Басқа адам үшін автонесие алдыңыз көлікті сатуға бола ма?
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Автокөлік несиеге бір адамның атына рәсімделген, бірақ іс жүзінде оны басқа адам пайдаланып, несиесін төлеп жүр. Көлік кімнің атына тіркелсе, сол адам екінші тараптың келісімінсіз оны сата ала ма және төленген несие ақшасы не болмақ?
Бұл сұрақтарға Tengri Auto тілшісіне Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Абзал Қасымжанов жауап берді.
Автокөліктің иесі кім болып саналады?Мұндай жағдайда үш нәрсенің аражігін ажыратып алу маңызды:
несие бойынша қарыз алушы ретінде кім көрсетілген, автокөліктің меншік иесі кім және оны іс жүзінде кім пайдаланып жүр.Егер несие бір адамға рәсімделсе, банк алдында дәл сол адам қарыз алушы болып қала береді. Егер автокөлік оның атына сатып алынып, тіркелген болса, әдетте меншік иесі де сол адам болады.
"Басқа адамның көлікті пайдалануы және іс жүзінде несиенің ай сайынғы төлемдерін өтеуі оны өздігінен көлік иесі етпейді", - деп түсіндірді Абзал Қасымжанов.
Бұл ретте заңнама көлік құралының меншік иесі мен иеленушісін (владелец) бөлек қарастырады. Иеленуші тек меншік иесі ғана емес, сонымен қатар көлікті өзге де заңды негізде иеленген адам болуы мүмкін.
Несиесі толық өтелмеген көлікті сатуға бола ма?"Банкпен қарым-қатынас тұрғысынан алғанда, несие шартын жасасқан адам қарыз алушы болып қала береді. Егер көлік оның атына сатып алынып, тіркелсе және меншік құқығының нақты пайдаланушыға өтуін қарастыратын өзге келісімшарт болмаса, әдетте дәл сол адам көліктің меншік иесі болады", - дейді адвокат.
Бұл жерде бәрі автокөліктің банкте кепілде тұрған-тұрмағанына байланысты.
Автонесиелеу кезінде көлік әдетте несиені қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланылады. Егер көлік кепілде болса, меншік иесі оны ауыртпалығы жоқ көлік сияқты еркін басқара алмайды.
Жалпы ереже бойынша, кепілге қойылған мүлікті иеліктен шығару үшін банктің келісімі қажет. Сондықтан көлік кепілде тұрғанда, оны тек қарыз алушының атына тіркелгеніне сүйеніп қана сата салуға болмайды.
Банктің келісімі қажет пе?"Іс жүзінде алдымен несие шартын, кепіл шартын және қолданыстағы ауыртпалықтар туралы мәліметтерді зерттеу қажет", - деп атап өтті адвокат.
Егер автокөлік банкте кепілде тұрса, жалпы ереже бойынша кепіл ұстаушының келісімі міндетті.
Тәжірибеде түрлі нұсқалар болуы мүмкін. Мысалы, қарыз алушы несиені мерзімінен бұрын өтеп, кепілді алып тастай алады немесе көлікті банк мақұлдаған рәсім бойынша сата алады.
Бұл ретте несие мен меншік құқығын бөлек қарастыру маңызды. Тіпті банк көлікті сатуға келісім берген күннің өзінде, несие бойынша қалған берешек мәселесін бәрібір бөлек реттеу қажет болады.
Егер екінші адам сатуға қарсы болса не істеу керек?Мынадай жағдайды елестетейік: көлік бір адамның атына рәсімделген, бірақ бірнеше жыл бойы несиені басқа адам төлеген. Енді меншік иесі көлікті сатуды ұйғарды, ал іс жүзіндегі пайдаланушы бұған қарсы.
Егер тараптар арасында көлікті меншікке беру туралы бөлек келісім болмаса, тек көлікті пайдалану және несиені төлеу фактісі меншік иесіне өз мүлкін билеуге тыйым салу үшін әдетте жеткіліксіз.
Бірақ тараптар алдын ала келіскен болса, жағдай өзгеруі мүмкін. Мысалы, бір адам көлік пен несиені өз атына рәсімдейді, ал екіншісі несиені толық өтейді, содан кейін көлік соның иелігіне өтуі тиіс деп уағдаласса.
Мұндай жағдайда тараптар арасында азаматтық дау туындауы мүмкін.
"Сот тек көліктің тіркелуін ғана емес, сонымен бірге тараптар арасындағы қарым-қатынастың дәлелдерін: шарттарды, қолхаттарды, банктік аударымдарды, мессенджерлердегі хат алмасуларды, төлемнің мақсаты туралы хабарламаларды және басқа да айғақтарды зерттейді", - деді Қасымжанов.
Сондықтан "Көлік менің атымда, демек екінші адамның ешқандай құқығы жоқ" деген тұжырым әрдайым дұрыс бола бермейді.
Несие төлеген адам көлікті немесе ақшаны талап ете ала ма?Автокөлікті іс жүзінде пайдаланушы сотқа жүгіне алады. Алайда оның дәл көлікті талап ете алуы тиісті уағдаластықтың болғанын дәлелдей алуына байланысты болады.
Адамның бірнеше жыл бойы біреудің несиесін төлегені оны автоматты түрде көлік иесі етпейді.
Сонымен қатар жағдайға байланысты ол төленген ақшаны қайтару туралы мәселе көтере алады. Мысалы, егер ақшаны көлікті кейіннен өзіне беру туралы келісім аясында аударғанын, ал меншік иесі кейін көлікті сатып, ақшаны өзіне қалдырғанын дәлелдей алса.
Мұндай жағдайда сот төлемдердің нақты не үшін жасалғанын анықтауы тиіс. Бұл басқа адам үшін автокөлік сатып алу туралы келісім, қарыз, қайтарымсыз көмек немесе жай ғана көлікті пайдаланғаны үшін төлем болуы мүмкін.
Басқа біреу үшін несие рәсімдеген адамның қандай тәуекелдері бар?"Барлық төлем автоматты түрде қайтарылуы тиіс деп санауға болмайды. Сот тараптар арасындағы уағдаластықтың мазмұнын және жасалған төлемдердің мақсатын анықтауы қажет", - деп түсіндірді адвокат.
Қарыз алушы үшін басты қауіп - банк алдында тікелей өзінің жауап беретіндігінде.
Егер автокөлікті іс жүзінде пайдаланып жүрген адам төлеуді тоқтатса, банк талапты несие шартында көрсетілген қарыз алушыға қояды. Бұл ретте таныстар немесе туыстар арасындағы несиені басқа адам төлейді деген ауызша келісім банктің алдындағы қарыз алушыны өзгертпейді.
Нәтижесінде, бір адам көлікті бірнеше жыл бойы пайдаланып, ал берешек, төлем мерзімін өткізіп алу және несиелік міндеттемелерді бұзудың салдары екінші адамның мойнында қалатын жағдай туындауы мүмкін.
Көлікті іс жүзінде пайдаланушы үшін де қауіптер бар. Ол автокөлікке қомақты қаражат салуы мүмкін, бірақ құжаттарсыз шиеленіс туындаған жағдайда көлікке деген құқығын дәлелдеу немесе ақшасын қайтаруды талап ету оған қиынға соғады.
Сондықтан, егер адам бәрібір басқа біреу үшін автонесие рәсімдеуге бел байласа, тараптарға уағдаластықтарды алдын ала жазбаша бекітіп алған жөн: көлікті кім пайдаланады, несиені кім төлейді, төлем кезінде көлік кімнің меншігінде болады, ол қашан және қандай жағдайларда қайта ресімделуі тиіс және төлемдер тоқтаған немесе көлік сатылған жағдайда не болатыны көрсетілуі керек.
Ал егер автокөлік кепілде болса, тараптар арасындағы келісімдер банктің кепіл ұстаушы ретіндегі құқықтарын да ескеруі тиіс.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда несиеге алынған көлік: заңда қандай рұқсат, банкте қандай тыйым бар?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 17:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















