Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жаяу жүргіншілер өткелінен кейін бірден көлікті тұраққа қоюға бола ма? Сарапшы түсіндірді

Жаяу жүргіншілер өткелінен кейін бірден көлікті тұраққа қоюға бола ма? Сарапшы түсіндірді

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Көптеген жүргізуші көлігін жаяу жүргіншілер өткеліне бірнеше метр жетпей немесе одан өткен соң қояды. Алайда өткелдің алдындағы және одан кейінгі көлікті тоқтату ережелері әртүрлі екенін бәрі бірдей біле бермейді. Өткелге бес метр жетпей көлік қоюға тыйым салынғанымен, одан кейін мұндай шектеу жоқ.

Жаяу жүргіншілер өткелінен кейін бірден тоқтауға бола ма, ережедегі мұндай айырмашылықтың себебі неде және көлікті дұрыс қоймағаны үшін қандай айыппұл салынады? Tengri Auto осы сұрақтарға жол қозғалысы ережелері жөніндегі сарапшы Евгений Каримовпен бірге жауап іздеді.

Жаяу жүргіншілер өткелінен кейін бірден көлікті қоюға бола ма?

Кей жүргізушілер өткелден кейін де бес метр арақашықтық сақтау керек деп ойлап, көлігін қоюға қорқады. Алайда Қазақстанның жол қозғалысы ережелерінде мұндай талап жоқ.

Евгений Каримовтың сөзінше, көлік жаяу жүргіншілер өткелінен толық өткеннен кейін жүргізуші бірден тоқтай алады.

Дегенмен бұл ережені жол қиылыстарына қатысты шектеулермен шатастырмаған жөн. Жаяу жүргіншілер өткелі жол қиылысына жақын орналасса, басқа талаптар қолданылады.

Неліктен жаяу жүргіншілер өткелінің алдына көлік қоюға болмайды?

Жаяу жүргіншілер өткелінің алдында тоқтауға тыйым салудың басты себебі - қауіпсіздік. Тоқтап тұрған көлік басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің айналаны көруіне кедергі келтіруі мүмкін.

"Жаяу жүргіншілер өткелінің алдына қойылған көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бір-бірін көруіне кедергі жасайды", - деп түсіндірді сарапшы.

Сондықтан жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаяу жүргіншілер өткелінің үстінде және оған бес метр жетпейтін жерде тоқтауға тыйым салынады.

Өткелден кейін тұрған көлік айналаны көруге кедергі келтіре ме?

Евгений Каримовтың айтуынша, жаяу жүргіншілер өткелінен кейін бірден қойылған көлік өткелдің алдында тұрған көлік сияқты айналаны көруге кедергі келтірмеуі керек.

Сарапшы жүргізуші өз бағыты бойынша жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті екенін де еске салды. Ал жаяу жүргінші жолға шықпас бұрын бәрі қауіпсіз екеніне көз жеткізуі қажет.

Дегенмен көлік рұқсат етілген жерде тұрса да, жүргізуші жолда мұқият болуы керек.

Жақын жерде жол қиылысы болса, қандай ереже қолданылады?

Жаяу жүргіншілер өткелінен өткеннен кейін де көлікті кез келген жерге қоя беруге болмайды. Өйткені жол қиылыстарына қатысты бөлек шектеу бар.

Сарапшының айтуынша, жаяу жүргіншілер өткелі қай жерде орналасқанына қарамастан, қиылысатын жолдың жүріс бөлігі шетінен 30 метрге жетпейтін жерде тоқтауға тыйым салынады. Бұл талап жол қиылысының алдына да, одан кейінгі бөлігіне де қатысты.

Сондықтан жаяу жүргіншілер өткелі жол қиылысына жақын орналасса, жүргізуші екі шектеуді де ескеруі керек.

Көлікті дұрыс қоймағаны үшін қандай айыппұл салынады?

Көлікті тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Айыппұл мөлшері - 5 АЕК, 2026 жылы бұл - 21 625 теңге.

Маңыздысы, айыппұл көлікті тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзған жағдайда ғана салынады. Жүргізуші көлігін жаяу жүргіншілер өткелінен кейін бірден қойып, жол қозғалысы ережелерінің басқа талаптарын бұзбаса, өткелге жақын тұрғаны үшін айыппұл салынбауы керек.

Бұған дейінгі материалдарымызда жол қозғалысы ережелеріне қатысты дау тудыратын жағдайларды талдаған едік:

Патрульдік көлікті қос тұтас сызық арқылы айналып өтуге бола ма? Талдаймыз

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары