Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Үш буын: кешеден келешекке

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

Жеке деректерді таратқандарға жаза күшейеді

Жеке деректерді таратқандарға жаза күшейеді

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жеке деректерді таратқандарға жаза күшейеді. Енді цифрлық қауіпсіздік ережелерін бұзғандар 18 млн теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін.

Тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да ықтимал. Жазаны күшейтуді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұсынды. Қазір елдегі сандық қауіпсіздік деңгейі қандай?

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан топ әшкереленді. Оқиға былтырғы жылдың маусым айында болған. Күдіктілер ақпараттарды мемлекеттік базалардан заңсыз алып, телеграм арқылы таратқан екен. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп, 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелерін ұстады. Тінту барысында 400-ден астам электрондық техника тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ бұл жуырдағы бір ғана оқиға. Оның алдыңғы кезеңдер, атап айтқанда 2019 жылы 11 млн тұрғынның жеке дерегі тарап кеткені көпшіліктің әлі есінде. Кейін шетелдік телеграмм-ботқа ел азаматтарының жеке сәйкестендіру номері тараған еді.

Жақып Асанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Көше қылмысы соңғы 10 жылда төмендегенімен, өзге қылмыстар цифрлық кеңістікке көшкен. Мысалы, жуырда Ақмола облысында 25 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар 348 азаматтың жеке деректерін ұрлап, аттарынан 4 млрд теңгеге жуық несие рәсімдеген. Сөйтіп осыншама жәбірленуші банкке бармай, құжаттарға қол қоймай, ойламаған жерде тұзаққа түсті.

Мемлекеттік органдардың атын жамылып хабарласатын алаяқтар да көбейген. Олар адамдарды психологиялық әдіспен бағындырып, мәліметтерін алып алады. Бірақ енді азаматтар цифрлық ортада өздерінің дербес деректерін жоюға, жасыруға және өзгелердің қолдануына шектеу қоюға құқылы. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева осылай дейді. Ол жыл басында Президент Цифрлық кодекске қол қойғанын айтып, ондағы қауіпсіздік тетіктері кеңінен қамтылғанын мәлімдеді. 7 бөлімнен тұратын құжатта сандық жүйедегі әлеуметтік жауапкершілікті күшейту мәселесі де бар.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Цифрлық ортада жеке деректер қауіпсіздігін арттыру үшін Кодексте цифрлық аутентификация, бірыңғай байланыс арнасы арқылы хабарламалар жіберу және смарт-келісімшарттар енгізілген. Смарт-келісімшарттардың заманауи технологиялық құралдарын қолдану жеке тұлғалар мен бизнес иелері үшін заңдық қызметтердің жеделдігін арттырады.

Дегенмен қандай да бір шара тұрғындардың жеке мағлұматын сақтап отырған мекемелердің қауіпсіздігі мен хакерлерге тосқауыл қоюда әлсіз болып отыр. Сондықтан деректерді тарататындарға қылмыстық жауапкершілікті қарастыру керек. Мұны өткен аптадағы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты. Ол цифрлық қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға айыппұл көлемін 5 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 18 миллион теңгеге жеткізуді ұсынды.

Ростислав Коняшкин, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:

- Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын жүзеге асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек, дербес деректер жаппай тарап кетпеуі қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз.

Бүгінде Киберқылмыспен күрес жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымының конвенциясы бар. Ол трансшекаралық цифрлық қылмыстарды тоқтатуға мүміндік беріп отыр. Оның аясында былтыр Беларусьте басқа елдердің, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қарсы жұмыс істеген 55 адам жауапқа тартылды.

Авторы: Альмира Оразбай

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 16:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see143

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see143

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see142

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see141

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see139

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see136

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see136

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see135

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see135

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see134

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see133

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see132

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see131

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see128

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see127

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see127

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see126

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see121

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see118

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары