Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жас буын әлеуеті: еліміздегі ЖИ мүмкіндіктерін үйрету тетіктері

Жас буын әлеуеті: еліміздегі ЖИ мүмкіндіктерін үйрету тетіктері

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 2-8 тамыз аралығында елордада ұйымдастырылатын сайысқа ғаламның әр түкпірінен 400-ден астам үміткер қатысып, бақ сынайды.

– Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада (IOAI) – мектеп оқушылары үшін жасанды интеллект саласындағы ең беделді әлемдік олимпиадалардың бірі. Ол – ондаған елден келген ең мықты қатысушылардың басын қосатын, сондай-ақ, ЖИ саласындағы дарындарды іріктеп, анықтайтын және дамытататын негізгі алаң. IOAI 2026 финалы Астана қаласында 2-8 тамыз аралығында өтеді. Әлемнің түрлі елдерінен 100-ден астам делегация және 400-ден астам қатысушы келеді, - делінген министрліктің ресми сауалымызға жолдаған жауабында.

Жобаны Спорттық бағдарламалау федерациясы ұйымдастырмақ. IOAI-ді өткізу – тек халықаралық мәртебелі іс-шара ғана емес, сонымен қатар стратегиялық даму құралы. Өйткені, мұндай жарыстарға қатысу жас таланттарға жаһандық нарыққа тікелей жол ашады. Үздік қатысушылар ірі технологиялық компаниялардың көзіне түседі. Шақырту алуы да ғажап емес. Ондай жағдайда қазақстандық мамандар жетекші әлемдік AI командаларының қатарына қосылады. Мұндай іс-шаралар елге халықаралық серіктестіктерді, университеттерді әкеледі және технологиялық секторға инвестиция тартады.

Одан бөлек, әлемдік деңгейдегі олимпиадаларды өткізу ішкі бәсекелестікті күшейтеді. Соның арқасында кадр даярлау сапасы жоғарылайды әрі Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретінде тұрақты имиджі қалыптасады.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Pro/ Canva

Оқушыларға арналған бағдарламалар

IOAI-дің халықаралық деңгейдегі аса маңызды байқау екені шүбәсіз. Алайда оған әр баланың қолы жете бермейтіні де рас. Олимпиадаға елішілік іріктеуде қатарынан оқ бойы озып шыққан үздіктер ғана қатысады.

Дегенмен, қазіргідей жаһандық цифрландыру дәуірінде тек халықаралық олимпиадада бақ сынайтындар емес, өзге де оқушылар, қалың көпшілік те ЖИ саласында сауатты болуы тиіс. Бұл да мамандардың жіті назарында.

Мәселен, еліміздің әр өңірінде көптеген TUMO орталығын ашу жоспарда бар. Мұндай мекемелерде 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер тегін білім алады. Онда ешқандай емтихан не кедергі жоқ. Оқушылардың ЖИ саласына деген ынтасы мен қызығушылығы болса, жеткілікті.

– Жалпы алғанда, цифрлық және ЖИ-дағдыларды дамыту бағдарламаларымен білім беру саласының барлық сатыларындағы кемінде 450 мың оқушы мен оқытушы қамтылады, - делінген ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми жауабында.

Балалар мен жасөспірімдердің білімі мен қабілет-қарымын жетілдіруге ҚР Оқу-ағарту министрлігі мамандары да білек сыбана кіріскен. Мысалы, еліміз Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп, орта білім беру жүйесіне Day of AI Qazaqstan бағдарламасын енгізіп жатыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл бағдарлама әр оқушыға ауадай қажет. Себебі ЖИ-дің жұмыс істеу қағидаттары, мүмкіндіктері және соған байланысты сын-қатерлер мен жауапкершілік туралы түсінік қалыптастырады. Сонымен қатар, математика, физика, химия, биология, жаратылыстану және информатика сияқты негізгі пәндерді оқытуға септігін тигізеді. Есептерді шешуде, күрделі тапсырмаларды орындауда қажетті сызба, бейне не пішінді жасауға көмектеседі. Сабақты балалардың танымына сай өткізуге ықпал етеді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

– Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең оқушылар мен мұғалімдер арасында жасанды интеллект сауаттылығының негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Оқу мазмұны жасанды интеллектінің базалық ұғымдарын, оны қолдану мысалдарын және этика мәселелерін қамтиды. Педагогтерді даярлау каскадтық модель бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Day of AI командасы мұғалім көшбасшыларды оқытады. Олар кейін MIT-тен сертификат алып, жиған білімін әріптестеріне үйрете алады. Оқу ресурстарын қазақстандық жағдайға бейімдеу және бағдарламаны кеңінен енгізу мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандары мен өзге де сарапшылардан жергілікті команда құрылды, - делінген Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдемесінде.

Ал екінші кезеңде барлық сыныпқа арналған бағдарлама іске қосылмақ. Ол 8-10 сабақтан тұрады. Аталған курс 2028 жылдың тамызына дейін оқу үдерісіне толық енгізілмек.

Жалпыға қолжетімді жобалар

Жастарды ЖИ саласында сауаттандыру және IT мамандарды даярлау мектеп қабырғасынан тыс мекемелерде де қарастырылған.

Сондай жобалардың бірі – Astana Hub халықаралық технологиялық паркіндегі Tech Orda. Бұл бағдарлама офлайн оқығандарға 500 мың теңге, ал онлайн оқығандарға 400 мың теңге грант ұсынады. Онда 18 жастан асқан азаматтар (45 жасқа дейін) қатыса алады.

– Tech Orda бағдарламасы аясында 10 мыңға жуық студент білім алды. 2025 жылы 15 мыңнан астам өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 2 600-ден астам қатысушы оқуына кірісті, - делінген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарламасында. 

Сонымен бірге, елімізде Tomorrow School атты ЖИ мектебі бар. Қазір онда Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Әзербайжаннан 400-ге жуық студент білім алып жатыр.

– Tomorrow School-де оқу ұзақтығы – 18 ай. Студенттер 50-ден астам жоба дайындап, 20-ға дейін бағдарламалау тілін меңгереді, - делінген министрліктің ресми жауабында.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Одан бөлек Astana Hub халықаралық технологиялық паркі IT саласында жобалары мен стартаптары бар азаматтарға қолдау көрсетеді. Мұндай мақсаттағы Silkway Accelerator, Hero Training, Startup Garage тәрізді акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар іске қосылған.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда ЖИ секторына қабілеті мен қызығушылығы бар балаларға, жасөспірімдерге және жастарға ауыз толтырып айтарлықтай жағдай жасалған. Дарыны мен білімін жетілдіремін дегендердің жолы ашық, мүмкіндігі зор. Сондықтан еліміздің бұл саладағы келешегі жарқын боларына сенім кәміл.

Айта кетейік, бұған дейін жасанды интеллект технологиялары мектептерді басқару тәсілдерін өзгертетінін жазғанбыз.

Сондай-ақ жасанды интеллектіге негізделген камералар Ұлттық ұлан сарбаздарын бақылап отырады. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Сәуір 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары