Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Жануарлар туралы заң: Иесіз иттерге байланысты не өзгерді?

Жануарлар туралы заң: Иесіз иттерге байланысты не өзгерді?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Иесіз иттер неге көбейіп кетті?

Еске салайық, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы 2021 жылы Мәжілісте қаралғаны мәлім. Сол кездегі заң жобасында жануарларды аулау, тиісті ортада стерилизациялау, вакцинациялау, одан кейін табиғи ортаға жіберу әдісін қолдану тұрғысында мәселелер қозғалды. Табиғи ортаға жіберу арқылы жануарлардың популяциясы қысқартылады деп күтілді. Алайда бірталай уақыт өткенімен, қаңғыбас иттердің саны азаймады.

Иесіз иттердің көбейіп кетуінің бір себебі адамның жеке жауапкершілігінде жатса керек. Көптеген адамдар бастапқыда әуестікпен немесе бала-шағасының қызығушылығымен итті асырап алады да, керек жоқ кезде жібере салады. Осы тұста айта кетейік, адам әуелі иті асырап алмас бұрын «бұған жауапкершілікпен қарай аламын ба, уақытында ветеринарға бара аламын ба, еңбек демалысы кезінде жол жүру керек болса, итіме кім қарайды?» деген сияқты сұрақтарды өзіне қойып, ойлануы керек.

Ал, жаңа заңның негізгі жақсы міндеттерінің бірі – әрбір адамды жауапкершілікке әкеледі.

2021 жылғы заң жобасында жануарларға қатыгездік жасамау туралы мәселелер көтерілсе, ал 2026 жылы қабылданған заң жобасына сәйкес басты бағытқа – азаматтардың, әсіресе, жас балалардың қауіпсіздігі алға қойылып отыр. Екі заң жобасын салыстырған кезде осындай нәтижені айтуға болады.

Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі кеңейтіледі

Астанада иесіз ит көп емес, ал қала маңындағы ауылдардан көп кездестіресіз. Иесіз иттер ауылдарда жеткілікті, ал мегаполис, моноқалаларда үйірімен, топ-тобымен жүргенін көресіз.

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Бақытжан Исақаевтың айтуынша, үлкен қалалар мен мегаполистерде 109 қызметі аулау қызметін атқарады. Осы жұмыстарды арнайы атқаратын ұйым – жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) бола ма, әлде әкімдіктің өзінің ветеринарлық станциясы бола ма, оны әкімдіктер мемлекеттік сатып алу арқылы айқындайды.

«Әкімдіктердің сайттарында аталған ұйымдардың нөмірлері жарияланады. Не болмаса бірыңғай ортақ нөмір 109 қызметіне хабарласып, «итті көлік қағып кетті», яки «иттер тобымен осы маңда жүр» деген сияқты түрлі хабарламалар жіберуге болады. Сәйкесінше, хабарлама аулау қызметтеріне жеткізіледі. Аулау қызметтері сол маңға барып, иттерді аулап, оны панажайларға апарады», деді Б. Исақаев.

 

(Фото: sredneuralsk.info) 

Бақытжан Исақаевтың айтуынша, осы қабылданып жатқан заң бойынша әкімдіктер құрамына құқық қорғау органдарын және табиғат қорғаушыларын, қоғамдық инспекторларды бірге алып, иттердің қалай күтіліп-ұсталуын, есепке қойылған-қойылмағанын тексеру бойынша рейдтер ұйымдастыра алады. Енді заң күшіне енгеннен кейін іс-шаралар өткізіліп, түсіндіріледі.

«Бұл заңның жаңалығының бірі – жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігін кеңейтіп отыр. Жалпы қағиданы да солар бекітеді. Өз өңірінің ерекшелігіне байланысты жануарларды бағып-ұстау ережесі, иесіз қалған жануарлардың санын реттеу, жалпы оларды есепке қою, т. б. шаралардың барлығы жергілікті әкімдіктерге міндеттеліп отыр. Бұған дейін ондай өкілеттіктер болмаған», дейді Бақытжан Исақаев.

Айыппұлдар артты

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева атап өткендей, бұрынғы заң бойынша иттер чиптелмейтін болса айыппұл салынатын. Енді осы заңда тағы қосымша айыппұлдар саны артты. Өйткені қаңғыбас иттер аспаннан түсіп жатқан жоқ. Әрине, олардың бастапқыда иесі болған. Мәжіліс айыппұлдарды, одан кейін Қылмыстық кодекске бірнеше түзетулерді енгізіп, Үкіметтің қорытындысына жіберген.

«Жануарларға қатыгездік жасап, оны мерт қылғаны үшін айыппұл – 120 айлық есептік көрсеткіштен 150-ге дейін ұлғайтылса, қоғамдық жұмыстарға жегілу 120 сағаттан 150 сағатқа дейін көбейтілді, ал қамау мерзімі 30 тәуліктен 40 тәулікке дейін ұзартылды», деді депутат.

Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды

Н. Дементьеваның айтуынша, егер қатыгездік салдарынан жануар өлсе, онда кінәлі тұлғаға қарсы қосымша шектеулер күшейтіледі.

