Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Автонесие мен лизинг: Көлікті қалай алған тиімді

Автонесие мен лизинг: Көлікті қалай алған тиімді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Лизинг — ұзақ мерзімге автокөлікті, жабдықты немесе техниканы жалға беру түрі. Лизинг компаниясы белгілі бір мүлікті сатып алып, оны адамдарға өзара келіскен мерзімге пайдалануға береді. Жалға алушы сол мүлікті ай сайын немесе келісім бойынша төлемдер жасап пайдалана алады.

Мерзім аяқталған соң үш түрлі таңдау беріледі:

1.Мүлікті толық сатып алу – барлық төлемдер жасалғаннан кейін көлік меншігіңізге өтеді.

2.Мүлікті қайтару – мерзім біткен соң көлікті лизинг компаниясына қайтарасыз.

3.Жаңа мүлікке ауыстыру – ескі көлікті қайтарып, жаңасын лизинг арқылы аласыз.

Қарапайым тілмен айтқанда, лизинг – бұл жалға алу мен сатып алудың аралас түрі.

Ол автонесиеге ұқсас, бірақ шарттары икемдірек және кейде бастапқы жарнасы аз болуы мүмкін.

Экономист әрі автосарапшы Бауыржан Ысқақ лизингінің несиеден айырмашылығын, не себепті мемлекет автокөлік сатып алуды қолдауды жалғастырып отырғанын және көлік алуға шешім қабылдаған қазақстандықтарды қандай жасырын тәуекелдер күтіп тұрғанын айтып берді.

Сарапшының айтуынша, қаржылық лизингінің басты артықшылығы – ай сайынғы төлемдердің төмен болуында. Бұл қарашаның қалтасына салмақ салмайды. Әрі жеке тұлғалар үшін өте тиімді.

Фото: Бауыржан Ысқақовтың жеке мұрағатынан

– Автокредит кезінде төлем көліктің толық құнына есептеледі, ал лизингіде оның амортизациясы ескеріледі. Бұл көлік құны, пайыздық мөлшерлемесі және келісімшарт мерзімі бірдей бола тұра, ай сайынғы төлемді 15–30% төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда, лизинг арқылы көлікті иеленудің жалпы құны қосымша комиссиялар мен келісімшарт талаптарына байланысты 5–10% жоғары болуы мүмкін. Ұзақ мерзімде бұл айырмашылық айтарлықтай байқалмайды, – дейді Бауыржан Ысқақ.

Иә, лизинг несиеге қарағанда тиімді. Соның арқасында дәстүрлі несиеге қарағанда жоғары санаттағы көліктерді де алу мүмкіндігі артады.

Айта кету керек, мемлекет жеңілдетілген автонесие бағдарламаларын субсидиялауды және лизинг тетіктерін дамытуға білек сыбана кірісті. Бауыржан Ысқақтың сөзінше бұл шаралар экономиканың қарыштап дамуына серпін береді. Әрі, стратегиялық маңызы зор.

– Жеңілдетілген автонесие мен лизинг автокөліктерге деген сұранысты арттырады, бұл өз кезегінде отандық автокөлік өнеркәсібін тікелей қолдайды. Бұл жұмыс орындарының көбеюіне, салық түсімдерінің артуына және жалпы ішкі өнімнің өсуіне ықпал етеді. Бағдарламалар қазақстандық өндірушілермен бірлесе жүзеге асырылады, бұл олардың экономикалық әсерін күшейтеді, – деді сарапшы.

Фото: Ақорда

Лизинг «пайызсыз» деген рас па?

Лизинг бағдарламалары жарнамасында көбіне «нөлдік пайыздық мөлшерлеме» ерекше аталып көрсетіледі. Алайда Бауыржан Ысқақов мұндай ұсыныстарға сақ қарауға кеңес береді.

– Пайызсыз лизинг – бұл, әдетте, маркетингінің айласы. Нақты қаржылық жүктеме қосымша комиссияларда, міндетті сақтандыруларда немесе көлік модельдері мен келісімшарт мерзімдеріне қойылатын шектеулерде жасырын болуы мүмкін. Мен жеке тұлғаларға арналған шынымен нөл пайыздық мөлшерлемелі лизинг бағдарламасын әзірге кездестірмедім, – деп атап өтті экономист.

Сондықтан сарапшы келісімшартты мұқият зерделеуді, жасырын төлемдерге, рәсімдеу, қызмет көрсету немесе мерзімінен бұрын өтеу комиссияларына ерекше назар аударуды ұсынады. Сондай-ақ, лизингіде көбінесе көлікті толық төлем аяқталғаннан кейін ғана меншікке өтетінін ескеру қажет.

Маман көлік сатып алу туралы шешім жеке қажеттіліктер мен қаржылық мүмкіндіктерге негізделуі керектігін де айтады.

– Егер көлік жұмысқа, мысалы, такси немесе жеткізу қызметі үшін қажет болса, бұл инвестиция болып есептеледі және лизинг немесе несие өзін ақтайды. Жеке пайдалану үшін ай сайынғы төлемдердің ыңғайлы қаржылық шектен аспайтынын есептеп алу маңызды нәрсе, – деп кеңес береді Бауыржан Ысқақ.

Экономист, сондай-ақ, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанда автокөлік сатып алатын қарыз алушыларға қарыз жүктемесі коэффициенттері қолданылмайтынын атап өтті. Бұл қаржыландыруға қолжетімділікті арттырады, бірақ ай сайынғы төлемі ауыр несие алып қою қаупін күшейтеді. Ысқақов қазақстандықтарды болашақта қаржылық қиындықтарға ұшырамау үшін несие сомасына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ірі қалаларда каршеринг немесе қоғамдық көлік сияқты қатынаудың балама нұсқалары ыңғайлы болуы мүмкін, бірақ инфрақұрылымы кенже дамыған өңірлерде жеке көлігің болғаны әлдеқайда ыңғайлы.

– Каршеринг аз уақытқа пайдалануға қолайлы, бірақ егер сіз үнемі ұзақ қашықтыққа қатынайтын болсаңыз немесе қоғамдық көлігі шектеулі өңірде тұрсаңыз, жеке көлік сөзсіз керек, – дейді ол.

Фото: Миллий статистика қўмитаси

Қазақстандағы лизинг әлеуеті

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жеке тұлғаларға арналған жеңілдетілген автонесие және лизинг бағдарламалары 2026 жылы да дамуын жалғастыра береді.

Қазақстандық автөндірушілер екінші деңгейлі банктер мен лизинг компанияларымен бірлесіп жаңа қаржылық құралдарды белсенді енгізіп, автокөлік сатып алуды қолжетімді етуге ұмтылуда.

Ел тұрғындарының автонесиенің орнына лизингіні қолдануға бейімдігі байқалады, бірақ барлығы бірдей көлік алудың осы тәсіліне көшеді деуге ерте.

– Халыққа арналған лизинг енді ғана енгізіліп жатыр. Бұл Президенттің тапсырмасы. Қазіргі уақытта оның нарықтағы үлесі шамамен 5–10% деп бағаланады. Бұған дейін лизинг негізінен бизнесте қолданылған: мәмілелердің шамамен 30%-ы корпоративтік секторға тиесілі болды, әсіресе жеңіл көліктер саласында, – деді сарапшы өз сөзінде.

Бауыржан Ысқақтың пікірінше, лизингінің әлеуеті жоғары. Әсіресе икемді шарттарды іздеп, түрлі қауіп-қатерден қаймығатын азаматтар үшін тиімді. Дегенмен, қаржылық сауаттылықтың маңызды екенін естен шығармау керек.

– Біздің деректерімізге сәйкес, қазақстандықтардың 57%-ы, әсіресе 25–34 жас аралығындағы жастар, егер шарттар жеңілдетілсе, автокөлік сатып алудың тәсілі ретінде лизинг немесе несиені қарастыруға дайын. Сенімділікке қатысты кредиттік келісімшарттарды (қарыз ауыртпалығы коэеффициенті) 2026 жылға дейін жою бастамасының өз рөлі бар – бұл бюрократияны азайтып, жаңа қаржылық құралдарға деген сенімділікті арттырады, – деп атап өтті Бауыржан Ысқақ.

Маркетинг пен 2024 жылы сәтті жүзеге асқан бөліп төлеу тәжірибелері де лизингіге деген қызығушылықты арттырады. Бауыржан Ысқақтың болжамынша, 2026 жылға дейін лизингінің нарықтағы үлесі 15–20%-ға дейін өсуі мүмкін. Дегенмен, бұл көрсеткіштің тез өсуімен қатар белгілі бір тәуекелдер де ілесе жүруі мүмкін екенін ескертті.

– Қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары мен келісімшарт шарттарының ашық болуы маңызды. Егер жасырын комиссиялар немесе түсініксіз схемалар пайда болса, лизингіге деген сенім тез жоғалады. Қазақстандықтар бұған дейін банк секторында осындай жағдайларға тап болған, сондықтан осы қателіктерді қайталамау керекпіз, – деп баса айтты экономист.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Қазақстанда 149 мың көлік құрастырылады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:234
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 13:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары