Қызылордада аттракционда жарақат алған 18 жастағы жігіттің аяғына ампутация жасалды
Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: istockphoto.com
Облыстық көпбейінді аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, 2007 жылы туған науқас жедел жәрдем қызметімен ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген.
«2007 жылы туған, 18 жастағы науқас жедел жәрдем бригадасымен өте ауыр жағдайда жеткізілді. Науқас шұғыл түрде операцияға алынды. Жүргізілген ота барысында сол аяғына санның жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейінде, ал оң аяғына тобық буыны деңгейінде ампутация жасалды», деді аурухананың бас дәрігері Жасұлан Баймаханов.
Дәрігердің айтуынша, ауыр жарақат салдарынан науқастың жағдайы әлі де өте ауыр және тұрақсыз күйде қалып отыр.
Оқиға 15 маусым күні болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода аттракцион жас жігіттің аяғын қысып қалғаны көрінеді.
Желі қолданушылары зардап шеккен азаматқа шұғыл түрде қан қажет екенін де хабарлаған.
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 22:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