«Құқық бұзушылық бірнеше жануарға қатысты жасалса, адамдар тобы болып жасалса, егер қайталанса, кәмелетке толмағандардың көзінше немесе әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жасалса, онда айыппұл 1000 айлық есептік көрсеткіштен 2000-ға дейін ұлғайтылады (7 000 000 теңгеге дейін). Қоғамдық жұмыстар 400 сағаттан 800 сағатқа дейін көбейтіледі. Осылай әкімшілік жауапкершілікті күшейтпесек, онда жануарлар иесіз болып қала береді. Олардың санын да азайта алмаймыз. Өйткені жануарлардың иелері өздерінің жауапкершілігін сезінбей қалады», дейді Наталья Дементьева.

Үй жануарларын ұстау, серуендету, тасымалдау талаптары бұзылса, айыппұл – 10 айлық есептік көрсеткіштен 30 айлыққа дейін арттырылады. Бір жыл ішінде қайталанса бұл жағдай екі еселенеді. Сондықтан иелері енді үй жануарларына өте ұқыпты қарауына тура келеді.

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Иттерді чиптеу

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Бақытжан Исақаевтың айтуынша, соңғы бекітілген нормаға сәйкес, иттің чипі болмаса, енді ол иесіз болып есептелінеді.

«Негізгі міндеттелетіні – чип. Егер бұрынғы тәсілмен құлағына сырға салып, базаға тіркеген болса, онда база арқылы иесі анықталып, сәйкесінше иесіне қайтару солай жүргізіледі. Егер белгілі мерзімге дейін осы итті әкімдік ұстаған болса, сол мерзім аралығындағы келтірілген шығындар жануар иесінен өндіріліп алынады», деді Бақытжан Исақаев.

Чиптің ішінде міндетті түрде осы иттің иесі және мекенжайы жазылады, вакцинацияланған ба, жоқ па деген сияқты әртүрлі ақпарат жазылады. Иесіз жүрген иттерді ұстаған кезде кейбір чиптерде мүлде ешқандай ақпарат болмайтын жағдайлар болып жатады. Б. Исақаевтың айтуынша, оның себебі ит иесі чип енгізу керек кезінде база арқылы өтінім береді. Бірақ көп азаматтар чиптерді резервке қояды (оны кім резервке қойғанын, қай ветеринар қойғанын нақтылауға болады). Бірақ ветеринарға барып чипті орнатып, верификациядан өткізбегендіктен, сол нөмірлерде ешқандай ақпарат болмай тұрады.

Үй жануарларын чиптеу: Жануарлар туралы жаңа заң бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі

Бақытжан Исақаев база туралы да тоқталып өтті. Оның айтуынша «Таңба» мен «Табан» екі бөлек нәрсе.

«Мәселен «Таңба» деген – әкімдіктер айқындайтын база. Ал «Табан» деген – біздің Қаржы министрлігімен бірлесе отырып жасаған базамыз. Бүгінгі нарықта «Таңба» және «Айтикор» деген 2 компания бар. Ол «Таңбаның» өзін жеткізетін 2 компания жұмыс істейді. Бұл жерде әртүрлі компания жеткізеді. Ал «Табан» бұл жинақталған ақпараттар. Мысалы, Алматы облысы мен Алматы қаласының екеуінде екі түрлі база болуы мүмкін. Алматыда «Таңба» болса, Алматы облысында «Айтикор» немесе басқа база болады. Екеуіндегі ақпарат келіп, біздің «Табан» деген базамызға жинақталады. Иттерді іздеу-нақтылау тұрғысында жергілікті ұтып алған база арқылы таба алмаған жағдайда, республикалық базадан («Табан») қарауға болады, одан барлық өңірлер шығады. Кез келген ұтқан компанияның барлығы бізге ақпарат беріп отырады», дейді Б. Исақаев.

Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады

Түйін

Қоғамда «Шетелдерде олай емес, ал біздің иттер неге агрессивті?» деген мәселе айтылып жатады. Иттер агрессивті болып тумайды. Агрессия көбіне аштықтан немесе қорқыныштан, яғни адамдардың қатігез қарым-қатынасынан болады.

Құтырған иттердің қабуының денсаулыққа зияны зор, тіпті қайғылы жағдаймен аяқталуы да мүмкін.

Иттен зардап шеккен тұлға иттің иесінен барлық шығындарын – өзінің денсаулығына келтірілген шығындардың сомасын, емінің, емге кеткен және материалдық шығындарының барлығын өндіре алады. Бұл заңмен көзделген. Бірақ мұны көп адам әлі де білмейді.

Түйіндей айтқанда, әрбір заң қабылданған кезде, сол заң туралы түсіндірулер телеарналар және әлеуметтік желілер арқылы халыққа тарала берсе, ел соны көріп, мәдениеті оянады. Мысалы, қазір экологиялық мәдениет барлық жерде айтылып жатқандықтан, халық біртіндеп осы экологиялық мәдениетке үйреніп жатыр. Егер жануарларды қорғау туралы барлық жерде айтылатын болса, халық көріп: «Біз ит асырап алу үшін әуелі өзіміз жауапты екенімізді білуіміз керек екен ғой», деп түсіне бастайтыны анық.

Қазақстанда әр сағат сайын бес адамды ит қабады

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары