Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ел оқушылары мен студенттерінің ғылыми жобалардағы жетістігі мен сәтті өнертабысын жиі сөз етіп жатамыз. Сол жаңалықтарды ғылыми айналымға енгізу мен өндірісте пайдаға асыру тұсы тиынның екінші бетіндей назарға ілікпей қалады. Дарынды жастардың теориялық тұрғыда тиімді дәлелдеген тәсілдерін іс жүзінде ілгерілету үшін жауапты салалар нендей шешімге арқа сүйеп, оларды қалай ынталандырып отыр? Табысты ғылыми жобаларды қомақты қаржыға айналдырып, ел экономикасына үлес қосу үшін оқушы, студент пен жетекшілері нені білу керек? Тақырып төңірегіндегі осы және өзге де сауалдарымызға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ

Балаларды ой жұмысына баулу мектептен басталады

Министрлік жолдаған жауапқа сүйенсек, елімізде оқушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалық қызметке ерте жастан араласуына жүйелі жағдай жасалған. Ведомство оқушылар арасында зерттеу дағдысын қалыптастыру мақсатында 2-7-ші сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсын дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Аталған ғылыми бәйгеде бүгінге дейін 26 338 білім алушы бақ сынап, бойында іздену алғышарттарын қалыптастырған. Ал 5-6-шы сынып оқушылары үшін «ProEco» экологиялық ғылыми жобалар байқауы тұрақты түрде өтеді.  8-11-ші сынып білім алушылары қарым-қабілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысып шыңдай алады.

«Конкурс жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды қамтитын 19 секция бойынша өткізіледі. Ғылыми жобалар жарысына жыл сайын мектепішілік кезеңде шамамен 30 мыңға жуық оқушы тіркеліп, аудандық және облыстық кезеңдердің нәтижесінде іріктелген 1 000-ға жуық оқушы республикалық кезеңге жолдама алады. Аталған жобалар негізінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік сипатта болады», делінген министрлік мәліметінде.

«Самұрық-Қазына» ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы өндірістің тиімділігін арттырады

Салаға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы жоғары болып, жүзден жүйрік шыққандарға жобасын тереңірек зерделеуге мүмкіндік беріледі. Үздіктер халықаралық деңгейде Қазақстанның атынан өнер көрсету мәртебесін иемденеді. Биылдан бастап 6 авторға АҚШ-та 80-ге жуық мемлекет өкілдері бас қосатын Regeneron ISEF дүниежүзілік ғылым және техника көрмесінде жобаларын таныстыруға жолдама беріледі. Оқу-ағарту министрлігі ендігі жерде аталған көрмеден жүлделі оралған оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне біржолғы сыйақы төлеуді көздеп отыр.

Министрлік оқушылардың ғылыми жобалары, көбіне зерттеу және прототиптік деңгейде іске асырылса, колледж студенттерінің стартап-жобаларының бір бөлігі өндіріс пен бизнеске кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанына назар аударды.

Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

Колледж студенттерінің өнертабысын коммерциялаудың жолы көп

Колледж студенттерінің жобалық және кәсіпкерлік әлеуетін дамыту елімізде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады. Осы құжатқа сәйкес студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында 100 «Business Startup» студенттік орталығын құру мақсаты қойылған. Министрлік дерегінше, бүгінде өңірлерде әлеуметтік серіктестердің қатысуымен 60 колледждің базасында осындай орталық құрылып, олар студенттерді жобалық қызметке тартуға, стартаптарды құру мен ілгерілетуге қолдау көрсетіп отыр. Орталықтардың жұмыс бағыты сан саланы қамтиды.

«Орталықтардың 20%-ы ақпараттық және цифрлық технологиялар саласында жұмыс істейді, ал 15%-ы өндірістік жобаларға маманданған. Бұдан бөлек, жобалар ауыл және мал шаруашылығы, білім беру, қызмет көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлік және өзге де экономика салаларын қамтиды», делінген министрлік мәліметінде.

Мектеп оқушылары адамға даусын қайтаратын құрылғы ойлап тапты

Орталықтарда пісіп-жетілген жобаларды іріктеу мен әрі қарай ілгерілету үшін объективті таңдаудың маңызы зор. Сондықтан құрамына кәсіпкерлер мен кәсіби мамандар біріккен қазылар алқасы колледжішілік және өңірлік турнирлерде сұраныс пен ұсынысы тең тартымды жобаларды таңдауға ден қояды. Сондай-ақ жобаның практикалық маңызы, инновациялық сипаты, іске асыру мүмкіндігі, әлеуметтік әсері негізгі критерий ретінде ескеріледі. Осы аталған сатылардан сүрінбеген стартап-жобалар «Мен – кәсіпкермін» грандтурниріне және «Мисс Бизнес – 2025», «ТОП – 100 студент» конкурсына жолданады.

«Бүгінге дейін аталған байқаулардың республикалық кезеңіне 925 жоба келіп түсті. Олар өндіріс, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік кәсіпкерлік, сауда, мәдениет және өнер, дизайн және креативті индустриялар, білім беру, медицина, туризм, цифрлық технологиялар, көлік және логистика, экология сияқты бағыттарды қамтыды. Сонымен қатар халықаралық серіктестер тарапынан 14 шетелдік жоба ұсынылды. Қорытындысы бойынша елдің 20 аймағынан 72 жоба (137 қатысушы) іріктеліп, олардың бірқатары қызмет көрсету, әлеуметтік және отбасылық бизнес форматында пилоттық кезеңнен өтіп, нақты нарықта іске асырылып жатыр», делінген министрлік жауабында.

Астанада мектеп оқушысы «Ақылды шлагбаум» ойлап тапты

Ал оқушы және студент жобаларының авторлық құқығы еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қорғалады.

Соңғы жаңалықтар

Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер 56 мың адамның берешегін кешірді

Президент • Бүгін, 16:50

2032 жылға дейін Айда қонақүй салынады

Әлем • Бүгін, 16:42

Бибігүл Жексенбай: Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды

Архив • Бүгін, 16:33

Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?

Оқиға • Бүгін, 16:25

Астана әуежайында елге қауіпті өнімді кіргізбек болғандар анықталды

Оқиға • Бүгін, 16:04

Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?

Қоғам • Бүгін, 15:51

Президентке Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа жоспары таныстырылды

Президент • Бүгін, 15:45

Ақмола облысында ғылымды дамытуға бөлінген қаржы талан-таражға түскен

Заң • Бүгін, 15:22

«Әдемі» нөмірлерге талас: Ел азаматтары бір аптада 200 мыңнан астам өтінім берді

Оқиға • Бүгін, 15:15

11 жастағы астаналық оқушы 4 тілде 853 кітап оқыған

Білім • Бүгін, 15:02

Астанада қарулы ер адам «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкеріне оқ атты

Оқиға • Бүгін, 15:00

Алатау қаласында құрылыс жұмыстары басталды ма?

Экономика • Бүгін, 14:48

Ертіс ауылында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті: 2 бала қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 14:22

Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 14:13

Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді

Аймақтар • Бүгін, 14:00

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 17:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары