Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Цифрлық экожүйе бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қаншалық ықпал етеді

Цифрлық экожүйе бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қаншалық ықпал етеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2024 жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) барлық ақпараттық жүйелеріне тәуелсіз IT-аудит жүргізілді. 

- Оның нәтижесінде 14 жүйені алмастыратын, яғни 5 жүйеден тұратын МКК-нің мақсатты ақпараттық архитектурасы қалыптастырылды: Smart Data Finance, Салық саласындағы әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі, Тәуекелді басқару жүйесі, Электронды шот-фактуралар, Кеден (АСТАНА-1). Бүгінде осы жүйелерді біріктіріп, енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, - деді Ә. Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Тұтастай алғанда, бұл микросервистік архитектураға толығымен көшіп, бизнес-процестерді оңтайландыруға және үлкен деректерді өңдеуге мүмкіндік берді. Ең бастысы, жасанды интеллектіні енгізуге жол ашылды.

Атап айтқанда, цифрландырудың орталық элементі – Smart Data Finance жүйесі болды. Ол 74 дереккөзден алынған ақпаратты біріктіретін мемлекеттік қаржының талдамалық орталығы саналады. Жүйе салық процестерін автоматтандыруға, қағаз құжат айналымын азайтуға және жасанды интеллект негізінде кірістерді болжауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың сәуірінен бастап «Keden» ақпараттық жүйесін енгізу басталды. Ол бұрын қолданылған «АСТАНА-1», «Бірыңғай терезе» жүйелерін алмастырды. Жаңа жүйе кедендік рәсімдеудің барлық кезеңдерін автоматтандырады. Заң бұзу деректерін онлайн-режимде тіркейді және шешім қабылдауда жасанды интеллектті пайдаланады. Жақын арада «Импорт-40» финалдық модулін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін рәсімдерді жеңілдетіп, процестердің ашықтығын арттырады.

Бұдан бөлек, цифрландырудың маңызды құралдарының бірі – «Ұлттық тауарлар каталогы» мемлекеттік деректер базасы. Ол бұрын бөлек жұмыс істеген анықтамалықтар мен классификаторларды біріктірді. Бүгінде каталогта 15 миллионнан астам тауар туралы ақпарат бар. Осы негізде Бағалар деректер базасы құрылып, бюджеттік жоспарлауда қолданылады және нақты нарықтық деректер есебінен қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бизнеске қолдау көрсету саласында да айтарлықтай өзгерістер енгізіліп жатыр. «Baqylauda» жүйесі мемлекеттік қолдау шараларын мониторингтеу мен талдауды қамтамасыз етеді. Салық жүйелерімен интеграцияның арқасында кәсіпкерлердің скорингтік бағалау механизмі енгізіліп, субсидиялар мен жеңілдіктердің тиімділігін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мақсатында «Tapsyru» электрондық порталы іске қосылды. Ол мемлекеттік ұйымдар арасында пайдаланылмай жатқан активтерді онлайн форматта беруді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде жүйеге 23,9 мыңнан астам ұйым қосылған, ал деректер базасында шамамен 20 миллион нысан туралы ақпарат бар. Бұл қайталанатын сатып алуларды болдырмай, бюджет шығындарын оңтайландыруға жол ашады.

Бюджеттік процестердің ашықтығын арттыру үшін онлайн-бюджеттік мониторинг және мемлекеттік органның цифрлық профилі жүйелері енгізілді. Олар нақты уақыт режимінде кірістерді, шығыстарды, несиелеу мен қаржылық тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект элементтері бюджеттік көрсеткіштерді 95% дәлдікпен болжауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Кәсіпкерлердің бірыңғай жеке кабинеті» жобасы іске асырылып отыр. Бұл Қаржы министрлігінің барлық цифрлық сервистерін біріктіретін бірыңғай платформа саналады. Оның көмегімен кәсіпкерлер салық және кедендік есептілікті тапсыра алады, мемлекеттік сатып алуға қатысады, салық төлейді және хабарламалар алады. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бизнес-көмекші проактивті түрде мемлекеттік қолдау шараларын және жеңілдік бағдарламаларын ұсынатын болады.

Бұдан бұрын Қазақстанның орнықты даму мақсаттары аясында ЖИ мен цифрландырудың үлесі жайында жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 13:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары