Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жеткіліктілік шегін көтеру БЖЗҚ да өзгерістер туралы егжей тегжейлі айтылды

Жеткіліктілік шегін көтеру БЖЗҚ да өзгерістер туралы егжей тегжейлі айтылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Осы айда Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың ең төменгі жеткіліктілік шегі көтерілуі мүмкін. Қазақстандықтар тарапынан туындаған белсенді қызығушылық пен көптеген сауалдарға байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жоспарланған өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БЖЗҚ мәлімдегендей, ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаттарының бірі – болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру.

Өзгерістерге не себеп болды?

Қолданыстағы әдістемеге сәйкес, ТЖШ мөлшері жыл сайын бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, ең төменгі жалақы мөлшері мен инвестициялық кірістілік негізінде болашақ зейнетақы жарналарының болжамды көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде белгіленеді.

Бұл ретте қолданыстағы әдістеменің бірқатар осал тұстары бар:

ұзақ мерзімді макроэкономикалық болжамдарға тәуелділік, осының әсерінен жыл сайын ТЖШ мөлшері құбылмалы болады; салымшының болашақ зейнетақы жарналарын нақты төлеуіне кепілдіктердің болмауы; болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің аздығы.

"Қолданыстағы әдістеме бойынша, азамат зейнетақы жинақтарының ТЖШ-дан асатын бөлігін пайдаланған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды одан әрі қарай жалғастырады деп болжанған. Мұндай жағдайда болашақта шамамен қазіргі күнкөріс минимумы (КМ) деңгейін, яғни 50 мың теңгеге жуық төлем алуы мүмкін. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде тоқтауы мүмкін. Соның себебінен бүгінгі ТЖШ болашақ зейнетақы көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ете алмайды деген қауіп бар. Жарналар уақытылы аударылып, іс жүзіндегі ТЖШ мөлшерін қамтамасыз еткеннің өзінде 50 мың теңге көлеміндегі жинақтаушы зейнетақы бүгінгі медианды жалақының 15 пайызына да жетпейді", - делінген зейнетақы қорының хабарламасында.

Анықтама: Медианалық жалақы - бұл барлық жалақыларды екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш: қызметкерлердің 50 пайызы осы сомадан аз, ал қалған 50 пайызы көп жалақы алады.

Жаңа әдістеме не ұсынады?

ТЖШ анықтаудың ұсынылып отырған жаңа әдістемесі азаматтарды зейнетақы төлемдерінің жоғары әрі болжамды деңгейімен қамтамасыз етуге бағытталған.

"Жаңа тәсілге сәйкес ТЖШ-дан жоғары жинақтарды алғаннан кейін болашақ жинақтаушы зейнетақы мөлшері медианды жалақының кемінде 40 пайыз деңгейіне жуықтайды (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылғы IV тоқсанда оның мөлшері 339 912 теңге болды)", - деп хабарлады зейнетақы қорынан.

Бұл ретте, ұсынылған әдістемеде шекті деңгей мөлшері бұдан былай болашақ жарналарға және көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне тәуелді болмайды.

"ТЖШ шамалары ұлттық статистиканы ескере отырып, БҰҰ үнемі жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелерін қоса алғанда, ұзақ мерзімді факторлар негізінде айқындалатын болады. Тиісінше азаматтар болашақ зейнетақы мөлшерін болжай алады және ЭЫДҰ елдерінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңімен жақындайды. ТЖШ мөлшері қазіргідей салымшының жасына байланысты болады: азамат зейнеткерлік жасқа неғұрлым жақын болса, болашақ зейнетақыны қамтамасыз ету үшін ТЖШ деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек", - деп түсіндірді қор өкілдері.

ТЖШ анықтау үшін болашақ зейнетақы төлемінің ағымдағы құнын есептеудің классикалық формуласы пайдаланылады. Басқаша айтқанда, жаңа формула бойынша жинақтардың ең аз сомасы, яғни мақсатты мөлшерде зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) болуы тиіс ТЖШ шамасы айқындалады. Сонымен қатар болашақ төлемдерді есептеу инфляция мен инвестициялық кірістің әсерін ескереді, яғни болашақ төлемдердің мөлшері инфляцияны ескере отырып нақты мәнде өседі.

"Осылайша, ТЖШ-ны айқындаудың жаңа әдістемесі зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісін алмастыру коэффициентінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттырады. Бұдан басқа, мұндай әдістеме ТЖШ анықтау жүйесін зейнетақымен қамсыздандырудың халықаралық стандарттарына жақындатуға және зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігі қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - деп толықтырды зейнетақы қоры.

Халықаралық стандарттар мен әлемдік тәжірибе

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 102 Конвенциясына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі деңгейі кемінде 40 пайыз КАК болып табылады. Еуропалық Одақ елдерінде ең төменгі зейнетақы мөлшері орта есеппен ең төменгі жалақы мөлшерінің шамамен 60 пайызы болады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерінде ең төменгі жалақы мөлшері медианды жалақының шамамен 50 пайыз болады.

"Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елдерде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі дағдарысқа қарсы шара ретінде экономикалық күйзелістерге және халықты қолдау қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, оның ішінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде қатаң шектеулі мөлшерде қолданылған", - деп мәлімдеді зейнетақы қорынан.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары, ең алдымен, егде жастағы азаматтардың табысын қамтамасыз етуге арналғаны айтылды. Сондықтан зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнетақы қаражатын үнемі пайдалану жинақтау көлемінің күрт төмендеуіне және сәйкесінше болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада бұл егде жастағы зейнетақы табысының жеткіліксіздігі қаупін арттырады.

"Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақталуда, алайда алу үшін қолжетімді қаражат көлемін айқындау тәсілдері азаматтарды болашақта зейнетақы төлемдерінің жеткілікті және тұрақты деңгейде қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жетілдіріледі", - деп толықтырды БЖЗҚ.

Зейнетақы қоры Қазақстанда жаңа әдістеме бойынша ЖМШ есептеу нақты жағдайларға бейімделетінін және озық елдердің зейнетақымен қамсыздандыру тәжірибесіне жақындатуға бағытталатынын айтып қорытындылады. Жаңартылған әдістеме жинақтардың бір бөлігін алған жағдайда болашақ жинақтаушы зейнетақы нысаналы көрсеткіштерден төмен болмауы және азаматтарды зейнет жасында тұрақты табыспен қамтамасыз етуі үшін жеке зейнетақы шоттарында сақталуы тиіс зейнетақы жинақтарының ең төменгі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Мән-жайы

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегін есептеу тәсілін өзгерту көзделіп отырғаны туралы жазған болатынбыз. Ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, базалық төлем және күнкөріс деңгейі ескерілетін қолданыстағы әдістеменің орнына, адамның жасын, күтілетін төлемдерді, кірістілікті және демографиялық деректерді ескере отырып, өзекті тәсілге көшу ұсынылады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 15:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары