Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жекешелендіру жеңіске жетелей ме?

Жекешелендіру жеңіске жетелей ме?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ізін ала еліміздің әр өңіріндегі футбол клубтарын кәсіпкерлер сатып ала бастады. Бұл игі бастамаға алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы да үн қосты. Енді команда құрамы бюджет қаржысына телмірмей, өз алдына табыс тауып, өңір спортын дамытады деген үміт бар.

Кейінгі жылдары түрлі қиындықтан көз ашпай қойған жергілікті клубтың келешегіне жанкүйерлер алаңдап жүргенін білетін едік. Әсіресе, өткен маусымнан бастап легионерден түбегейлі бас тартқан сырбойылық клубты жекешелендіру жайы сөз болғалы халық арасында түрлі пікір қалыптасты. 

Жуырда ғана жергілікті кәсіпкер, Tau Group ЖШС құрылтайшысы Исламғали Қозбақов қызылордалық футбол клубын иелігіне алып, қожайыны болып бекітілгені көпке жария болды. Қазақ футболының келешегіне жаңаша серпін береді деп күтілген бұл үдеріске алғаш болып үн қосқан сырбойылық клубтың жаңа иесіне артылған сенім зор. Жанкүйерлер талай жыл түрлі кедергіге тап болған аяқдоп­шылардың алдағы маусымда мүмкіндігі артып, жеңісті жорығы аз болмайтынына сеніммен қарап отыр. Жекенің қолына өткен жергілікті клубтың мүмкіндігі бұрынғыдан да арта түсетініне күдіктен гөрі үміт басым. 

Кейінгі кездері ел арасында клубқа қатысты түрлі пікір желдей есіп тұр. Көпшілікті жекешелендіру сатысынан өткен жергілікті клубтың алдағы жоспары қызықтыратыны байқалады. Соған орай жаңа маусымды жаңаша серпінмен бастауды басты мақсат етіп қойған қайсарлықтардың алдағы жоспарлы жұмыстарын өздерінен сұрап көрдік.  

Клубтың баспасөз қызметі хабарлаған­дай, жекешелендірілген жергілікті клубтың алдағы жоспары ауқымды көрінеді. Ең бастысы, клубтың ішкі жұмысын жүйеге келтіріп, заманауи талапқа сай кәсіби менеджментті енгізу жоспарда тұрғанын мәлімдеді. Алдымен команда құрамын күшейтіп, жаттығу процесін халықаралық стандарттарға сәйкес бейімдеу көзделіп отырғанын алға тартады. Бұл тұрғыда ойыншылар құрамының кәсіби деңгейі де назардан тыс емес. 

Ойыншылар құрамы демекші, өткен маусымнан бастап қазақстандық аяқдоп­шылармен жасақталған жергілікті команда жанкүйерлер сенімін ақтады деп айтуға толық негіз бар. Легионерсіз жоғары ойын өрнегін көрсеткен клуб премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Ендігі кезекте көптің көкейінде «клуб құрамына кәсіби легионер­лер тарту жоспарланған ба?» деген сұрақтың тұрғаны жасырын емес. Бұл клуб басшы­лығының назарында екені байқалады. Соның ішінде сырбойылық команда ойын­шыларының біліктілігін көтеру мақ­са­тында алдағы уақытта шетелдік кәсіби аяқдопшыларды тарту жоспары қарас­тырылып жатқанын клубтың баспасөз қызметі растады. Жергілікті клубқа шебер шетелдіктер келуіне жанкүйерлер қарсы емес секілді.

«Жалпы, клубтың жаңа басшылығынан көптеген жаңашылдық күтеміз. Бұл тұрғыда клуб маркетингін жетілдіру қажет тәрізді. Оның ішінде ойын алдында және ойын барысында жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасауға баса мән берілсе дейміз. Нақтысын айтқанда, келер маусым қарсаңында клубтың жаңа басшысы презентация ұйымдастырып, жанкүйерлермен бірлесіп түрлі іс-шара, акция өткізілсе деген тілегіміз бар. Сол сияқты жанкүйерлермен тұрақты байланыс орнатып, жаңашыл бастамаларды бірлесе атқаруға жол ашылса, нұр үстіне нұр. Жалпы, «Қайсар» клубының келешегінен күтер үмітіміз зор. Жекенің қолына өткен клуб жайында көптеген жаңалықты естіп жатырмыз. Жаңа кәсіби бапкер келгенінен де хабардармыз. Ең бастысы, білікті,  кәсіби ойыншыларды тарту көзделіп отыр екен. Оның ішінде легионерлерді тарту жоспары айтылып жүр. Командаға кәсіби ойыншыларды тарту жоспары тиімді жүргізілсе, алдағы маусымда үздік алтылықтың қатарынан көрінуге мүмкіндік болады деп ойлаймын», – дейді клуб жанкүйері Эрик Теңізбаев.

Негізінен, жекенің қолына өткен сырбойылық клубтың алдағы жоспары ауқымдылығымен көз қуантады. Жаңа басшылық «Қайсар» клубының өзіне тән ойын философиясын қалыптастырып, еліміз ғана емес, халықаралық аренада танымалдыққа ие клубқа айналдыруды жоспарлап отыр. 

Сол мақсатта өңірден жеке балалар футбол академиясын ашу көзделген. Оған клуб басшысы тарапынан 12 млрд теңге көлемінде қаржы құю жоспарланыпты. Академия 2027 жылы пайдалануға беріліп, болашақ балғын аяқдопшылар игілігіне қызмет етеді деп күтілуде. Осы арқылы еліміздегі U21 және жастар құрамаларына талантты ойыншыларды дайындап беруге ниетті.   

«Жалпы, футбол академиясын құру бастамасына келер болсам, бұған дейінгі футбол федерациясы басшылығы тарапынан мұндай жоспарлар болды. Бұл көпшіліктің қолдауына ие. Бұл жолы академия құрып, өзіміздің қарадомалақтарға доп тебудің қыр-сырын үйретіп жатса неге қолдамаймыз.  Ең бастысы, бұған дейін айтылғандай, бәрі сөз күйінде қалмаса екен. «Қайрат» футбол клубының жолын жалғап, клубта өзінің базасы, жаттығу алаңы қалыптасып, талантты балғындар машықтанып жүрсе, қуанамыз. Нақты жұмыстар жүргізілсе, нәтижесін 3-5 жылда көреміз деп сеніммен айта аламын. Сондықтан да академия сәтті құрылып, игілігін ел көрсе, құба-құп», – деп толықтырды клуб жанкүйері. 

Өз кезегінде клубты жеке басқаруға алған жаңа басшылық тарапынан  команда құрамын кезең-кезеңімен күшейтіп, әрбір ойыншының даму жоспарын айқындау басты назарда тұрғаны жария болды. Клубты кәсіби деңгейде басқара алатын тәжірибелі бапкерлер мен менеджерлерді шақыру жайы назардан тыс емес. Осы арқылы клубтың басқару жүйесін жетілдіріп, скаутинг, маркетинг және медиа жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейді. 

Негізінен, клуб жұмысын жүйелендіру ісін қолға алған Исламғали Айтуарұлының Tau Group компаниясы өңірде биыл ғана пайдалануға берілген Kaysar Arena стадионының құрылысын салуға отандық өндіруші ретінде қатысқанын да айта кеткен абзал. Сондықтан қазақ футболын дамытып қана қоймай, жас ойыншылардың болашағына зор мүмкіндік ашуды көздеп отырған жаңа басшылықтың алдағы жоспары орындала қоя ма? Оны уақыт көрсете жатар. Тек жанкүйерлердің сеніміне селкеу түспесе болғаны...

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 04:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары