Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл тәуекелдің артында бірнеше жылға созылған қоғамдық сұраныс пен әдеби қауымның табанды талабы жатыр. Әсіресе, былтыр Жұматай Жақыпбаевтың мерейтойына арналған жиында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ақын есімін ұлықтау мәселесіне арнайы тоқталып, Талдықорған қаласынан көше беру жөніндегі ұсыныстың қолдау табатынын айтқан еді. Сол кезде өңір басшысының сөзі әдебиет жанашырларының үмітін оятқан болатын. Биыл сол уәде нақты іске айналып, жыр қағанының есімі облыс орталығының картасынан өз орнын тапты. Бұл – сөз бен істің қабысқанын, руханият мәселесіне қатысты берілген уәденің жерде қалмағанын көрсететін маңызды қадам.

«Жұматай Жақыпбаевтың жырлары – қазақ руханиятының асыл қазынасы. Оның есімін облыс орталығындағы көшеге беру арқылы біз ұлт әдебиетінің көрнекті өкіліне тағзым жасап қана қоймай, жас ұрпақтың санасында рухани құндылықтарды дәріптеуге жол ашып отырмыз. Бұл – елдің аманаты мен халықтың тілегінен туған шешім», деді Б.Исабаев.

Иә, Жұматай Жақыпбаев – Жетісудың ғана емес, күллі қазақ поэзиясының көркемдік көкжиегін кеңейткен сирек талант. Оның жырларындағы сыршылдық пен сұлулық, ұлттық рух пен адам жанының нәзік иірімдері бірнеше буын оқырманның жүрегіне жол тапты. Ақынның шығармашылық әлемі қазақ өлеңіне өзгеше өрнек, жаңа тыныс әкелді. Сондықтан оның есімі туған өлкесінің картасынан орын алуы заңды да тарихи шешім болды.

Кезінде Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың: «Жетісулықтар, жарты байлықтарыңды сатсаңдар да ақынға арнап көше беріңдер» деген жүрекжарды сөзі әдеби ортада аңыз болып қалған еді. Сол сөздің салмағы арада жылдар өтсе де жеңілдеген жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын оның мәні тереңдей түсті. Өйткені ұлттың рухани байлығы оның дарынды перзенттерін ардақтай білуімен өлшенеді.

«Ақын атындағы көше Талдықорған қаласына қарасты Береке қалашығында орналасқан. Арнайы аллея соғатын жер қалды. Болашақта ақынның ескерткішін болмаса бюстін орнатуға болады», дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ермек Ақшабаев

Оның айтуынша, Жұматай есімінің көше атауына айналуы – кейінгі ұрпаққа бағытталған үнсіз тәрбие. Күн сайын сол көшенің атауын көрген жас буын «Жақыпбаев кім еді?» деген сауал қояды. Сол сауал оларды ақынның жыр әлеміне жетелейді. Бір көшенің аты тұтас ұрпақты әдебиетке жақындататын рухани көпірге айналуы мүмкін. Сондықтан мұндай шешімнің мәні әкімшілік құжаттың шеңберінен әлдеқайда кең.

Шын мәнінде, ақын атындағы көше халық жадындағы әдеби картаның бір бөлігіне айналды. Өйткені көше атауы – күнделікті өмірдің ажырамас бөлшегі. Ал күн сайын айтылып, жазылып жүретін есім ешқашан ұмытылмайды. Бұл жаңалықты ұзақ жылдар бойы көтеріп келген қаламгерлер қауымы да қуанышпен қабылдады. Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының директоры, ақын Жангелді Немеребай кезінде Жұматай есімінің лайықты дәрежеде ұлықталмай жүргеніне қынжылысын білдірген еді. Бүгінде ол бұл шешімді руханият үшін маңызды жеңіс деп бағалайды.

«Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылығы – қазақ поэзиясының алтын қорындағы асыл мұра. Оның туған өлкесінде көше атының берілуі – көптен күткен әділеттің орнауы. Бұл тек әдеби қауымның ғана емес, жалпы жұртшылықтың қуанышы. Ендігі міндет – ақын мұрасын кеңінен насихаттап, жастардың оқып-тануына жағдай жасау. Жақыпбаев көшесі сол жолдағы маңызды белгі болады деп сенемін»,  дейді Ж.Немеребай.

Расында, ұлт руханияты көшелердің атауынан да көрінеді. Бір кезде өзге жұрттың тұлғаларына телінген атаулардың арасында қазақ әдебиетінің алыптарының есімі аз көрінетін. Бүгінде елдік сананың жаңғыруымен бірге тарихи әділет те қалпына келіп келеді. Жұматай Жақыпбаев атындағы көшенің пайда болуы – соның нақты дәлелі.

Жыр қағанының өзі бір өлеңінде:

«Бізге бақтың қолы бүгін жетер ме,

Мұқағали, Төлегенге жетпеген?» –

деп толғанған еді. Арада жылдар өткенде сол бақ ақынның туған өлкесіне де қонғандай. Оның есімі енді Талдықорғанның көшелерінде жаңғырып тұр.

Ең бастысы, бұл көше ақынның атын ұмыттырмайды. Керісінше, әр буынға қайта таныстырып отырады. Көше бойымен жүрген әр адам, әр оқушы, әр оқырман сол атаудың астарында тұтас бір поэзия әлемі жатқанын сезінеді. Сондықтан Жақыпбаев көшесі – жай ғана мекенжай емес, Жетісудың әдеби жадын сақтайтын рухани кеңістік. Ұлттың ұлы ақынына көрсетілген құрметтің көрнекті белгісі.

Ендігі кезекте Талдықорған қаласының әкімдігі ақын атындағы көшенің бойынан немесе маңынан шағын әдеби аллея ашу мәселесін қарастырса құба-құп болар еді. Ақынның қанатты сөздері мен өлең жолдары жазылған композициялар орнатылып, жастардың рухани тынығатын орнына айналса, бұл Жұматай мұрасын насихаттаудың тағы бір жарқын көрінісі болмақ.

Жетісу облысы  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Маусым 2026 23:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары