Жасыл ел : Атырауда жастар бөтелке үшін балмұздақ, белсенділік үшін оқу курсына жолдама алады
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ChatGPT жасаған суретАтырауда биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтары аясында жүзден астам жас жұмыспен қамтылмақ.
Маусым айында 30 жас жұмысқа тартылды, шілдеде тағы 40 жас, ал тамызда 30 жас бағдарламаға қатысады.
«Жеті Жарғы» қоғамдық қорының жоба менеджері Заманбек Құрақбайдың айтуынша, бағдарлама жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Маусымда квест ойыны өткізілсе, шілдеде «Puzzle» интеллектуалдық ойыны жоспарланған.
Сонымен қатар түрлі байқаулар мен экологиялық акциялар ұйымдастырылып, «Балмұздақ» бастамасы аясында 70 мың пластикалық бөтелке жиналмақ.
Бұдан бөлек, «Апгрейд Атырау» жобасы арқылы қоғамдық орындар жаңартылып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында үш ауқымды шара өтеді.
Эко-квиз, эко-рейд, эко-тимбилдинг, эко-плоггинг және «Қалдықсыз шеберхана» секілді бастамалар да жоспарланған.
Бағдарлама қорытындысында белсенділігімен ерекшеленген жеті жасқа үш айлық оқу курсына қатысуға мүмкіндік беретін 120 мың теңгелік сертификат табысталады.
Кеше, 15:40
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 02:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















