Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жаңа техника диқандарға рекордтық өнім жинауға мүмкіндік берді

Жаңа техника диқандарға рекордтық өнім жинауға мүмкіндік берді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жыл басынан бері фермерлерге жалпы құны 250 млрд теңге болатын 10 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы берілді. Ең көп сұранысқа ие техника - тракторлар (4 мыңнан астам, 99,3 млрд теңге). Артынан комбайн (732 бірлік), сеялка (775 бірлік) және егіс кешендері (99 бірлік) келеді.

Мұндай қарқынға «ҚазАгроқаржы» бастаған 5 пайыздық жеңілдетілген лизинг бағдарламасы серпін берді. Осы бағытта 6300 астам келісімшарт жасалып, 218,5 млрд теңге игерілген. Бағдарламаның артықшылығы – фермер артық несие жүгінсіз-ақ техникасын жаңарта алады.

Лизинг бойынша ең белсенді аймақтар  дәстүрлі түрде елдің астықты өңірлері, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы – 37,5 млрд теңге (731 техника), Ақмола облысы – 35,7 млрд теңге (631 техника) және Қостанай облысы – 32,1 млрд теңге (941 техника).

Ақмола облысындағы «Шанырақ-Р» ЖШС шаруашылығы – осы жылдың табысты мысалы. Өңір шаруалары лизингтік бағдарламалар арқылы техника паркін қарқынды түрде жаңартып келеді. 

«Біздің шаруашылық 2003 жылы құрылған, алғашқы қадамдарымызды 2000-жылдардың басында жасадық. Ол кезде «ҚазАгроҚаржы» арқылы 4 пайыздық лизингпен техника алғанбыз. Сол қолдау көп фермерге демеу болды. Қазір бізде 54 мың гектар жер бар. Біз бидай, арпа, күнбағыс, зығыр және жасымық егеміз сияқты дәнді дақылдарды егеміз», – дейді шаруашылық басшысы Уәли Рахметов.

Оның айтуынша, 2025 жыл шаруашылық үшін сәтті болды. Биыл гектарынан 17 центнер өнім алынған. Бұл маусымда шаруашылық «ҚазАгроҚаржы» арқылы жаңа чизель соқалар, тырмалар және екі тіркеме техникасын да алған.

«Бұрынғы техника жұмыс ырғағына ілесе алмайтын. Ал жаңасы кідіріссіз, сенімді жұмыс істейді. Соқадан кейін шлейф тырма бір өтумен-ақ жерді тегістеп шығады. Осылайша уақытты да, күшті де үнемдейміз», – дейді ол.

Уәли Рахметовтың айтуынша, лизинг – ауыл шаруашылығын алға сүйрейтін ең тиімді құрал.

«ҚазАгроҚаржының» қолдауының арқасында ісіміз алға басты. Техниканы жаңарту нақты нәтижесін берді. Мен бұл салада көп жылдан бері істеймін, сондықтан мемлекет көрсетіп отырған мұндай көмекті шын жүректен бағалаймын», – деді ол.

Тағы да бір табысты мысалдың бірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазына-1927» ЖШС. Оны тәжірибелі фермер Қуантай Аулабаев басқарады.

«Бұрын қиын еді, техника ескі болатын. Биыл «ҚазАгроҚаржы» арқылы құны 86 млн теңге тұратын жаңа Vector комбайнын алдық. Өткен жылы комбайнды жалға алу табысымыздың 15 пайызын жеп қойды. Енді сол ақша өзімізде қалды», – дейді ол.

Қуантай Аулабаевтың айтуынша, лизинг болмаса, мұндай жаңарту мүмкін болмас еді. Жаңа техника келгеннен кейін шаруашылықтағы жұмыс жылдам әрі үнемді бола түскен.

«Ескі техника жиі бұзылатын, қосалқы бөлшектері қымбат әрі сапасыз еді. Ал жаңасы кемі үш-төрт жыл ірі шығынсыз қызмет етеді. Егін де тез жиналады, өнім көлемі де артты. Сонымен қатар, қазір отандық комбайндардың өзі қымбат. Бірақ лизинг бізге демеу болды. Енді жалға төлеген ақшаны өз техникамызға жұмсаймыз. ҚазАгроҚаржы» мамандары құжаттарды жинауға көмектесті, бәрін түсіндіріп берді. Қаржыландыру тез шешілді. Мемлекеттің нақты қолдауын сезіндік», – дейді Қуантай Аулабаев.

2025 жыл агроөнеркәсіп үшін нақты серпіліс кезеңі болды. Фермерлер мол өнім жинап қана қоймай, техникалық жаңару арқылы еңбек тиімділігін еселеді. Бұл табыстың өзегінде мемлекеттің жүйелі қолдауы мен «ҚазАгроҚаржы» жүзеге асырған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары тұр.

Жаңа техника – жай ғана құрал емес, ол ауылдағы өмір сапасын жақсартудың, еңбектің өнімді болашағын қалыптастырудың кепілі. Ал шаруалар тәжірибесі көрсеткендей, дұрыс қаржылық тетік бар жерде нәтиже де бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 13:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары