Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Жетісудың бал қымызы

Жетісудың бал қымызы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жетісудың бал қымызының дәмін татып көрдіңіз бе? Ұлттық дәстүр мен заманауи кәсіпкерліктің үйлесімінен туған өнім брендке айналды. Талдықорғандық ерлі-зайыпты Мадияр Түйебаев пен Әйгерім Шаландиева ата-бабамыз ерекше қадірлеген сусынның жаңа түрін ойлап тапты. Осылайша, жетісулық бал қымыз өндірісі жолға қойылды. Бұл жоба – тек бизнес емес, ұлттық тағам мәдениетін жаңғыртуға бағытталған саналы қадам.

Суреттерді түсірген – Жұмабай Мұсабек

Кәсіпорын әзірге жергілікті шикізатқа сүйеніп жұмыс істейді. Қазіргі өндіріс көлемі тәулігіне 600 литрге жетсе, технологиялық мүмкіндігі бұдан әлдеқайда жоғары. Алда сұраныс артқан жағдайда 3 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінде өндірісті кеңейтіп, өнімді Қытай мен Өзбекстан нарығына экспорттау көзделіп отыр. Алматы қаласынан көптеген сауда дүкендері сатып алып жатыр. Ерекше дәмге ынтасы ауған дубайлық кәсіпкерлер де бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Жетісуда өндірілген ұлттық сусынның шекара асып, халықаралық деңгейде танылуына жол ашады деген сөз.

Кәсіпорынның құрылтайшысы Мадияр Түйебаевтың өмір жолы да бұл шаруаның кездейсоқ басталмағанын аңғартады. Ол 8 жыл бойы шетелде білім алып, халықаралық сауда мен экономика саласын меңгерген. Кейін еліміздің батыс өңірлерінің бірінде қаржылық сарапшы болып қызмет атқарған. Дәл сол жерде болашақ жұбайымен танысып, шаңырақ көтереді. Алайда уақыт өте келе туған жерге оралып, елге пайдасы тиетін іс бастауды мақсат етеді. Сөйтіп, Жетісуға келіп, бала кезден қызыққан тағам дайындау ісін кәсіпке айналдыруға бел буады.

«Бал қымыздың ерекшелігі – оның құра­мында. Өндірісте тек табиғи ингредиент­тер пайдаланылады. Сүттің негізгі бөлігі Текелі сүт зауытынан, сондай-ақ Талдықорғаннан алынады. Бұл сусын сиыр мен бие сүтінің үйлесімінен дайындалып, бал ашытқысы арқы­лы ашытылады. Құрамындағы пайдалы лакто­бактериялар ас қорыту жүйесіне оң әсер етіп, ағзаның иммунитетін күшейтуге ықпал етеді», дейді кәсіп иесі.

Оның айтуынша, шетелде жүріп, сарапшылық қызмет атқарған жылдары өңірге сырттан көп көлемде бал қымыз әкелінетінін байқайды. Ал Жетісу табиғатының байлығы, сан алуан шөп түрлері, жайылым сапасы – жергілікті сүттің дәмі мен құнарын арттыратын басты фактор. Осы артықшылықты пайдалана отырып, өз өңірінде табиғи, сапалы өнім өндіруді мақсат етеді. Жоба жұмыстары былтырғы мамырда басталып, қыркүйекте өндіріс іске қосылған. Кәсіпкер бұл іске өз қаражатынан шамамен 40 млн теңге инвестиция салған.

Кәсіпкердің жұбайы, эколог маман­дығын игерген Әйгерім Шаландиева қазір табиғи өнімдерге сұраныс артып келе жатқанын айтады. Жасанды қоспалары көп тағамдар көбейген заманда ұлттық, табиғи сусындарға бет бұру – денсаулыққа деген жауапкершіліктің белгісі. Кәсіпорында бал қымызбен қатар «Таң» сусыны, айран және реутери йогурты да өндіріледі. Ал болашақта тары қосылған шай шығару жоспары бар. Бұл да ұлттық тағам дәстүрін заманауи нарық талабымен ұштастырудың көрінісі.

Бүгінде өндіріс орнында 5 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер алдағы уақытта кәсіпорынды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді. Мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану арқылы жоспарларын жедел жүзеге асырмақ. Әзірге өнімдер тек Жетісу аумағында сатылып жатыр, алайда елдің басқа өңірлеріне шығу, экспортқа бет бұру бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр. Қытай тарапымен келіссөздер жүргізіліп, қажетті құжаттар дайындалып, көктемде бал қымыздың алғашқы легін жөнелту жоспарланып отыр.

«Кәдімгі қымыздан өзгешелеу жұмсақ дәмі бірден ұнады. Балдың жеңіл тәттілігі білініп тұрады, бірақ артық емес, табиғи үйлесім бар. Ішкен кезде асқазанға ауыр тимейді, керісінше жеңілдік сезіледі. Ас қорытуға да жақсы әсер еткендей. Бұрын дүкен сөрелеріндегі түрлі газды, тәтті сусындарды ала беретін едік, ал мұндай табиғи, ұлттық сусынның бар екені қуантады. Мүмкіндік болса, басқа өңірлерге де кеңінен таралса, талай адам ризашылығын білдірер еді», дейді тұтынушы Әсемкүл Жанатбайқызы.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде былтыр кәсіпкерлікті дамытуға 5,9 млрд теңге бағытталған. Соның нәтижесінде облыста 63 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артық. Осы тұрғыдан алғанда, бал қымыз өндірісі – тек бір отбасының кәсібі ғана емес, өңірдің экономикалық және мәдени дамуына қосылған үлес. Ұлттық сусынның қадірін арттырып, оны заманауи нарыққа бейімдеу арқылы Жетісудың дәмін шетелдерге танытуға жасалған игі қадам деуге толық негіз бар.

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Қысқы спорт • Бүгін, 09:06

Рухани дипломатияның маңызы арта түсті

Саясат • Бүгін, 09:00

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:58

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Қоғам • Бүгін, 08:55

Жалпыұлттық коалиция құрылды

Саясат • Бүгін, 08:53

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады

Саясат • Бүгін, 08:48

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Референдум • Бүгін, 08:43

Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?

Экология • Бүгін, 08:40

Референдум өткізу жоспары бекітілді

Референдум • Бүгін, 08:38

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

Digital • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see120

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see120

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see119

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see118

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see117

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see116

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see113

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see113

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see113

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see112

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see112

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see112

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see112

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see112

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see109

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see109

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see109

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары