Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Жол ережесіне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

Жол ережесіне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Енді жүк көліктері елді мекен ішінде сағатына 50 шақырым жылдамдықтан артық қозғала алмайды, деп хабарлайды 24KZ. 23 қарашадан бастап елімізде жол ережелеріне кіріктірілген бірқатар өзгерістер күшіне енді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа ереже жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырып, жол-көлік оқиғалараның санын азайтуды көздейді. Елдегі жол  ережелеріне тағы қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?

Бұл Ақтөбе өңіріндегі «Самара – Шымкент» бағытында болған жантүршігерлік жол апаты. Жүк көлігі мен «Газель» автомобилінің қақтығысуынан 12 адам мерт болды, арасында кәмелетке толмаған екі бала бар. Бірер күн бұрын Батыс Қазақстан облысында да қайғылы жағдай болды. Чапай – Жаңақала – Сайқын автожолының 50 шақырымында болған апаттан 8 адам тіл тартпай кетті. Иә, бұл тек қазан мен қараша айының ақпары. Қыркүйектегі оқыс оқиғаларды қоссақ, опат болғандар саны 100-ден асып жығылады. Полиция дерегінше, биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31% өскен.

Биыл елде 13 мың шақырым автожол жөнделуге тиіс. Бірақ жол сапасы жақсарған сайын жолаушылардың қауіпсіздігі де өзекті мәселеге айналып барады. Яғни тақтайдай тегіс жолмен жүйткитіндер көп. Мәселен, жол-көлік оқиғасынан елде 2022 жылы 2425 адам, 23 жылы 2543 адам, 2024 жылы 2579 адам қаза болған. Ал биыл 10 айда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 1912 адам жан тапсырды, 40 мыңнан астамы жарақат алды. Елде жедел-профилактикалық іс-шаралар да тұрақты өткізіліп келеді. Бірақ жолдағы апат азаяр емес. Енді Ішкі істер министрлігі жүргіншілердің қаза болу қаупін азайту үшін жол ережелеріне өзгерістер енгізді.

Ақтоты Боранова, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Жылдамдықты төмендету жаяу жүргіншілердің қаза болу қаупін азайтуға бағытталған. БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жылдамдық 60–65 км/сағ болғанда жаяу жүргіншінің қаза болу ықтималдығы 50 км/сағ-пен салыстырғанда 4,5 есе жоғары. Көріну нашарлаған кезде (боран, тұман, қар, жаңбыр) жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында колонна жүрісі кезіндегі полиция қызметкерлері мен жол жүрісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланды.

Жаңа ережеде жүк көліктерінің жылдамдығы азайтылды. Сондай-ақ патрульдік көлік құралдары ілесіп жүретін колонналарға қатысты талаптар да жаңартылды. Мәселен, колонна ішінде маневр жасауға, басып озуға немесе өздігінен тоқтауға тыйым салынады. Тізбектегі көлік саны 10-нан асса, екі патрульдік автомен ілесіп алып жүру міндеттелді. Сондай-ақ М2 және М3 санатындағы барлық автобусқа жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдамаларда тоқтауға рұқсат етілді.

Ринат Баймолда, заңгер:

- 60-тан асыруға болмайды деген қағида қойып жатыр. Біз оған дұрыс жағынан қарауларыңызды сұраймыз. Өйткені соңғы кездері жол апатанынан көптеген адам қайтыс болып жатыр. Сондай-ақ дене жарақатын алып жатыр. Мемлекет шұғыл түрде осындай өзгерістерді енгізді.

Қазір елде жол апаттарының алдын алу іс-шаралар өткізіліп жатыр. Яғни полиция қызметкерлерінің саны артты. Жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ жөндеу жүргізіліп жатқан жол бөліктері де қатаң қадағаланады. 

Авторы: Әлішер Әли

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 17:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары