Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жасанды интеллект және кинематография: елордада AI фильмдер фестивалі өтеді

Жасанды интеллект және кинематография: елордада AI фильмдер фестивалі өтеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанадағы AI & Digital Bridge 2026 алаңында 1-3 қазан күндері жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

AAIFF 2026 Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып, AI MONTH аясындағы негізгі шаралардың бірі саналатын AI & Digital Bridge 2026 бағдарламасына енеді. Үш күн бойы елордада байқаудың финалистері, халықаралық қазылар алқасының мүшелері, технология және креативті индустрия өкілдері бас қосады. Ал байқауға ұсынылған фильмдер көрермен назарына үлкен экранда ұсынылады.

Фестивальге халықаралық IT және венчурлік индустрия өкілдері қаржылай және технологиялық қолдау көрсетіп отыр. Атап айтқанда, болашағы зор командаларды қолдауға арналған 1 миллион доллар инвестициялық капиталды Coinbase компаниясының бұрынғы техникалық директоры, a16z венчурлік қорының экс-бас серіктесі әрі The Network School негізін қалаушы Баладжи Сринивасан ұсынды.

Фестивальдің технологиялық серіктесі – TikTok пен CapCut сияқты технологиялық өнімдерімен танымал ByteDance корпорациясының B2B бағыты BytePlus. Компания генеративті жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерімен де белгілі.
Фестивальдің жалпы жүлде және инвестициялық қоры 2 миллион долларды құрайды. Оның 1 миллион доллары байқау бағдарламасының жеңімпаздарына берілсе, тағы 1 миллион доллар үздік AI-командаларға инвестициялық қолдау көрсетуге бағытталады.
Ұйымдастырушылар Алмас Жали мен Айзатулла Хуссейннің мәліметінше, фестивальге қатысуға әлемнің 125 елінен өтінім түскен. Үздік ондыққа АҚШ, Қазақстан, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Индонезия, Жапония, Бразилия және Франция кірді.

Қазақстандық авторлар 829 өтінім беріп, елдер арасында екінші нәтиже көрсетті. Байқауға жаңадан бастап жүрген авторлармен қатар, халықаралық аудиториясы қалыптасқан AI-контент жасаушылар да қатысып жатыр.

«125 елден 8 067 өтінімнің түсуі AI-киноның енді эксперимент деңгейінен өтіп, өз авторлары мен командалары бар индустрияға айналғанын көрсетеді. Қазір бұл индустрияның қалыптасқан инфрақұрылымы жоқ. Біз оны Қазақстанда құрғымыз келеді. Сондықтан жүлде қорымен қатар, инвестициялық капитал да қарастырылған. Командалар осында заңды тұлға ретінде тіркеліп, Astana Hub резиденті атанып, өндірісін Қазақстаннан жалғастыра алады. Осылайша фестиваль айналасында AI-өндіріс экожүйесі қалыптасады», – деді AAIFF негізін қалаушы әрі басқарма төрағасы Алмас Жали.

Негізгі бағдарламаның тақырыбы – The Future Worth Living In («Өмір сүруге тұрарлық болашақ»). Оның жүлде қоры 750 мың долларды құрайды. Гран-при иегеріне 450 мың доллар, екінші орын алған фильм авторына 200 мың доллар, үшінші орын иегеріне 100 мың доллар беріледі.

Ашық секцияға тағы 250 мың доллар қарастырылған. Мұнда бес жеңімпаздың әрқайсысы 50 мың доллардан алады. Олар «Үздік кейіпкер», «Үздік режиссура», «Үздік визуалды тіл», «Үздік оқиға» және «Үздік концепция» номинациялары бойынша анықталады.

Қатысушылар ұзақтығы үш минуттан кем емес қысқаметражды фильмдер ұсынды. Байқаудың негізгі талаптарының бірі – full AI форматы. Яғни жасанды интеллект туындыны жасау процесінің негізгі бөлігі болуы тиіс. Байқауға түскен барлық жұмыс міндетті түрде плагиат бойынша тексеріледі.

Фестивальдің жеке бағыты болашағы мықты командаларды кейіннен қолдауға арналған. Инвестиция алушылар ұсынылған жұмыстардың сапасына, олардың орындалу деңгейіне және AI-өндіріс саласындағы әлеуетіне қарай анықталады. Таңдалған командалар Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркеліп, Astana Hub қатысушылары атанады.

BytePlus-пен технологиялық серіктестік аясында 25 финалист DRAMAGIC контент жасау платформасына бір жылдық жазылым және 60 мың кредиттен тұратын пакет алады.
Халықаралық қазылар алқасының құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры әрі Францияның экс-мәдениет министрі Одри Азуле, China Film Group жанындағы Жасанды интеллект зерттеу институтының деканы Ма Пин, Бейжің киноакадемиясы анимация факультеті деканының орынбасары Ван Хао, Баладжи Сринивасан, сондай-ақ BytePlus өкілі кіреді.

Байқау жұмыстарының көрсетілімі 1 қазанда Астанадағы Chaplin кинотеатрында басталады. Көрсетілімдерді алдын ала билет алған көрермендер тегін тамашалай алады. Фестиваль сондай-ақ AI & Digital Bridge 2026 аясындағы жасанды интеллекттің кино, музыка, визуалды өнер, медиа, сән және сторителлингке әсеріне арналған Creative Bridge бағытының бір бөлігі болады.

Халықаралық байқаудың қорытындысы мен жеңімпаздардың есімдері 3 қазанда Астанадағы AI & Digital Bridge 2026 алаңында жарияланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 11:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары