал бизнес-ортаны өзгертетіні рас, бірақ біз күткен тұста нәтиже бермеуі мүмкін. Жақында жарияланған ЭЫДҰ зерттеуі әңгімеге тұздық болып отыр. Зерт­теушілер Германия, Ита­лия, Румыния елдеріндегі 24 мың­нан астам компанияны зер­де­лей келе, тұрақты бір әсер­ді байқаған. Нәтижесінде, олар «шетелдік капиталдың келуі шағын және орта компа­ния­лардың өнімділігін көтерсе де, жұмыс орындарын арттыр­майды» деген тоқтамға келіпті. Зерттеушілердің дерегінше, атал­ған елдердегі ШОБ бір қыз­мет­керге шаққанда көбірек өнім шығара бастаған, сапа стан­­дарттарын енгізген, бас­қару жүйесін қайта құр­ған. Ал қызметкерлер саны бұ­рын­­ғыдай қала берген. Лина Егел­қызы бұл үрдістің инвес­тиция­ның қазір қалай жұмыс істейтініне байланысты екенін айтады.

«Жаңа фабрикалар салу жағ­дай­лары сиреп келеді. Шетел­дік компаниялар көбіне жұ­мыс істеп тұрған жеткізу тізбек­терін қолай көреді, үдерістерді оңтайландырып, басқару тәжі­рибелерін кіріктіреді. Бұл биз­нестің жұмысына жылдам­дық береді, бірақ штат санын көбейтуді талап етпейді. Тиімділіктің өсуі жұмыс орын­дарының көбеюімен қатар жүрмейді», дейді ол.

Инвестицияның ең елеу­лі әсері жергілікті компания­лар трансұлттық корпорация­лардың жеткізушісіне айналған кезде байқалады. Бұл байланыс-та сапа мен мерзімге деген талап өте жоғары екені түсінікті. Компаниялар жаб­дық­қа, автоматтандыруға, үдерістерді бақылауға ин­вести­ция салуға мәжбүр болады. Сарапшының сөзінше, осын­дай күрделі қайта құру бизнестің тұрақтылығын арттырады, бірақ жұмыс орнын ұлғайтпайды.

«Ал шетелдік инвестор қалып­тасқан нарыққа кірген кезде, жағдай өзгеше өрбиді. Онда бәсекелестік күш алады. Әлсіз компаниялар нарықтан кетіп, күштілер тиімділігін арттырады. Мұндайда өнімділік орташа өскенмен, жұмыс орны сол күйі сақталады. Тіпті кейде қысқаруы да мүмкін, себебі оңтайландыру жұмыс күшіне қажеттілікті төмендетеді», дейді сарапшы.

Ал қызмет көрсету саласында инвестицияның әсері әлдеқайда төмен. Себебі бұл секторда экспортқа бағыт­талған операциялар аз, тұрақ­ты байланыстар әлсіз, ал білім мен тәжірибе алмасу дең­гейі төмен. Сәйкесінше, өңдеу өнеркәсібі ШОБ-ты транс­формациялаудың негізгі арнасы болып қалып отыр.

Аймақтық айырмашы­лықтар да маңызды. Л.Егел­қызының пікірінше, дамуы әлсіз өңірлерде бір шетелдік жоба қуатты серпін беруі мүм­кін, өйткені технологиялық алшақтық жоғары. Алайда жергілікті жеткізушілер дайын болмаса, мұндай инвестициялар оқшауланған «анклавтарға» айналады. Яғни капитал бар, бірақ оның айналасындағы экономикаға ықпалы шектеулі болады.

«Басты мәселе – жұмыспен қамту. Заманауи инвести­циялар автоматтандыру мен цифрландыруға бағдарланған. Олар еңбекті капиталмен алмастырады, компаниялар­дың тұрақтылығын көтеріп, шығындарды азайтады. Бизнеске бұл ұтымды, ал еңбек нарығына бейтарап, кейде тіпті теріс әсер етеді», дейді сарапшы.

Оның айтуынша, кей жағ­дайларда ең кішкентай фирмаларда немесе ірі ойыншы­ларда жұмыс орындары пайда болады. Бірақ тұрақты емес әрі тұрақты үрдісті қалып­тастырмайды. Жалпы алғанда, тікелей шетелдік инвестиция жұмыссыздықпен күресуде әлсіз құрал болып қалады.

«Елдерді салыстыру осыны растап отыр. Шетелдік компаниялар жергілікті тізбекке тереңірек интеграцияланған Италияда ШОБ неғұрлым пайда ала алады. Нарығы толысқан Германияға мұның әсері ай­тарлықтай жоғары емес. Ал Ру­мынияда бизнестің инвесторлармен интеграциясы шектеулі болғандықтан, инвестицияның әсері өте аз деңгейде болады», дейді Л.Егелқызы.

Осыдан негізгі тұжырым шығады. Инвестицияның кө­лемі емес, оның жергілікті эко­номикамен байланыс дең­гейі шешуші мәнге ие. Серік­тестерсіз ірі жобалар көп әсер бермейді. Тығыз жеткізу тіз­бек­тері бизнесті өзгертеді, бірақ жұмыс орындары емес, өнім­ділік арқылы.

Сарапшының пайымдауын-ша, шетелдік капитал әлеу­меттік мәселелерді тікелей шешпейді. Ол тиімділікті көте­реді, жаңаруды жылдам­да­тады, бәсекелестікті күшей­теді. Нәтижесінде, эконо­мика нығая түседі, бірақ оның жұ­мыс күшіне сұранысы мін­дет­ті түрде арта бермейді. Сондық­тан да ШОБ-қа жаңа стандарт­тарға бейімделу маңызды, олай бол­маған жағдайда нарықтағы орнынан айырылуы ғажап емес. Ал тікелей шетелдік инвестициялар бұл үдеріс­ті басқармайды, тек оны жеделдетеді.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Оқиға • Кеше

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Қоғам • Кеше

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді

Ата заң • Кеше

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

Жануарлар • Кеше

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Оқиға • Кеше

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

Футбол • Кеше

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

Оқиға • Кеше

Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды

Оқиға • Кеше

ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады

Көрме • Кеше

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты

Қоғам • Кеше

«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды

Елорда • Кеше

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 09:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see124

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see122

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see122

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see121

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see120

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see113

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

14 Тамыз 2026 18:26see113

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see109

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see108

Эминемнен домбыра үніне дейін: Меңдібай аға Құрылтайға барар жолда тағы 100 шақырымды еңсерді

14 Тамыз 2026 19:04see107

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see106

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see104

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

14 Тамыз 2026 18:36see104

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары