Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Жаңа Конституция қабылдау ұсынылды

Жаңа Конституция қабылдау ұсынылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жекелеген түзетулер жеткіліксіз.

Жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыру керек. Ата заң жобасымен танысып шыққан комиссия мүшелері, өзгерістің ауқымды екенін алға тартып, осындай ұсыныс жасады. Олардың айтуынша, бірлі-жарым бастама аздық етеді. Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысы, Ата заң сұлбасын талқылауға арналды. Қандай ұсыныс пен пікір айтылды?

Комиссия мүшелері кеше жаңартылған Конституция жобасын қолдарына алып, құжатпен жан-жақты танысқан. Енді бүгінгі отырыс сол алғашқы нұсқаны талқылауға арналды. Отырыста сан алуан пікір айтылып, қатысушылар жаңа ұсыныстармен келді. Тіпті кей нормалар пікірталас тудырды. Жиында бірінші болып сөз алған Мұрат Әбенов «Конституциялық реформа арқылы тарихи қателікті түзететін мүмкінді туды» деп, "республикалық референдум" атауын "жалпыұлттық референдум" деп өзгертуді ұсынды. Ал Сергей Пономарев өлім жазасына тыйым салынатынын мәлімдеді. Адамды әдейі, қасақана өлтіруге ешкімнің құқығы жоқ деген норма енгізіледі. Депутаттың айтуынша, бұл Ата заңдағы гуманизм құндылығын күшейтеді. Конституциямен етене жұмыс істейтін мамандар да өз пікірлерін ортаға салды. Адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев жаңа нормалар қоғамның сұраныстарына сай келетінін айтып, адам құқықтары сақталғанын жеткізді. Ал сөз соңында жаңа Ата Заң мәселесін қарауды ұсынды.

Мәди Мырзағараев, республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, конституциялық комиссияның мүшесі:

- Кеше жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Мен бұл өзгерістердің барлығын тереңнен зерделеп шықтым. Мұнда Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған өзге де маңызды жаңалықтар аз емес. Олардың барлығы қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келеді. Осыған байланысты Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарау орынды деп санаймын.

Бұл пікірді Дания Еспаеева да қуаттады. Ол заманның ағымы мен жаңа сын-қатерлерді негізге ала отыра жекелеген түзетулер мұндай өзгерістерге қажетті айқындықты қамтамасыз етпейді деді. Оның ұсынысы - бізге жаңа Конституция қажет. Себебі өзгеріс тым ауқымды. Ал мұндай реформа болса, жаңа редакция қабылдануы қазіргі заңда да жазылған.

Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, конституциялық комиссияның мүшесі:

- Заңда нақты жазылған. Нормативтік құқықтық актінің мәтініне оның көлемінің жартысынан астамына жететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда оның жаңа редакциясы қабылданады. 

Бұл ойды өзге де қатысушылар қолдады. Осы тақырыптың төңірегінде бұдан өзге бірнеше ұсыныстар айтылды. Комиссия құрамында әкімдер де бар. Халықтың тынысымен һәм тұрмысымен етене таныс олар да құр алақан емес. Мысалы, Жеңіс Қасымбек Конституцияға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» идеяларын енгізу бастамасын көтерді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі, конституциялық комиссияның мүшесі:

- Жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысының жемісті болуы халықпен жүйелі байланысты талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғындармен тұрақты және конструктивті диалог орнату аймақтарды кешенді дамытудағы негізгі фактор болады. Құрметті әріптестер, осы маңызды сұрақтарды Конституция жаңа жобасында Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттары деп қарастырып, енгізуді ұсынамын. 

Осылайша отырыс ұсыныс пен пікірге толы болды. Білім-ғылым, неке институтына қатысты жаңа нормалар тыңғылықты талқыланды. Құрылтай мен Халық Кеңесі құрылымдары тағы бір пысықталды.

Бекзат Аманов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары