Жас Ұлан мектебіндегі әлімжеттік: білім басқармасы түсініктеме берді
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АЛМАТЫ, 21 қараша – Sputnik. Семейдегі "Жас Ұлан" ерлер мектебінде әлімжеттіктің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Абай облыстық білім басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға осыдан екі жыл бұрын болған.
"Әлеуметтік желіде тараған видеода "Жас ұлан" ерлер мектебін 2025 жылы бітірген 111-взвод ұланын оның сыныптасы мойнынан қолымен қапсыра ұстағаны көрініс тапқан. Оқушының айтуынша, видео 2023 жылы түсірілген", - дейді облыстық білм басқармасы.
Мектеп түлегі бұл "достар арасындағы әзіл" екенін, бір-бірімен қалжыңдасқанын атап өткен.
"Сол уақытта мектеп ұжымы жағдайды біліп, балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Оқушылар бір сыныпта оқыған және 2025 жылдың мамыр айында лицейді аяқтаған. Қазіргі уақытта олардың біреуі Павлодар қаласында, ал екіншісі Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқып жатыр", - дейді ведомство.
Абай облысы білім басқармасы "Жас Ұлан" тәрбиеленушілері әрдайым лицей басшылығының назарында болатынын атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 15:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















