Желтоқсанда Астанадан Бангкокқа тікелей рейс іске қосылады Көлік министрлігі
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Көлік министрлігі Астанадан Бангкокқа тікелей рейс ашылатынын хабарлады.
Ұшуларды 2026 жылдың 11 желтоқсанынан бастап "Air Astana" авиакомпаниясы орындайды.
"Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады. Осылайша, жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Таиландқа мынадай бағыттар бойынша рейстер орындалады:
Алматы – Пхукет, аптасына 7 рейс (Air Astana);
Алматы – Бангкок, аптасына 9 рейс (Air Astana – 6, Thai AirAsia X – 3);
Шымкент – Бангкок, аптасына 2 рейс (SCAT).
Екі мемлекеттің астаналары арасындағы жаңа әуе бағыты туристік және іскерлік сапарлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді, дейді министрлікте.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:142
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 12:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















